Алматыда студенттердің бизнес-форумы өтіп жатыр

Алматыда студенттердің бизнес-форумы өтіп жатыр

Алматы қаласының "Бақшасарай" қабылдау үйінде “BUSINESS COLLABORATION FORUM 2023” бизнес-форумы өтіп жатыр. Форумға Республиканың 51 оқу орнының мектеп оқушылары мен студенттері, кәсіпкерлер және ENACTUS бағдарламасының қонақтары қатысты. Бизнес-форум барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жастар өздерінің бизнес-жобаларын ұсынды.

Іс-шараның алғысөзінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров форумға қатысып жатқан жастарға сәттілік тіледі.

- 1995 жылдан бастап Қазақстанда ENACTUS жобасы дарынды жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың өзіндік идеяларын енгізіп, бизнес-жобаларды жүзеге асыруда. Алматы - студенттер қаласы. Шаһарда 35 ЖОО орналасқан. Онда 200 мыңға жуық студент білім алып келеді. Өткен жылы Алматы қаласының әкімдігімен 2025 жылға дейінгі қаланың даму бағдарламасы бекітілді. Оның ішінде қала жастарына білім беру, жұмыспен қамту, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелеріне аса мән берілді. Қысқа мерзімді курс оқып, жұмыс табуға мүмкіндік беретін JasAlmaty.kz порталы іске қосылды. Сәуір айында жас кәсіпкерлер клубы құрылды. Қорытындылай келе, әрқайсысыңызға бизнесте табысқа жетуді тілеймін, - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.

ENACTUS Kazakhstan ұйымының Президенті Альбина Ержанова еліміздің “ENACTUS WORLD CUP 2024” студенттік кәсіпкерліктің Әлемдік кубогын өткізу құқығын жеңіп алғанын атап өтті.

- Оқу жылының соңында үздік бизнес-жобалар ENACTUS Kazakhstan кубогына қатысады. Онда жеңіске жеткен жоба әлемдік жарысқа жолдама алады. Жақында ғана біз ENACTUS-тың әлемдік кубогынан келдік. Онда Қазақстан келесі жылы өтетін студенттік кәсіпкерліктің Әлемдік кубогын өткізу құқығына алғаш рет ие болды. Әлемнің үздік университеттері мен үздік командалары Астана қаласында 2024 жылы жиналады, - деді ENACTUS Kazakhstan ұйымының Президенті Альбина Ержанова.

Сондай-ақ, форум аясында ENACTUS Kazakhstan EXPO - инновациялық, экологиялық, әлеуметтік, digital және бизнес жобалар көрмесі ұйымдастырылды.

- Біздің жобамыздың аты - “Silk Route”. Бұл жобамен 2022 жылдан бері айналысып келеміз. Қазақстан бойынша шунгит өнімдерін тек Талдықорған аумағында Көксу ауылында табуға болады. Біз осы шикізатты пайдала отырып 4 өнім шығарамыз: ұнтақ, сабын, акссесуар және сусын. Олар тері ауруларының қабынуын емдеуге көмектеседі. Оның барлығын біз қолмен жасап отырмыз. Бірақ 2024 жылдан бастап Талдықорған қаласында кәсіпкерлермен келісіп зауытта шығаруды жоспарлап отырмыз. Қазір жобамыздың табысы 700 мыңнан асты, - деді ENACTUS Жансүгіров колледж командасының өкілі Мейрамбек Омархан.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Алматы қаласы «NARXOZ» университетінің алаңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім: Қазақстандағы халықаралық тәжірибе...