Құқықтық тәртіп: полиция қызметкерлері мен еріктілер есірткі жарнамаларын бояды

Құқықтық тәртіп: полиция қызметкерлері мен еріктілер есірткі жарнамаларын бояды

Алматылық жастар полицейлерге есірткі жарнамасын бояуға көмектесті.
«Аудандық полиция Басқармасында полицияның қоғамдық көмекшілері, «Аманат» партиясы мен Медеу ауданы Әкімдігінің кезекті жиыны өтті.
«Мақсат – есірткіні сатуға және қолдануға ықпал ететін жазуларды жою. Бұл науқанның басталуы оны жүзеге асыруға тартылған күштер мен құралдардың біртұтас саптүзеуінде берілді. 20 ерікті полицияның учаскелік инспекторларымен бірге мобильді топтарға бөлініп, осы қылмыстық жарнамалар жиі кездесетін елді мекендерге аттанды. Біз алдын ала граффити жазуларының орналасуына талдау жасадық. Осы жерден бағытымызды әзірледік. Үйлестірілген және ұжымдық жұмыс 100-ден астам жазуды бояуға мүмкіндік берді», - дейді, Медеу аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.
Сонымен қатар, «Құқықтық тәртіп» іс-шарасына орайластырылған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында полицейлер Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Фиджитал-спорттан «Болашақ ойындары» мультиспорттық турнирінің танымалдығы жыл сайын артып келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз...