ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫНДА ЖАҢА РЕФОРМАЛАР

ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫНДА ЖАҢА РЕФОРМАЛАР

2023 жылға қалған 92 көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының келісімі алынып, республикалық бюджеттен қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім өткізілген. Аталған 92 көппәтерлі тұрғын үйдің ішінен 55 көпқабатты тұрғын үйге республикалық бюджетті қалыптастыру барысында қаржы қаралады деп көзделіп отыр.
Түркістанда тұрғын үй саласына инвестиция көзі күшейді. Себебі өңірде тұрғын үй саласына инвестиция салуға қызығушылық білдіргендер саны артып отыр. Жақын уақытта заманауи кешендер көбеймек. Түркістанның тұрғын үй нарығына кіруді жоспарлаған «BI Group» холдингі облыс орталығында заманауи тұрғын үй кешендерін салуды көздеп отыр. Сонымен қатар, дайын баспаналардың несиелік және мемлекеттік бағдарламалармен берілуі қарастылады. Инвестиция аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «BI Group» холдингінің өкілдерімен кездесіп, бірқатар жобалармен танысты. Қажетті өзгертулер енгізіп, салынған үйлердің сапасына мән беруді басты назарда ұстауды міндеттеді.
Еуропалық брендтермен тығыз жұмыс істейтінін айтқан компания өкілдері инфрақұрылымға басты аса мән беріп, құрылыста ең сапалы құрылыс материалдары пайдаланатынын айта кетті. Сондай-ақ, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының қолдауымен бірлесіп жобаны іске асыру мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар жаңа баспаналар қаладағы әкімшілік-іскерлік орталықта бой көтеретін болады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды инфрақұрылымға баса мән беру керек екендігін айтып, басты талап сапаға мән беру маңыздылығын алға тартты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында «Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Маған азаматтардан күн сайын жүздеген өтініш келеді. Оның ішінде қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді сұраған хаттар өте көп. Бұл түйткіл мемлекет тарапынан мүмкіндігінше шешіліп жатыр. Тағы да қайталап айтамын, мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді. Тұрғын үй саясаты нарықтағы ахуалға тығыз байланысты. Сондықтан біз осы саладағы саясатымызды қайта қарап, оның мейлінше әділ әрі икемді болуын қамтамасыз етуіміз керек» деген болатын.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысында 128 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілген. 2022 жылдың қорытындысымен пайдалануға 57 тұрғын үй берілді. Құрылысы аяқталған үйлердегі 3473 пәтердің 753-і жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға арналған арендалық пәтерлер ретінде тапсырылды. 2720 пәтерді түркістандықтар әлеуметтік кредиттік жүйемен алған.
Қазір республиканың тұрғын үй қорында ескі және апатты деп танылған 3,7 мың үй бар. Бұл меншік иелерінің мәселелерін шешіп, елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту үшін жаңғырту бағдарламалары өзектендірілетіні белгілі болды.«2029 жылға қарай апатты және тозығы жеткен 1,5 мың үйді бұзып, 40 мың шақты меншік иесінің тұрғын үй мәселесін шешу жоспарланып отыр. Биыл 3 мыңнан астам азамат тұратын жоғарыда айтылған үлгідегі 120 құрылыс нысанын бұзу қарастырылған», – деді М.Қарабаев.
Тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заң жобасы шеңберінде кезекте тұрғандарға тоқсанына кемінде бір рет түгендеу жүргізу бойынша ұсыныстар көзделген. Бүгінгі таңда әкімдіктер бұл жұмысты жылына бір рет қана жүргізеді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, кезекте тұрғандардың қолданыстағы базасына заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізді.
Алдын ала деректер бойынша 646 мың азаматтың 232 мыңы есептен шығарылуға жатады.
Анықтама:
Соңғы 5 жылда 96,1 мың тұрғын үйлі болды;
–533-ҚР азаматтығы жоқ;
–91,4 мың – тіркеу орны (тіркелу) кезекте тұрған өңірмен сәйкес келмейді;
–29 мың - тіркеусіз;
–15,6 мың адам қайтыс болды.
Бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар бұрын тиісінше жүргізбегенінің айғағы.
Бүгінгі таңда әкімдіктер Министрлікпен бірлесіп осы бағытта жұмыс істей бастады. Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін кезектен 21 607 азамат алынды (ҰОС ардагерлері-5, жетім балалар – 1045, көпбалалы отбасылар – 3539, ХӘОТ – 7936, мемлекеттік қызметшілер мен бюджетшілер – 9002, авариялық тұрғын үйі бар азаматтар-80.).
Сондай-ақ, пленарлық отырыстың аясында министр кезекте тұрғандардың жалпы санынан, яғни 646 мың азаматтың тек 250 мыңы халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері болып табылатынын хабарлады. Министр кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі проблеманың бар екенін министрлік мойындайтынын және қолда бар бюджет қаражатының барынша тиімді бөлінуін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, өңірде тұрғын үйге өтінім беру бойынша конкурс басталды. Түркістан қаласындағы Әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан «Тұран» тұрғын үй кешені бойынша 17-блок, 18-блок, 19-блок, 20-блоктарға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында конкурс басталады. Аталған тұрғын үйге өтініштер 24 сәуір мен 24 мамыр аралығында ЖАО-да үй кезекте Түркістан облысы бойынша тұрған Банк салымшыларынан қабылданады.
Айта кететін, Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Заң қабылданса, кезекте тұрғандардың тізімдері екінші деңгейлі банк функцияларын сақтай отыра, Даму институтына айналатын Отбасы банк ішінен құрылатын "Баспанамен қамтамасыз ету" орталығына тапсырылады.
"Банктің функциялары кеңейеді. Ол тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын екінші деңгейлі банк болып қала береді. Қазақстандықтар бұрынғыдай еліміздегі ең қолжетімді кредит алу үшін депозитте ақша жинап, жинақтарына түсетін банк сыйақысы мен мемлекеттік сыйлықақыны алуын жалғастырады. Мәжіліс депутаттарының талабы бойынша банк даму институты бола тұра, реттеуші органдар – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің қарамағында қалады. Олар Отбасы банкке қатысты бақылау және қадағалау функцияларын сақтайды. Банк сондай-ақ Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының қатысушысы болып қала береді. Бұл клиенттердің барлық депозиттері мемлекеттің сенімді қорғауында екенін білдіреді", - деп түсіндірді "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Заң жобасына сәйкес, 646 мың адамнан тұратын жергілікті атқарушы органдардың кезектер тізімі Отбасы банкіне беріледі.
Ағымдағы дерекқорда тіркеу тоқтатылады. Бұл ретте Отбасы банк ішінен жекелеген санаттарға жататындығына қарамастан, барлық азаматтар тіркеле алатын "Баспанамен қамтамасыз ету" орталығы құрылады.
Әрбір өтінішке отбасының сандық портреті жасалады. Онда мұқтаж азаматтың отбасылық жағдайының барлық ерекшеліктерін толық есепке алуға мүмкіндік беретін кіріс, мүлік, активтері туралы ақпарат болады. "Баспанамен қамтамасыз ету орталығы" мемлекеттік деректер базасымен біріктірілген бірыңғай ақпараттық база болады. Бұл орталықты құру бір терезе қағидасын қолдануға мүмкіндік береді.
Бұл ретте кезекке тұрушы азаматтар туралы ақпаратты жаңарту үшін заң жобасында тоқсанына кемінде бір рет кезектерді түгендеу көзделген.
Бүгінде 2,7 миллион қазақстандық болашақта баспана алу үшін банкте қаражат жинап отыр. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыру барысында банк 490 мың қазақстандық отбасының қоныс тойын тойлауына көмектесті.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылдың 2 наурызындағы жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасына бөлінген 1 триллион теңгенің 895 миллиарды игерілген. Яғни, қалдық 105 миллиард теңге. Сонымен қатар, өткен жылдың соңында Ұлттық банк 2023 жылға қосымша 100 миллиард теңге бөлінетінін хабарлады. Яғни, жоба ұйымдастырушылары «ақша бар, бәрі жақсы, бағдарлама жұмыс істеп тұр» деп көрсетеді. Бірақ неге бұл жағдайда «7-20-25» бағдарламасы бойынша қазір Қазақстанда бірде-бір банк ипотека бермейді? Себебі банктерге маусым сайын лимит қойылған. Халық банк алдында түнеуге мәжбүр болуда. Бұл тұрғыда «7-20-25» бағдарламасы бойынша лимитті алып тастау қажет. Бағдарлама 2029 жылға дейін созылады дегенімен, оған дейін аты бар заты жоқ бағдарламаға айналуы әбден мүмкін. Мыңдаған адам банктен мақұлдау алғанымен, қойылған лимиттің салдарынан үйдің кілтін ала алмай жүр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...