БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ МҮМКІНДІГІ АРТТЫ

БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ МҮМКІНДІГІ АРТТЫ

2023 жылға қалған 92 көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының келісімі алынып, республикалық бюджеттен қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім өткізілген. Аталған 92 көппәтерлі тұрғын үйдің ішінен 55 көпқабатты тұрғын үйге республикалық бюджетті қалыптастыру барысында қаржы қаралады деп көзделіп отыр.
Бүгінгі таңда қаладағы Абылайхан көшесі №36 үйде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Дәл қәзір, тұрғын үйдің ішкі және сыртқы келбетін қыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған 37 көпқабатты тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаржы 2023 жылдың республикалық бюджетті нақтылау кезінде қаралмақ. Аталған қаржы қаралған соң күрделі жөндеу басталып, көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры жабылып, кіреберістері, қасбеті, жертөледегі инженерлік жүйелері толығымен жаңғыртылмақ.
Түркістан қаласы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Байжанов Алмас мырзаның мәліметтеріне сүйенсек, оның ішінде, 2020 жылы: 336 пәтерлі 7 үй (барлығы ипотекалық пәтерлер) пайдалануға берілсе, 2021 жылы: 1921 пәтерлі 29 үй (ипотекалық пәтерлердің 1427, кезектегі отбасыларға берілетін 494 пәтер) иелеріне пәтер кілті табысталған.
2022 жылға 3 392 пәтерлі 53 тұрғын үйдің (217,8 мың ш.м.) (ипотекамен берілетін пәтерлер 2683, кезектегі отбасыларға берілетін 709 пәтер) құрылысы жүргізілді. Аталған үйлердің 2 706 пәтері кредиттік жүйемен сатылса, 686-ы кезектегі отбасыларға үлестірілген. Сонымен қатар пайдалануға берілген пәтер саны өткен жылдармен салыстырғанда екі есе артқанын да айта кету керек.
Жыл қорытындысымен 3155 пәтерлі 49 үй (202,4 мың ш.м.) (ипотекамен берілетін пәтерлер 2482, кезектегі отбасыларға берілетін 673 пәтер) пайдалануға берілді. Бүгінде 12 мыңнан астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр.
Жоғарыда аталған тұрғын үйлердің құрылысы Түркістан қаласы әкімдігінің Тұрғын үй қатынастары бөлімі және тұрғын үй инспекциясы мен облыстық құрылыс басқармасы тарапынан жүргізіліп, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің теңгеріміне алынды. Осы ретте айта кеткен жөн, ауқымды іске жұмылдырылған жергілікті және өзге өңірлерден келген 13 мердігер мекеме тұрғын үйлердің сапасына басты назар аударған. Бұл жөнінде облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс барысын қадағалап, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктей келе «Облыс орталығында салынып жатқан барлық тұрғын үйлер көркем келбетімен ерекшеленген, ең бастысы өте сапалы болуы тиіс. Құрылысқа жауаптылар өз жұмыстарына жанашырлықпен қарау керек. Тапсыру мерзімі белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Құрылыстың сапасына басты назар аударып, көпқабатты тұрғын үйлердің сейсмоқауіпсіздігінің сақталуына қатаң бақылау жүргізіп, құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес аяқталуы тиіс. Талапты орындамағандарға шара қолданылады» деген болатын. Сондай-ақ облыс әкімі қала тұр­ғындарымен кездесуінде Түркістан қала­сының тұрғын үй қорынан 2023 жылы 720 пәтер беру көзделгенін, оның ішінде көпбалалы 500 отбасына пәтер беру жоспарланып отырғанын жеткізді.
Премьер-министр Әлихан Смайылов 23 қарашада Сенат кулуарында келесі жылы "9-20-25" деп аталатын жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді.
Премьер-министр Әлихан Смайылов бұған дейінгі "7-20-25" бағдарламасын іске асыру үшін қаражат керек екенін, бұл мәселені Үкімет "9-20-25" бағдарламасын іске қосу арқылы шешкелі отырғанын атап өтті.
"Ұлттық банк өзінің лимиттерін қойды. Бұл лимиттер сұранысқа жеткіліксіз. Ұлттық банк сондай шектеу қойғандықтан, біз Үкімет шеңберінде Отбасы банк және "Бәйтерек" өзіміздің қосымша бағдарламаны әзірлеп отырмыз. Ол "9-20-25" бағдарламасы. Оның шарты: ипотекалық несие 25 жылға 9 пайызбен беріледі", деп мәлім етті Әлихан Смайылов.
Премьер-министр бағдарламаны іске асыру үшін қазір есеп жүргізіліп жатқанын айтты.
Оған жыл сайын 150 млрд теңге керек әрі 8 мың отбасы ипотека алу мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін біз 100 млрд теңгені нарықтан тартуымыз керек, ал Отбасы банк өзінің таза табысынан 50 млрд теңге бөлуі керек. Екі қаражат көзін араластырып, 9 пайыздық мөлшерлемеге шығу керек. Бұл бағдарлама негізінен жастарға арналады", - деді премьер-министр.
Бұдан басқа Қазақстандық тұрғын үй компаниясының 158,5 млрд теңгеге облигациялық зайымдарды беру есебінен әкімдіктер 12,1 мыңдай пәтер көлемінде кредиттік тұрғын үй салу тиіс.
Баспана құрылысын дамыту үшін мемлекет жыл сайын инженерлік коммуникациялардың жаңа желілерін салуға басымдық беріп келе жатқаны мәлім. Мәселен, былтыр 116,4 млрд теңге бөлініп, 3,8 мың шақырымнан астам инженерлік желі тартылды. 2023 жылы жалпы ұзындығы 3,3 мың шақырым инженерлік инфрақұрылымды салуға 80,5 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ жекеменшік құрылыс секторын дамыту мақсатында жеке тұрғын-үй құрылысына жер учаскелерін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды іске асыру өз жалғасын тауып жатыр.
Сонымен қатар, өңірде тұрғын үйге өтінім беру бойынша конкурс басталды. Түркістан қаласындағы Әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан «Тұран» тұрғын үй кешені бойынша 17-блок, 18-блок, 19-блок, 20-блоктарға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында конкурс басталады. Аталған тұрғын үйге өтініштер 24 сәуір мен 24 мамыр аралығында ЖАО-да үй кезекте Түркістан облысы бойынша тұрған Банк салымшыларынан қабылданады.
Толығырақ тұрғын үйге өтінім жіберу www.otbasybank.кz сайты арқылы жүзеге асады. Пәтерлер саны — 196, шаршы метр бағасы 180 мың теңгені құрайды. Тұрғын үйлердегі 1 бөлмелі 28 пәтер болса, оның көлемі – 36.14 ш.м, ал 2 бөлмелі 84 пәтер – 56.61-58.46 ш.м, 3 бөлмелі 84 пәтер — 64.12-69.36 ш.м. Пәтерлердің құрылыс мердігері — «НЫШ-ЕР» ЖШС.
Конкурсқа қатысу үшін, өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% көлемінде тұрғын үй құрылыс жинағында болуы керек. Сондай-ақ, қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде болған кезде мүмкін болады. Өтінім беру үшін отбасы мүшелерінде соңғы 5 жылда Қазақстан бойынша жылжымайтын мүлік болмауы керек. Сонымен қатар, табыс отбасы мүшелеріне шаққанда 3,7 күнкөріс минимумынан, яғни, 150097 теңгеден аспауы қажет. Яғни, отбасының жалпы табысы, отбасы мүшелерінің санына бөлгенде 150097 теңгеден аспауы тиіс. Мәселен, ері мен жұбайы екеуінің табысының қосындысы 320 000 теңге болса және отбасы саны 4 адам болса, 320 000:4=80 000тг<150097. Айта кетсек, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша несие пайызы — 5%, алғашқы жарна — 20%, несие мерзімі — 20 жылға дейін жалғасады.
Сонымен қатар Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында 376 көпқабатты тұрғын үй бар. Жалпы 2014 жылы 9 көпқабатты тұрғын үйдің шатырлары күрделі жөндеуден өтсе, 2017 жылы 35 көпқабатты тұрғын үй, 2019 жылы ҚР «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі бойынша 44 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жоспарланған 132 көпқабатты тұрғын үйде күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президентке Агенттік төрағасы ведомствоның бақылау функцияларын орындауы жөнінде, оның ішінде былтыр қабылданған монополияға қарсы шаралардың...

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын іске асыру шаралары жөніндегі Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың...

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу мәселелері қаралды....