Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Түркістанға арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан-Неміс университетінің (die Deutsch-Kasachische Universität) президенті, профессор ғылым докторы Вольрад Роммельпен кездесті. Онда Түркістанда аталған университетті ашу ұсынысы мен алғышарттары талқыланды.
-Қасиетті Түркістан қаласына қош келдіңіз! Қазақстан мен Германия арасындағы білім саласы бойынша бітімгершілік пен серіктестің нәтижесінде қол жеткізген жетістіктермен таныспыз. Оның ішінде Қазақстан-Неміс университетінің құрылуы – білім жүйесіне жаңашылдық алып келді. Хабардар боларсыз, Түркістан облысының құрылғанына бес жыл толды. Өңірде 2 милионнан астам тұрғын бар. Орташа есеппен 32 мың түлек мектеп бітірді. Бұл тұрғыда облысымыз республикада бірінші орында. Екі университет жұмыс істейді. Дегенмен жоғары оқу орындарын ашу идеяларын қолдаймыз.Сіздермен бірге жұмысшы топ қажетті шараларды ұйымдастыруға әзірміз, - деді Бейсен Дәулетұлы.
Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары өңір халқының 80 пайызы ауылдарда тұратынын жеткізді. Бірінші кезекте аграрлы салада мамандар даярлау өзекті. ІТ саласында кадрларға сұраныс жоғары. Соңғы бес жылда Түркістан облысында бірқатар шетелдік университеттер және институттардан филиалдар ашу туралы ұсыныстар келіп түсіп, бүгінде келісімдер жүргізілуде. Ғимарат салу уақытты қажет ететіндіктен, колледж нысандарында бастауға мүмкіндік бар. Тиісті бюджет есебінен студенттерге оқу гранттары қарастырылады.
Кездесуде Вольрад Роммель Екі елі Үкіметтері арасындағы университетті дамыту жөніндегі келісім негізге алынатынын айтты. Аталған университет ғылым мен білім көкжиегін кеңейтуге қауқарлы әрі жаңа технологиялармен қамтылған. Түркістандықтарға жылы қарсы алғандары үшін алғысын білдірді. Сапар аясында облыстық жауапты басқарма өкілдерімен бірге Кентау Көпсалалы колледжіне барып, жұмысымен танысты.
Айта кетейік, Қазақстан-Неміс Университеті 1999 жылы неміс стандарттары аясында мамандар даярлау мақсатында құрылған. ҚР БжҒМ аттестациясынан, ҚНУ НКАОКО агенттігі және ACQUIN (Германия) аккредитациялаудан өтіп, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты аккредитациясына қол жеткізген.
Сонымен қатар, "Ғылым туралы" Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, соның арқасында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын институттардың қызметін қамтамасыз ету мен қаржыландыру ісі қайта қаралды.
3 жыл ішінде ғылымды қаржыландыру көлемі 70% - ға ұлғайды. Ғылыми қызметкерлердің еңбекақысы да 70% - ға өсті.
ҰМҒТСО және Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, соңғы 5 жылда Қазақстан ғылымында артып келе жатқан бәсекелестік ортаның 5 тенденциясын сенімді түрде атап өтуге болады:
- ЖОО базасында технопарктер мен ғылыми институттардың ашылуы. Мемлекет стартаптар үшін қосымша гранттар бөледі.
- Қазақстанда ғылым біртіндеп коммерциялық сипатқа ие болуда. Жеке мекемелер Қазақстанда ғылыми зерттеулермен 24,9%-ға жиі айналыса бастады. Кәсіпкерлік сектор туралы да айтуға болады (+38,4%).
- Ғылымдағы шетелдік меншік ұйымдарының үлесі 38,5%-ға өсті, бұл шетелдік ұйымдар тарапынан ғылыми зерттеулерге қызығушылықты байқатады.
- Ғылыми мекемелердегі кадрлар құрамы өзгерді. Елдің ғылыми қызметкерлерінің жалпы саны аздап азайғанымен, жекеменшік ұйымдарда жұмыс істейтін ғалымдардың саны артып келеді, бұл ғылымның біртіндеп коммерциялық жолға түсуін білдіреді.
- Ғалымның соңғы 5 жылдағы орташа жасы жоғары іскерлік белсенділіктің жас аралығында, яғни 35-тен 54-ке дейін (+5,7%).
- ЖОО ғылыми процеске қатысушы ретінде елдің инновациялық экожүйесін қалыптастыру бойынша IT-зерттемелерге атсалыса бастады.
Сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесіндегі көптеген оң өзгерістерді атап өткен жөн.
Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары мен оқыту траекторияларын әзірлеуде өкілеттілігі зор. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының жауапкершілігі артты. Білім беру бағдарламалары еңбек нарығының талаптарына сәйкес болуы керек (яғни жұмыс берушілермен келісілуі қажет).
"Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен аккредитациялық агенттіктер дайындық бағыттары бойынша жоғары оқу орындарының рейтингтерін жасай бастады. Жыл сайынғы рейтингті жасау кезінде түлектердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасу деңгейі назарға алынады. Мұндай механизм білім беру мекемелерінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Тәуекел дәрежесін бағалаудың жаңа өлшемдері мен біліктілік талаптары бүгінгі жоғары білімге елеулі түзетулер енгізді және бірқатар мәселелерді жеңілдетті. Мысалы, енді кадрлық қажеттілікті қанағаттандыру және көздеген дәрежеге қол жеткізу үшін жоғары оқу орындарына салалық ортадан практик оқытушыларды шақыру ұсынылады, бұл ретте олардың ғылыми дәрежесі болуы міндетті емес, тиісті тәжірибесі болса, әсіресе басқарушылық салада жұмыс істесе, сол жеткілікті. Бұл шара ірі компанияның қаржы директорына студенттерге өз сабақтарында салық есебінің ерекшеліктерін түсіндіруге, ал тәжірибелі адвокатқа құқықтық пәндердің практикалық ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді.
Жоғары оқу орындары бірыңғай QR-кодпен және аккредитациялық агенттіктердің логотиптерімен қорғалған жеке үлгідегі дипломдар беруге мүмкіндік алды. Академиялық еркіндік білім беру жүйесіне еңбек нарығына лайықты мамандар даярлау жауапкершілігін жүктейді, бұл қазіргі заманның талаптарына сай келеді.
Білім беру қызметінің лицензиясы бұдан былай мерзімсіз емес және үнемі растап отыруды талап етеді. Мұндай шара жоғары оқу орындарының білім беру нарығындағы өзгерістерге дайын болуы үшін, өз көрсеткіштерін жақсартуға ынталы болуы үшін қажет.
2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы да жоғары жалақы ала бастады. Оқытушының ең төменгі жалақысы - 200 000 теңге, аға оқытушының еңбекақысы – кемінде 230 000 теңге, қауымдастырылған профессор – 260 000 теңге, профессор – 350 000 теңге. Ал, ұлттық жоғары оқу орындарында профессордың жалақысы 400 000 теңгеден кем болмауы тиіс.
ЖОО-дағы оқытушылардың жүктемесі қайта қаралды - 2021 жылдан бастап бір толық ставканың ең жоғары көлемі 680 сағаттан аспайды.
Стипендиялық төлемдердің мөлшері 2021 жылы 20% - ға және 2022 жылы 20% - ға ұлғайтылды. Мысалы, бакалавриат студенттері үшін 2022 жылдан бастап стипендиялық төлемдердің мөлшері 36660 теңгені құрайды (2021ж. 31423 теңге, 2020 жылы 26186тг. болған), магистратура үшін - 89 987 теңге (2021ж. 76 950 теңге, 2020 жылы 66 913тг. болған), докторантура үшін - 195 500 теңге (2021 жылы 172 500 теңге, 2020 жылы 150 000 болған). Әрине, бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың ғылымға келуіне әсер етті.
Жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарына өз студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктелген. Осылайша, жаңа мамандықтарға студент қабылдау үшін ЖОО жатақханаларында соған сай орындардың болуы міндетті.
5 әлеуметтік бастама шеңберінде жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін студенттік жатақханаларды қайта құру және жаңадан салу жөніндегі бағдарлама жүзеге асуда, оның шеңберінде инвесторлар үшін жеңілдіктер қарастырылған. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 4 жыл ішінде Қазақстанда 50 жаңа жатақхана пайдалануға беріліп, 2025 жылға дейін 75 жаңа жатақхана салу жоспарлануда.