ШАХАРДЫҢ ДАМУЫ МЕН ӨРКЕНДЕУI КӨЗ АЛДЫМЫЗДА

ШАХАРДЫҢ ДАМУЫ МЕН ӨРКЕНДЕУI КӨЗ АЛДЫМЫЗДА

Соңғы 5 жыл ішінде Түркістанда үлкен өзгерістер орын алды. Мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп, түрленуіне бүкіл ел ат салысты. Аз ғана уақыт ішінде қаламыз көркейіп, елімізде теңдесі жоқ зәулім ғимараттар бой көтерді. Бүгінде спорт және мәдениет нысандары халық игілігіне қызмет етіп келеді. Жасанды көлдері, өз жағажайы бар. 626 гектарға жайғасқан 32 саябақ, 49 гүлзар мен демалыс аймақтары қала көркін ашып тұр. Қаламызға зиярат етіп келушілерден бөлек, жаңа қала келбетіне қызыққан туристердің саны да күн санап көбеюде.
Түркістанның аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халқы 165,4 мың адамнан 220 мыңға жетті. Қаладағы кешенді жоспарлар мемлекет басшысының «Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы» Жарлығына сәйкес іске асып келеді. Қазіргі тірліктер Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңінде көзделген жоспарға сай атқарылуда.
Облыс орталығы ретінде даму жолына түскен Түркістанның ендігі жоспарларын ең бірінш і- тұрғындардың өсімін ескере отырып жасауымыз қажет. Бүгінде шаһарымызда 61 мектеп бар. Үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу үшін 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 8 мектептің құрылысын жүргізуді көздеп отырмыз.
Көптің қажеттілігі өмір сүруге қолайлы орта қалыптастырумен астасатыны белгілі. Ол ең алдымен ауыз сумен, көгілдір отынмен, сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда Түркістанда 42 014 абоненттің 35 679-ы сапалы электр қуатымен қамтылған.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Былтырғыдан өтпелі 7 нысан-ның құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланды. Жалпы 2022 жылы 3 нысанның құрылысы басталып, жұмыстың 90 пайызы атқарылып үлгерді. Нәтижесінде 3897 абонент сапалы электр қуатына қол жеткізді. Биыл қала тұрғындарының 99 пайызын сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуді межелеп отырмыз.
Құбырлы таза ауыз суды тұрғындарымыздың 98,9 пайызы тұтынуда. 2023 жылы 4 нысанның құрылысын аяқтамақпыз. Сондай-ақ, биыл жаңадан қоныстанған аумақтарды ауызсу жүйесімен жүз пайыз қамтамасыз ету көзделуде.
Қалада газбен қамту жұмыстары да қарқын алған. Бұл ретте, 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін 52052 абонентке табиғи газ желісі қолжетімді болды. 6 секторда 42 014 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылды. Бүгінде көгілдір отынды 41 217 абонент немесе қала тұрғындардың 98,1 пайызы дербес шот ашып, пайдаланып отыр. Газ құбырына қосылмаған 797 абонент (1,9 %) бойынша ішкі монтаж жұмыстарын атқаратын мердігер мекемелермен бөліп төлеу бойынша ұсыныстар жолданды. Ал, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға табиғи газ желісіне қосылуға демеушілер ұйымдастыру бойынша жұмыстарды қолға алдық.
Түркістанда таяуда еліміз үшін маңызы зор Ұлттық құрылтай өтті. Бұл жиынның киелі шаһарда өтуі біз үшін үлкен мәртебе. Келелі жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен маңызды мәселелер талқыланды. Президент еңбек адамдарын дәріптеуге, еңбекті насихаттауға баса мән беріп отыр. Қазіргі таңда өңірімізде халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде. «Қамқорлық» жанұя орталығы – осы бағытта ашылған бірегей орын.
2023 жылдың І-тоқсанында Түркістанда әлеуметтік осал топ санатына жататын 2401 отбасына немесе 13618 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, қаржы төленді. Жанұя орталығы әсіресе осы санаттағы көпбалалы аналарды кәсіпке баулуға күш салатын болады. Сонымен қатар, мұнда әлеуметтік қолдауға зәру отбасылардың мұқтаждықтары тіркеліп, құқықтық-психологиялық кеңес беру жүзеге асырылады.Тегін курстар оқыту, кәсіп ашуда сүйемелдеу азаматтарымыз үшін таптырмас мүмкіндік екенін атап өткім келеді.
Бұл мекеме пилоттық жоба ретінде облыс орталығында ашылды. Ерекше қажеттілігі бар тұр-ғындарға әлеуметтік сүйемелдеу жұмысында қалалық «Ten Qogam» орталығының да қызметі зор. Жалпы Түркістанда ерекше қажеттілігі бар 11 018 тұрғын бар. Оның 5433-і қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі мемлекеттік көмек түрлеріне жүгінеді.
«Ten Qogam» орталығында күні-не 200-ден аса тұрғынға қызмет көрсетіледі.
Оларға орталық тарапынан әлеуметтік-психологиялық, медициналық, құқықтық көмектер қолжетімді. Аталған көмек түрлерін жыл басынан бергі көрсеткіш бойынша 929 азамат алған.
Сондай-ақ, мекеме тарапынан ерекше қажеттілігі бар 21 азамат жұмысқа орналасып, 56 тұрғын кәсіпкерлік курстарынан өткен.
Одан бөлек, орталық пен Халықаралық меймандостық университеті аралығында меморандум түзіліп, келісім арқылы азаматтар IT саласы бойынша сабақтар оқуда.
Бүгінгі таңда, Түркістан қала-сында 14 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Зейнет жасындағы қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін қалалық белсенді өмір сүру орталығы ашылды. Мекемеде зейнеткерлерге әлеуметтік-медициналық, психологиялық көмек көрсетіліп, бос уақытын пайдалы өткізудің кешенді қызметі ұйымдастырылған.
үркістанды туризм орталығына айналдыру міндеті – жұмысымыздың басты бағыт-тарының бірі. Облыс орталығының сәнімен сәулетін арттыру үшін соңғы жылдары көптеген жобалар жүзеге асқаны өздеріңізге белгілі. Әсіресе, түнгі жарықтандыруға баса мән беріліп келеді.
2022 жылы қаламызда 123,1 шақырым құрайтын 93 көшеге бағаналар орнатылып, жарық-шамдар іске қосылды. Нәтижесінде түнгі жарықпен қамтылған көше саны 485-ті құрады.
2023 жылы жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 86 пайыздан асыру жоспарланып, 134 көшеде құрылыс аяқталды. Жыл соңына дейін тағы 138 көшеде жарықшам орнату көзделген. Кезең-кезеңімен көп қабатты үйлердің қас беті де түнгі жарықпен әрленетін болады.
Қазіргі таңда қала аумағында 37,4% немесе 316,1 шқ. (жалпы 845 шқ.) жол жақсы және қана-ғатты жағдайда. Алайда, қала аумағындағы көшелерде су, кәріз және электр жүйлерінің құрылысы қарқын алуынан жол сапасына айтарлықтай зиян тиюде.
Дегенмен, тұрғындармен кездесу барысында алдағы үш жылда негізгі инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы толықтай аяқталғанда, жол құрылысы жүйеленетінін түсіндіріп келемін.
Өзектілігін жоймаған тағы бір мәселе – қоғамдық көлік. Түркістан қаласында 22 бағытта 216 қоғам-дық көлік болса, оның тек 86-сы жаңартылған. Ағымдағы жылы жоспарымызда тағы 46 автобус алу көзделген. Мәселені түбегейлі шешу кезең-кезеңімен жүзеге асады.
Өткен жылы Түркістанда 64,5 шақырымды құрайтын 54 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселіп, қолданысқа берілді.
Биылға 42 шақырымды құрайтын 43 көшеге жүргіншілер жолын салу жоспарланып, қазіргі таңда 21,1 шақырымды құрайтын 25 көшеде құрылыс аяқталды.
2022-2023 жылдары іске асқан жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды зерделеу барысында, жалпы 25 көшеде 52 кемшілік анықталған болатын. Қазіргі таңда, 12 көшедегі 22 кемшілік бойынша тиісті жұ-мыстар атқарылып, қалпына келтірілді. 2022-2023 жылы көшелерде анықталған кемшіліктер бойынша, жауапты мердігерлерге 11 ескерту хат жолданды.
Ескерту хатта көрсетілген мерзімде кемшіліктерді орында-маған мекемелерге жалпы 937 534 теңге көлемінде айыппұл салынып, ескертуде көрсетілген кемшіліктерді жоюға мерзім белгіленді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президентке Агенттік төрағасы ведомствоның бақылау функцияларын орындауы жөнінде, оның ішінде былтыр қабылданған монополияға қарсы шаралардың...

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын іске асыру шаралары жөніндегі Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың...

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу мәселелері қаралды....