СЕМИНАРҒА 67 ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАР ҚАТЫСТЫ

СЕМИНАРҒА 67 ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАР ҚАТЫСТЫ

Қазығұрт ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты Б.Құдайназаров атындағы негізгі білім беретін мектебінде «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдары» тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған аудандық семинар өтті.
Мақсат - оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың ерекшелігін білу, үйрену, маңыздылығына көз жеткізу. Семинарды мектеп директоры Қ.Беркимбаев және аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Шерова Ақтолқын Жақсылыққызы ашып берді.
Психологиялық сергіту сәтін құрған мектеп психологы Р.Тугелбаева, «Ұлттық білім беру деректер қоры» базасында жұмыс жүргізу тақырыбы бойынша мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Мауленов, «Bilimclass.kz» платформасында мұғалім мен сынып жетекшілік тарапынан жүргізілетін жұмыс тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Букеева, «Mektep.snation.kz» платформасында 1-сыныпқа қабылдау жүйесі бойынша бастауыш мұғалімі Г.Оңғарбаева, «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану» коучинг сабақты математика пәні мұғалімі С.Алимова, химия пәні мұғалімі А.Оскенбаева, бастауыш пәні мұғалімі Г.Тулбасиева өткізді.
Айта кететін, 2021 жылғы 13 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалардың тізбесін бекіту туралы жарлыққа қол қойды. 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға арналған «Сапалы білім» Білімді Ұлт» жобасы. Ұлттық жобада зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақ тілін дамытуға жағдай жасау және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау сияқты мәселелер қамтылған.
«Сапалы білім» Білімді ұлт» ұлттық жобасы бес міндеттен, 15 көрсеткіштен және 26 шарадан тұрады. Жоба 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында және Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – Қазақстан халқына Жолдауында» белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Атап айтқанда, Ұлттық жобада балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту, оқушылар орнының тапшылығын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру шаралары қарастырылған. Жобаның негізгі мақсаты – білім берудің барлық деңгейіндегі оқушылардың білім сапасын арттыру. Сондай-ақ, жедел шешім қабылдауды талап ететін және халықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталады.
Педагогтердің абыройын арттыра түсу және оларды қолдау, дамыту мақсатында бүгінге дейін жаңа бағдарламалар мен бастамалар қолға алынуда. Оның айқын дәлелі - жыл сайын Оқу-ағарту министрліктері өткізетін шаралар: үздік мектеп пен педагогтерге арналған конкурстар, мұғалімдердің кәсіби өсуіне септігін тигізетін түрлі гранттар мен біліктілікті арттыру стипендиялары. Бүгін де қашықтықтан оқу жүйесін дамыту және оқыту үдерісіне заманауи технологияларды енгізу арқылы, педагогтердің жан-жақты жұмыс істеуіне мүмкіндік берілуде.
Қазақстанда педагог мамандығының мәртебесі мен беделін арттыру курсы бірнеше жыл бұрын, мұғалімнің асыл еңбегін қолдау, сондай-ақ оның қызметінің барынша тиімділігін қамтамасыз ету үшін "педагог мәртебесі туралы"ҚР Заңы қабылданған кезде қолға алынған еді.
Үкіметтің 2021 жылғы 15 шілдедегі кеңейтілген отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді артық жүктемеден босатуды, сондай-ақ мұғалімдерге төлемді екі есеге арттыруды тапсырды. Сонымен қатар әртүрлі өңірлердегі педагог құқықтарының тапталуына және бұзылуына жол бермеу мақсатында КОКСОН білім беру саласындағы сапаларды қамтамасыз ететін департаменттердің базасында педагог этикасы және олардың құқықтарын қорғау мәселелері төңірегінде кеңестер құрылды. Заңға сәйкес жүктемелер қысқартылып, педагог қызметіне қатысы жоқ мәселелерді шешуге толықтай тыйым салынып, 16 сағаттық жүктемеге көшу жүзеге асырылды.
Сондай-ақ педагог мамандығына дарынды түлектерді тарту және білім сапасын қамтамасыз ету үшін 2020 жылдан бастап жас мамандарға біліктілік санатын берудің ерекше, жаңа тәртібі көзделді. Мәсәлен, Болашақ бағдарламасы түлектеріне "педагог-зерттеуші" мамандығы беріледі және лауазымдық жалақысының 40 пайызы мөлшерінде қосымша ақы алады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...