­ҚАЛАНЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ

­ҚАЛАНЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ

Қаланың инфрақұрылымын жаңғырту, оның ішінде жолдарды қалпына келтіру және оны күрделі жөндеуден өткізу аса өзекті мәселе екені даусыз. Облыс орталығы атанып, көз ілестірмес жылдамдықта дамып келе жатқан Түркістанда аталмыш мәселе ретімен шешілуде.
Өткен 2022 жылы жоспарланған Ә.Жангелдин, І.Қожабаев көшелерінің, Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жолдың және Қалаби көшелерінің құрылыстары бастау алды.
Құрылыс жұмыстары барысында жүріс бөлігі 4 жолақты жолға кеңейтіліп, жарықтандыру жүйесі, аяқжол, веложол, суағар науа, көпір құрылысын салу жұмыстары жүргізіледі. Оның жалпы ұзындығы 18,9 шақырымды құрайды. Нысандар 2023 жылға өтпелі.
Нысан іске асқан жағдайда, индустриалды аймақтан шығатын ауыр жүк көліктерінің және Балтакөл бағытынан келетін жүргізушілердің Шымкент тас жолына тікелей шығуына, қаланың ішкі көшелеріндегі көлік кептелісінің азаюына ықпалы тиетіні сөзсіз.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы жаяу жүргіншілерге арналған 2 көпірдің құрылысы бастау алды. Олар: Бекзат мөлтек ауданы, Теміржол вокзалы аумағына орнатылатын жаяу жүргіншілер көпірі мен Бекзат мөлтек ауданы, Түрік ауылының аумағына орнатылатын жаяу жүргіншілер көпірі.
Бұл бағытта көлік құрылымы, жол, тас төсеу, асфальт салу, жарықшамдар, аялдамалар орнату және қоғамдық көлік қызметін заманауи үлгіде қалыптастыру мәселесі – жауапты сала мамандарының әрдайым назарында.
Айта кетейік, соңғы жылдары қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму көрсеткіштерінің жоғарылауы – аталмыш саланың қызметін жетілдіруге, тұрғындардың сұранысына сай оңтайландыруға септігін тигізуде.
Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылған және де осы күнде қызу қайнап жатқан жұмыстарымыз жетерлік. Оларға нақты тоқталып өтсек, 2022 жылғы Түркістан қаласында жүргізілген жолдың құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 333,6 шақырым (39,5 %) құрағанын еске сала кетейік.
Ал 2023 жылдың қорытындысымен, орындалған орташа жөндеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес, алдағы уақытта 399,34 шақырым (47,2%) асфальт жолды, 445,6 шақырым (52,8%) тас жолды құрайтын болады.
Жол саласы бойынша 2022 жылы қала аумағындағы сарқынды су жүйесі жүргізілген, сонымен бірге, қоғамдық көліктер қатынайтын 46,4 шақырымды құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарға алынды.
Қазіргі уақытта, соның 24,1 шақырым құрайтын 23 көшесінде, тұрғындардың назарына ұсыну үшін жекелей айта кетер болсақ, Қызылкөл, Сарыжылға, М.Төлебаев, Әубәкір қары, Ы.Алтынсарин, Қазыбек би – А.Юсупов аралығындағы көше, Асан қайғы – Құрбан ата аралығындағы көше, Хақназар хан – Қазыбек би көшелері аралығы, Саққорған, Айтуар би (Алтынемел, Алаша байтақ жырау және Саққорған көшелер аралығы), Тартоғай, Алаша байтақ жырау, А.Ахметов, Бабай батыр, Хақназар хан, Құрбан ата, О.Тілепов, Әйтеке би, Қ.Әзербаев, Ж.Усманов, Еділ, Дулыға батыр – Құмтүйін тас жолы аралығындағы жол, Абақ батыр көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалған 17 көшеде орташа жөндеу жұмыстары 2023 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Сондай-ақ, 2023 жылы қала аумағындағы 34,3 шақырымды құрайтын 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көше тұрғындарын қуантқан болатын.
Жалпы 2023 жылы өтпелі нысанды қоса есептегенде, орташа жөндеу жұмыстары 65,74 шақырымды құрайтын 48 көшеде жүргізіліп, нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдар үлесі 47,2% құрағанын айтқымыз келеді.
2023 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің тарапынан қала аумағындағы топырақ жолдардың санын азайта отырып, тас төселген көшелердің саны мен сапасын арттыру мақсатында 89,6 шақырымды құрайтын 94 көшеге тас төсеу жұмыстары жоспарланғанын да айта кетейік. Сондай-ақ жоспарға сәйкес, қала аумағындағы 6 секторда ақпан айынан бастап тас төсеу жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда 84 шақырымды құрайтын 88 көшеде тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Мұнда да жалпы құрылыс жұмыстары толығымен ІІI тоқсанда аяқталады деп күтудеміз. Біздегі жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстардың жайы осындай. Алдағы уақытта да жоспарға алынған жұмыстар ретімен нәтижесін көрсететін болады деп ойлаймыз.
Бүгінде Түркістан қаласындағы көшелердің жағдайы және негізгі даңғылдарда орын алып жатқан көліктердің сыйымсыздығы айтарлықтай мәселеге айналып отыр. Осы жағдайға байланысты жергілікті биліктің бірқатар жобаларды қолға алып жатқанын да айта кетуіміз қажет.
Аталмыш бағытта тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында өткен жылы жылы Түркістан қаласында жүргізілген жолдың құрылысы мен орташа жөндеу жұмыстарының нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 333,6 шақырымды құраған болатын. Ал биылғы жылы атқарылып жатқан тірліктерді есепке алатын болсақ, орындалған орташа жөндеу жұмыстарға сәйкес, 399,34 шақырым асфальт жол, 445,6 шақырым тас жол халық игілігі үшін қолданысқа беріледі.
Бұдан басқа қала аумағындағы сарқынды су жүйесі жүргізілген сондай-ақ, қоғамдық көліктер қатынайтын 48,6 шақырымды құрайтын 42 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта соның 17,1 шақырымды құрайтын 18 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Осы жұмыстардың қатарында өткен жылы жалпы құны 19,2 миллиард теңгені құрайтын төрт нысанның құрылысы басталған еді. Қаржысының көлеміне қарай бұл жұмыстардың ауқымдылығын байқап отырған боларсыз. Олар, Ә.Жангелдин, І.Қожабаев көшелері, Қазыбек би мен О.Жарылқапов аралығындағы жол және Қалаби көшесі. Құрылыс жұмыстары барысында жүріс бөлігі 4 жолақты етіп кеңейтіліп, жарықтандыру жүйесі, аяқжол (тротуар), веложол, суағар науа, көпір құрылысын салу жұмыстары жүргізіледі. Көпір құрылысы «Бекзат» ықшам ауданының тұрғындары үшін қуанышты жаңалық болып отыр.
Батырдың есімімен аталған мөлтек ауданды қаладан темір жол бөліп жатқаны белгілі. Бұл маңдағы тұрғындардың саны жыл санап артып, аудан көлемі кеңейе түсті. О.Жандосов пен С.Ерубаев көшелерін біріктіретін, темір жол үстіне салынған көлік көпірі «бекзаттықтардың» қала орталығына апарар басты жолы. Енді шойын жолды кесіп өтер көпірдің қатары артады. Қалаби көшесі ұзартылып, жаңа қаламен ұштасады. Нақты айтатын болсақ, Б.Қалаби көшесін реконструкциялау (О.Жандосов пен Ж.Майкөтов көшелерінің аралығы) – 7 шақырым. Нысан іске асқан жағдайда, индустриалды аймақтан шығатын ауыр жүк көліктерінің және Балтакөл бағытынан келетін жүргізушілердің Шымкент тас жолына тікелей шығуына, қаланың ішкі көшелеріндегі көлік кептелісінің азаюына ықпал етеді.
Сонымен бірге, осы жылы 2 жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталуда. Бұл да «бекзаттықтарды» мазалаған мәселенің бірі еді.
Енді біз атап өткен жобалардың бірқатарын оқырманға түсінікті болуы үшін анықтамалық ретінде ұсынғанды жөн көріп отырмыз. Ә.Жангелдин көшесі – 3,8 шақырым. І.Қожабаев көшесі – 5,6 шақырым. Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жол – 2,5 шақырым. «Бекзат» ықшам ауданындағы тұрғындар арасында «түрік ауылы» аталып кеткен аумағына орнатылатын жаяу жүргіншілер көпірі бар.
2023 жылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандарға (мектеп, балабақша және т.б.) баратын және соларға қосалқы жатқан, жалпы 42 шақырымды 43 көшеге аяқжол құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда оның 16,7 шақырым құрайтын 22 көшесінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Қалған құрылыс жұмыстары толығымен ІІ-тоқсанда аяқталатын болады.
Сонымен қатар, қала аумағындағы топырақ жолдардың санын азайта отырып, тас төселген көшелердің санымен сапасын арттыру мақсатында қала аумағындағы 6 секторда ақпан айынан бастап тас төсеу жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда 56 шақырымды құрайтын 65 көшеде тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
2023 жылы орташа жөндеу жұмыстары 65,74 шақырымды құрайтын 48 көшеде жүргізіліп, нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдар үлесі 47,2 пайызды құрайды деп күтілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...