Түркістан облысында жүрегі жомарт азаматтар тарапынан жергілікті тұрғындарға әрқашан қолдау көрсетіліп тұрады. Солардың бірі – шардаралық кәсіпкер Данияр Омаров. Ол отбасы атынан аудандағы 20 мектептің асханасына қажетті жабдықтарды тарту етті.
Атап айтқанда, кәсіпкер ауыл мектептерінің сұранысына қарай, тоңазтқыш, су жылытқыш, желдеткіш, қол жууға арналған қазандықтар және басқа бірқатар мектеп асханасына қажетті жабдықтарды үлестірілді. Бұдан бөлек, кәсіпкер «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған 1500 балаға мектепке қажетті заттарды алып берген.
Бүгін білім ұяларына заттарды тапсыру үшін жиналған басқосуда Шардара аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Нұсқабаева бүкіл мектеп ұжымының атынан демеушіге алғыс білдіріп, жұмысына табыс тіледі. Данияр Омаров алдағы уақытта да мүмкіндігінше көмек көрсетіп отыратынын жеткізді.
– Мен бұл жасаған қайырымдылық ісімді мақтану үшін емес, үлгі ретінде көрсеткім келді. Мектептерде ыстық тамақпен қамтылып отырған біздің жас бүлдіршіндерімізге қолайлы жағдай жасап, олдардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау әрқайсысымыздың міндетіміз деп білемін. Маған бүлдіршіндердің шынайы күлкісі мен елдің ыстық ықыласы маңызды. Алдағы уақытта да қолымыздан келгенше көмектесіп отыруға дайынбыз, – деді кәсіпкер.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Шардара ауданы бойынша бастауыш сыныпта оқитын 8181 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Кейінгі жылдары "Педагогикалық ғылымдар" саласына тапсырушылардың балы кемінде 75 болуы керек екені туралы бұйрық енгізілді. Сонымен қатар, педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттердің шәкіртақысы 42 мың теңгеге дейін өсті.
Ал ең бастысы осы саладағы мамандардың жалақысы өсіп келе жатыр. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы одан әрі іске асырылып жатқанын, соның шеңберінде 3 миллионнан аса адамның жалақысы өскенін мәлімдеген еді. Биыл 1 қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледж педагогтерінің, сондай-ақ, қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы 25 пайызға өсетіні белгілі болды.
Сонымен қатар, мұғалімдер алатын жалақыға қосымша төлемдер белгіленеді. Оған біліктілік санаты үшін жалақының 30 пайызынан 50 пайызына дейінгі мөлшер, магистр дәрежесі үшін, ағылшын тілінде пәндерді жүргізу, дәптерлерді тексеру, сынып жетекшілігі және тәлімгерлік үшін қосымша төлемдер жатады.
Ресми мәліметтер бойынша елімізде 500 мыңнан аса мұғалім бары айтылды. Ал 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Педагог мәртебесі туралы" заң осы мыңдаған ұстаздың мәртебесін көтеріп, құқығын қорғауға бағытталған. Бұл заң 21 баптан тұрады. Сондай-ақ, осы заң аясында мемлекеттен қыруар қаржы бөлінді. Мәселен, 2020-2022 жылдарға 2 триллион 282 миллиард бөлінген. Оның ішіне жоғарыда айтылған жалақының көтерілуі, қосымша қызметтер үшін ақы төленуі секілді маңызды бөліктер кіреді.
Педагог – жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол – өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса ізгі және өте қиын кәсіп педагогтан өз өмірін оқу – тәрбие ісіне арналған шығармашылықты талап етеді.
Қоғамдағы педагогтің сыртқы келбет мәдениеті, өзін – өзі басқару шеберлігі, педагогтің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу-тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр.
Педагогке қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Киім киісі, шаш үлгісі сәнді болып келгені абзал. Педагогтің әлеуметтік беделін көтеруді оның сабырлығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады.
Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.
Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі.
Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. Біздің балабақшамызда балаларға үздіксіз білім беруде барлық жағдай қарастырылған. Балабақшада балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы жоғары.
Осы уақытқа дейін мекеме басшысы ретінде балаларға үздіксіз тәрбие мен білім беруде жаңартылған педагогикалық технологияларды кеңінен қолдануына ықпал етіп, педагогтар ұжымы болып жұмыстанып келеміз.
Мұғалім – әрбір баланы оқу үрдісіне қатыстыру, оны тыңдай білу, онымен тең дәрежеде қатынас жасау, көмекші ету, толғандыратын мәселеге оқушының деңгейінде талқы жасауға бейімделуге дайын болуы керек. Бұл жағдайға әрине әдістемені жетік меңгерген, педагогикалық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастырған мұғалім ғана бейімделе алады.
Заманауи ұстаз білім сала-сындағы барлық реформаларға дайын болуы керек. Ақпарат ағы-нының үнемі өзгеріп отыруына байланысты ақпарат ағынымен дер кезінде танысып, қазіргі тенденцияларға ілесу қажет. Қазіргі өзгермелі заманда ұстазға бір орнында қалу тән емес.
Ойшыл Сократ айтқандай, мұғалім – терең білімнің, жаңа-шылдықтың, мәдениеттің символы. Ұстаз – үлкен құрметке лайық.