САПАЛЫ ЖОЛ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

САПАЛЫ ЖОЛ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Тұрғындардың жан айқайына айналған түйткілді мәселелердің бірі сапалы жол мәселесі екені анық. Жауапты мекемелер мен мердігерлер биыл да елді сапалы жолмен қамтуға уәде берген болатын. Дегенмен көктемнен бастап облыс төңірегіндегі барлық елді мекендер мен алыс шалғай ауылдарда сапалы жол салу жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков БАҚ өкілдерімен кезекті кездесуін өткізіп, қалада атқарылған жұмыстар мен жоспарлармен танысты. Өткен жылғы Түркістан қаласында жүргізілген жол құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 333,6 шқ. (39,5 %) құраған болатын.
2023 жылдың қорытындысымен, орындалған орташа жөндеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес, 399,34 шқ. (47,2%) асфальт жол, 445,6 шқ (52,8%) тас жол құрайтын болады.
өткен жылы қала аумағындағы сарқынды су жүйесі жүргізілген сондай-ақ, қоғамдық көліктер қатынайтын 48,6 шақырымды құрайтын 42 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта соның 17,1 шқ құрайтын 18 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Одан бөлек, былтырғы жылы жалпы құны 19,2 млрд.теңгені құрайтын 4 нысанның құрылысы бастау алған. Олар: Ә.Жангелдин көшесі, І.Қожабаев көшесі, Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жол және Қалаби көшесі.
Құрылыс жұмыстары барысында жүріс бөлігі 4 жолақты жолға кеңейтіліп, жарықтандыру жүйесі, аяқжол (тротуар), веложол, суағар науа, көпір құрылысын салу жұмыстары жүргізіледі.
Халықпен кездесу барысында Бекзат мөлтек ауданында темір жол үстінен жаяу жүргіншілер көпір салуды сұраған болатын. Осыған байланысты, ағымдағы жылы 2 жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталуда.
2023 жылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандарға (мектеп, балабақша және т.б.) баратын және соларға қосалқы жатқан, жалпы 42 шақырымды 43 көшеге аяқжол құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда оның 16,7 шақырым құрайтын 22 көшесінде құрылыс аяқталды.
Сонымен қатар, қала аумағындағы топырақ жолдардың санын азайта отырып, тас төселген көшелердің санымен сапасын арттыру мақсатында қала аумағындағы 6 секторда ақпан айынан бастап тас төсеу жұмыстары басталған. Қазіргі таңда 56 шақырымды құрайтын 65 көшеге тас төселген.
2023 жылы орташа жөндеу жұмыстары 65,7 шақырымды құрайтын 48 көшеде жүргізіліп, нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдар үлесі 47,2 пайызға жетеді.
Сонымен қатар биыл облыс орталығы Түркістан қаласында 24 көшені асфальттау жұмыстары жүргізілмек.
Түркістан қалалық «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің» басшысы Арман Оңалханұлының мәлімдеуінше, биыл шаһардың 24 көшесі асфальттанады. Сондай- ақ, 47 көшеге тас төсеу жоспарланған. Бүгінде жоспар аясында асфальт төсеу жұмыстары Әйтеке би, Ақниет көшелерінде басталып та кетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, қаланың 18 көшесі асфальтпен, 185 көшесі таспен қамтамасыз етілді. Одан бөлек, 150 аялдама салынып, 134 көшеге жарықшамдар орнатылды. Аталған бағытта 2023 жылы 138 көшеге жарықшам қойылып, 100 аялдама жасақтау жоспары жүзеге асырылады. Жалпы Түркістан қаласында 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Оның 39 пайызы асфальтты көше.
Асфальт төсеу жұмыстары ең алдымен халық тығыз орналасқан және инфрақұрылым жүйесі толық жүргізілген көшелерде атқарылуда. Қалған көшелерге кезең- кезеңімен асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Айта өту керек биыл су жаңа 10 қоғамдық көлік іске қосылды. Түркістан қаласында қоғамдық көлік қарым-қатынасын жақсарту жүйелі жүргізілуде. Қазіргі таңда, жоспарға сәйкес шаһарға 10 жаңа автобус жеткізілді. Бұл автобустар 1 сәуірден бастап №1 бағытта қатынас жасап, тұрғындарға қызмет етеді. Бастапқыда жаңадан алынған автобустарды №6 қоғамдық көлік бағытына жүргізу жоспарланған болатын. Осыған байланысты, 31 наурызда жаңа автобустар №6 бағыттағы қоғамдық көліктердің жол жүру сызбасымен сынақтан (тест-драйв) өткізілді . Сынақ жүргізуге қалалық мәслихат депутаттары және қала әкімінің орынбасары, сондай-ақ, «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мамандары қатысты.
Сынақ барысында аталған жаңа габаритті автобустар жол қауіпсіздігін сақтауға кері әсерін тигізетіні анықталды.
Өйткені, автобустардың ұзындығы 10 метрді құрайды. Ал, №6 қоғамдық көлік бағытының Баянауыл, 1-ші мөлтек аудан аумағындағы жолы 5-6 метрден тұрады. Яғни, маршрут бойындағы ені қысқа көшелерде қатынас жасау және бұрылу қиындықтар тудырады. Ол өз кезегінде жол қауіпсіздігін сақтауға кедергі келтіреді. Осыған байланысты, сынаққа қатысушылардың келісімімен жаңадан алынған автобустарды қолданыстағы қалаішілік №1 бағытқа жүргізіп, №1 бағытта жүріп жатқан 8 метрлі автобустарды қалаішілік №6 бағытқа ауыстыруға шешім қабылданды.
Түркістан облысында тағы 26 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарланған болатын.
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің секторларда тұрғындармен өткізген кездесулері барысында аяқжол мәселесі көп қозғалған болатын. Кей жолдарға асфальт төсеу инфрақұрылым жүйелері толық жүргізіліп болған соң жүзеге асатынын түсіндірген шаһар басшысы бүгінде әлеуметтік маңызы бар нысандарға (мектеп, балабақша) аяқжол салу мәселесін шешуге кірісті. Биыл Түркістан қаласы аумағында 46,4 шқ. құрайтын 40 көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұл көшелердің басым бөлігі — ауыз су, сарқынды су, газ жүйелерінің құрылысы аяқталған, сондай-ақ, қоғамдық көліктер жүретін көшелер. Сонымен қатар, қосымша 105,5 шқ құрайтын 124 көшені жөндеу үшін тиісті құжаттар рәсімделуде. Нұрбол Әбдісаттарұлы мөлтек аудандардағы абаттандыру жұмысын да бақылап, 3 ауланы аралады. Мұнда асфальт төселетін аумақ 8 га., көгалдандырылатын аумақ 2,5 га., жерді құрайды. 35 воркаут – ойын алаңшаларын, 5 спорт алаңшаларын, 40 дана қоқыс орындарын жасақтап, 350 жарықтандыру бағаналарын, 200 орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату келісілді. Сонымен қатар, 1-2 мөлтек аудандарда 54 тұрғын үйлерді (2705 абонент) үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 9 подстанция трансформаторларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған дейін сапасыз төселген жолдарды қайта жөндеуден өткізу жұмыстары қарқын алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...