Алматы қалалық сотында франицялық судьямен кездесу өтті

Алматы қалалық сотында франицялық судьямен кездесу өтті

Алматы қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Франция Республикасының судьясы Лиза Эокпен кездесу өтті, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз-қызметі.

Франция Республикасы сот жүйесінің өкілі - судья Лиза Эок-тің жұмыс сапары Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссияның қатысуымен "Шекарасыз құқық" бағдарламасы аясында өтті.
Қонақты Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары А. Сабитова алып жүрді.

Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы Н. Бекназаров шетелдік делегация өкілдеріне Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау бойынша сот жүйесін реформалауды іске асыру жөніндегі шаралар туралы мәлімдеді.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Е. Үбіғалиев шетелдік қонақтарға ювеналды соттың қызметін таныстырып, еліміздегі бала мен отбасы құқықтарына қатысты қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері туралы баяндады.

Лиза Эок өз еліндегі кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелерін қарастыратын сот жүйесі туралы айта отырып, Франциялық ювеналды юстиция ұзақ мерзімді тарихи даму жолынан өткенін және оның іргелі негіздері мен қалыптасқан практикасы, сот төрелігі орбитасына тартылған балалар мен жасөспірімдерге қатысты істерді қарау тәртібі мен рәсімдері бойынша жинақталған тәжірибесі бар екенін атап өтті.

Судьялардың диалогы сот төрелігінің осы айрықша саласындағы соттардың өзара іс-қимылының маңызды мәселелерін, Қазақстан үшін де, Франция үшін де ерекше маңыздылыққа ие - балалардың құқықтарын қорғау және іске асыру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...