Жетісай ауданы, №72 жалпы білім беру ордасында аудан бойынша мектептердің педагог-психологтарымен семинар өткізілді.
Мақсаты: конфликт ұғымының мәнін ашу және оның алдын алу, одан шыға білу жолдарымен таныстыру. Жасөспірімдердің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын-алу және болдырмау. Жасөспірімнің қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау, өзіне сенімді мінез-құлықтарын қалыптастыру.
Семинарды психологиялық қызмет бойынша әдіскер Қ.Ибадуллаева ашып беріп, жүргізіп отырды. Мектеп басшысы Раймқұлова Нурсұлу семинарға қатысушы педагог-психологтарды құттықтап, оларға сәттілік тіледі. Бөлімнің психологиялық қызмет бойынша әдіскері Қ.Ибадуллаева 2023-2024 оқу жылының І тоқсанында білім мекемелерінде атқарылған психологиялық қызметке талдау жасады.
Сонымен қатар «Бестерек» жобасы аясында жүргізілген бірқатар жұмыстардың қорытындысы туралы айтып өтті. №72 ЖББМ-нің педагог-психологы А.Басанова «Ата-ана, балаңыздың жан дүниесіне назар аударыңыз!» тақырыбында сахналық көрініс қойылды. «Көңілді орта» сергіту сәтін жүргізді. «Кикілжіңсіз қарым-қатынас жасау өнері» тақырыбында қатысушылармен психологиялық тренинг, ойын-жаттығулар өтті.
Тренинг соңында рефлексия беріліп, қорытындылады.
Содан соң қатысушылар кері байланысқа шығып, пікірлер айтылып, ұсыныстар қабылданды.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» жеке Заң қабылданды. Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. Жақында балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді. Ұстаздардың еңбек демалысы ұзартылды. Мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталды. Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне баса мән беріліп жатыр. «Болашақ» бағдарламасымен үш жылда 220-ға жуық педагог шетелде оқып келді. Мұғалім мамандығын таңдаған жастарға қойылатын талап күшейді. Осы саладағы студенттердің стипендиясы 2,5 есе көбейді.
Мемлекет басшысының пікірінше, бүгінде педагогика саласы ғылымның ең маңызды тармағының біріне айналды. Сондықтан бұл салаға түбегейлі жаңа көзқарас қажет. Осы ретте Президент білім беру саласына қатысты бірқатар маңызды мәселеге тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың біліктілігін арттыру қажет екенін атап өтті. Мемлекет басшысы педагогтердің бүгінде тек пәнді ғана үйретіп қоймайтынын, сондай-ақ балалардың әлеуметтік дағдылары мен эмоциялық интеллектісін дамытуға ықпал ететінін айтты. Осынау жоғары атқа лайық болу үшін мұғалімдер әрдайым кәсіби тұрғыдан дамып, өзгерістерге дайын болуға тиіс.
"Педагог – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын. Сондықтан білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз ету өте маңызды. Алайда қазір мектептерімізде мамандар тапшы. Бүгінде елімізде 5 мың педагог жетпіспейді. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді. Ал педагогика саласында оқыған әрбір бесінші түлек өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұған қоса мұғалімдердің 23 пайызында ғана жоғары біліктілік санаты бар. Мұның бәрі педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәсілдерін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарға қатысты бағдарламалардың басым бөлігі заман талабын ескермейтін бұрынғы әдістемелерге негізделген. Заманауи тәсілдер мен технологияны енгізе отырып, оқу бағдарламаларын қайта қарау, жаңғырту қажет.
Тәуелсіздік жылдарында елімізде 2300-ге жуық мектеп салынды. Соның нәтижесінде төрт ауысыммен оқытудан арылдық. Дегенмен «үш ауысыммен» оқу жүйесі әлі күнге дейін бар. Көптеген мектептің техникалық жабдығы ескірген. Осы мәселенің бәрін жоспарлы түрде шешуіміз қажет. Менің бастамаммен елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Екі жылдың ішінде барлық аймақта, соның ішінде ауылдық жерлерде жүздеген білім ордасы салынады. Соның арқасында үш ауысыммен оқытудан біржола құтыламыз"-, деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға.
Басқару функцияларын тиімді орындау үшін басшыға не қажет? Ең алдымен ұжыммен команда ретінде жұмыс істеп, басқаруда күнделікті оқу мен оқыту процесін бақылап, анализ жасай отырып алынған деректер негізінде мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін белгілей отырып, бүкіл ұжымның жұмысын ұйымдастыруда ескеруі қажет. Кадрларды дұрыс таңдау; мектептің педагогикалық ұжымына басшылық ету; мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеруге жағдай жасау; олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу; оқу тәрбие процессінің барысын, оқушылар білімінің сапасы мен жеке тұлға ретінде дамуын, жұмыстың мазмұны мен ұйымдастыруын бақылау.Білім саласындағы басқарушы қызметті жетілдірудің негізгі бет алыстары оның мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға көшуімен байланысты. Сонда басқарушы қызметтердің бірқатары мемлекеттік биліктен педагогтарға, оқушылар мен олардың ата-аналарының, қоғамдық өкілдерден жəне басқалардан тұратын қоғамдық ұйымдарға тапсырылады. Сонымен, педагогикалық менеджмент, оның ерекшелігі туралы негізгі ұсыныстар білім беру проблемаларын шешуге қосылған қоғамдық өкілдерде де қалыптастырылу керек. Педагогикалық менеджмент бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер.Ал бедел дегеніміз - меніңше педагогтың еңбегінің айнасы. Басшының мақсаты басқалардың өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ету. Бұл ұжымның жүріс-тұрысына ықпал ету мүмкіндігі. Тіпті басшының айқын белгіленген билігі бола тұрса да, қол астындағылардың күш-жігерін дұрыс бағыттай алмайтын кездері болады. Бұл тәуелділік тікелей басқаруға болмайтын факторлар мен адамдарға байланысты және де мұның өзі басқару тиімділігін қиындататын басты себепкердің бірі. Осы проблемаларды шешу үшін басшының бірден-бір қолданатын құралы – билік жүргізу, ықпал ету және жетекшілік ету.