Келес ауданындағы №8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Арман Айдаралиев жастар көп тыңдайтын танымал отандық және шетелдік әндерді 8D форматында өңдеп, арнайы YouTube каналын жүргізуде. Жас ізденімпаз ұстаздың YouTube каналында қазірдің өзінде 100 000 нан аса қаралым жинаған.
- Уақыт өткен сайын заман талабы да өзгеріп заманауи әуендерге деген жастардың сұранысы артқан. Сондықтан мен арнайы канал аштым. Оқушылар да мұндай әуендерді қызыға тыңдайды. Оларға да қалай өңдеулі үйретемін. Жалпы мен үшін бұл бос уақытымда тиімді пайдалану дер едім. Сондай-ақ мен мектепте педагог ұйымдастырушымын. Сондықтан мектепте түрлі ісшараларды ерекше әуенмен өткізуді мақсат етіп осы бағытта жұмыс жасауды бастадым,-дейді Арман Айдаралиев.
Айта кету керек, жас маман мектепте биология пәнінен де сабақ береді. Цифрлық технологияларды жетік меңгерген осындай жастар кемел келешегіміздің кепілі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұдайы білімді ұлтқа айналуды ұсынып, ұлттық идея ретінде көтеріп келеді. Сондықтан да Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екенін баса көрсетті. Елімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалғанын айта келе, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет екенін де атап өтті.
«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген халқымыз. Ұстазсыз адам болмайды. Бәріміз де кезінде мұғалім тәлімін алып, білімін үйрендік. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалім еңбегін лайықты бағалау өте маңызды міндет», – деген Президенттің сөзі бар.
- Менің бастамаммен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» жеке Заң қабылданды. Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. Жақында балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді. Ұстаздардың еңбек демалысы ұзартылды. Мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталды. Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне баса мән беріліп жатыр. «Болашақ» бағдарламасымен үш жылда 220-ға жуық педагог шетелде оқып келді. Мұғалім мамандығын таңдаған жастарға қойылатын талап күшейді. Осы саладағы студенттердің стипендиясы 2,5 есе көбейді. Бір сөзбен айтқанда, біз, ең алдымен, білікті ұстаз даярлау ісіне айрықша мән беріп отырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент айрықша тоқталған өзекті мәселенің бірі – мектептегі орын тапшылығы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Бұл – әрине, қуантарлық жайт. Алайда демографияның өсу қарқыны білім беру жүйесіне үлкен салмақ түсіреді.
Тәуелсіздік жылдарында елімізде 2 300-ге жуық мектеп салынды. Соның нәтижесінде төрт ауысыммен оқытудан арылдық. Дегенмен «үш ауысыммен» оқу жүйесі әлі күнге дейін бар. Көптеген мектептің техникалық жабдығы ескірген. Осы мәселенің бәрін жоспарлы түрде шешуіміз қажет. Менің бастамаммен елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Екі жылдың ішінде барлық аймақта, соның ішінде ауылдық жерлерде жүздеген білім ордасы салынады. Соның арқасында үш ауысыммен оқытудан біржола құтыламыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісін цифрландыру қарқынын жеделдету қажет екенін атап өтті. Өйткені цифрлық шешімдер озық педагогикалық тәжірибені тез әрі тиімді түрде кеңінен таратуға мүмкіндік береді. Сол арқылы, тіпті, шалғай аудандардағы оқушыларды еліміздің және әлемнің үздік ұстаздарының материалдарымен, сабақтарымен қамтамасыз етуге болады.
Ауыл мектептерін жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету – Цифрлық даму министрлігіне де, облыс әкімдеріне де жүктелетін жауапкершілік. Алты айдан кейін берілген тапсырманың орындалуын тексеремін. Жалпы, білім беру жүйесін мүлде жаңа деңгейге шығару үшін ауқымды цифрлық трансформациялау жұмыстарын жүргізуіміз керек. Ең алдымен, 2027 жылға дейін интернет желісі әлі тартылмаған мектептердің бәрін жылдамдығы жоғары интернетке қосу қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Президент сөзін қорытындылай келе, Қазақстан Конституция бойынша зайырлы мемлекет екеніне назар аударды. Сондай-ақ қоғамда қызу пікірталасқа ұласқан дін мәселесіне байланысты пікір білдірді.
Бұл қағида барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс. Мектеп – ең алдымен, білім ордасы. Балалар мектепке білім алу үшін барады. Ал діни ұстаным – әр азаматтың жеке мәселесі, өз таңдауы. Елімізде дін бостандығына заңмен кепілдік берілген. Балаларымыз есейіп, дүниетанымы толық қалыптасқан соң өз таңдауын жасағаны дұрыс деп санаймын. Ең бастысы, көзқарасы айқын, санасы сергек әрі дәстүрге берік ұрпақ тәрбиелеу керек, – деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, жалпы, білім беру жүйесін мүлде жаңа деңгейге шығару үшін ауқымды цифрлық трансформация жұмыстарын жүргізу керек. Ең алдымен, 2027 жылға дейін интернет желісі әлі тартылмаған мектептердің бәрін жылдамдығы жоғары интернетке қосу қажет. Бұл ретте олардың әрқайсысында жергілікті желі орнатылуға тиіс. Бұл өзекті мәселені шешуге «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы септігін тигізеді. Сонымен қатар барлық мектеп оқушысына сапалы оқыту контенті бар озық цифрлық платформалардың, соның ішінде электронды оқулықтардың қол жетімділігін қамтамасыз ету маңызды. Бұл ретте барлық материал салалық сараптамадан мұқият өткізілуі керек.
Жалпы ұстаздық деген – жауапкершілік. Адамзат қоғамында түрлі-түрлі мамандықтар бар. Барлық мамандық иелерін оқытатын, қызығы мен ауыртпалығы қатар, үлкен жауапкершілікті талап ететіні – оқытушы! «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деген сөз осыдан туындаса керек. Яғни, әр балаға қалам ұстатып, әріп танытатын, өмір бастауы болатын да мұғалімдер.
Бұл кәсіппен бірі айналыса алса, екіншісі айналыса алмайды. Ұстаздық мамандық бүгінгі таңда ең өзекті мамандықтардың бірі болып саналады. Атақты жұлдыз, атақты ғалымдар – осының бәрі осы ұстаздар еңбегінің жемісі мен жеңісі. Жан-жақты білімді, икемділікті, қамқорлық пен адамгершілікті көрсететін және талап ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Бұл мамандық әр адам-ның біліктілігін, тәжірибесін айқындайды. Ұстаздар – адамзаттың болашағына нық сеніммен қарайтын жандар. Оқушы жүре-гінің кілтін тапсаң ғана ашылады. Осы кілт әр ұстаздың қолында болуы керек, әр шәкірттің жүрегіне жол табуы керек, шәкірт бойындағы дарындылықты ашу – ұстаздың басты міндеті. Қазіргі заман ұстаздары зерттеуші, жасампаз, өнертапқыш, ізденіс үстінде, шығармашылықпен айна-лысуға қабілетті болуы керек. Әлемдік жаһандану бала тәрбиесін зерттейтін педагогика ғылымына да көптеген өзгерістер ендіруде. Қазіргі жастар жаһандану үрдісін бастап кеткендей. Ақпарат, оның таралуы өте жылдам. Сондықтан қазіргі ұстаз ақпараттарды елеп-екшеп, оқушыларының сапалы білім алуына көңіл бөлуі керек.
Тарихымызда ұстаздықтың даңқын асқақтатқан ұлы тұлғалар аз емес. Бұл қатарды әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабиден бастаймыз. Ол өзіне Аристотельді ұстаз санайды. Қасиетті Түркістан топырағындағы Қожа Ахмет атамыз ұстазы Бәйдібекті дәріптесе, өткен заманның ұлы ақыны Жамбыл Сүйінбайды дәріптеген. Тарихымызда ұстаз мәртебесін көтерген білімді тұлғалар аз емес. Ыбырай Алтынсарин ағартушы ғана емес, қайраткер, ұйымдастырушы стратег болып тарихта қалды. Ахмет Байтұрсынұлын ұлтымыздың ұлы ұстазы ретінде мақтанамыз. Ол қазақ тілінің жалпыға ортақ тіл болып қалыптасуына зор үлес қосып, қазақ халқының санасын ағарту жолында аянбай еңбек етті. Бұндай ізгі дәстүрді бүгінгі ұрпақ санасына енгізу, осы жолда еңбек ету басты мақсат. Өйткені ұстаз мәртебесі қашанда биік, үлкен мәртебе!