Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С.Абуова 2023 жылдың 30 қазан мен 2 қараша күндері аралығында Түркістан облысы білім басқармасының және облыстық "Білім беруді дамыту орталығының " бастамасымен Түркістан облысының педагогері Жапонияның Токио қаласында "Мұғалімнің тәжірибесіндегі сабақты зерттеу (Lesson study) тақырыбында өткен шетелдік іс-тәжірибесімен 2023 жылдың 17 қараша күні М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының базасында аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскерлері және директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарларымен жинап, көріп қайтқан тәжірибесімен бөлісті.
Таныстырылым барысында мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары тарапынан ондағы сабақты зерттеу әдісі, білім сапасы, оқушыларды ерте жастан өмірге баулу туралы сұрақтарына жауап берді.
Тәжірибе алмасу кездесу кешінде Жапонияның білім беру жүйесі екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына орай, "Демократиялық ел құрылысы және жылдам экономикалық білім беру" ұранымен милитаризмнен демократияға көшкенін, Жапонияның білім беру жүйесінде бастауыш мектептегі 1-6 сыныптар, орта жалпы білім беретін мектептегі 7-9 сыныптар, жоғарғы орта мектептегі 10-12 сыныптар 9-сыныптан кейін оқушылардың 98,8 пайызы орта мектепке түседі.Бастауыш сыныптарда сабақтың ұзақтығы 45 минут болса, орта мектептерде 50 минутты құрайды.
Делегация құрамы 31 қазан күні Жапонияның Канагава префектурасының Иокогама ауданында орналасқан 150 жылдық тарихы бар Оока мемлекеттік бастауыш мектебінде болғанын және мектеп бойынша кіші қызметкер персоналы қарастырылмағанын, асхана жоқ екендігін- оқушылар сынып ішінде тамақтанатынын ,тазалық жұмыстарын әр сыныпта оқушылардың өздері жүргізетіндіктеріне қызығушылық танытып, таныстырылым арқылы көрсетті.
Тобио мектебіне, қатысқан сабақтарға жеке-жеке тоқталып, слайдтар арқылы білім беру саласына тоқталды.
Сонымен қатар, Жапония мемлекеті жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыруға яғни баланың ойлау қабілетін дамытуға функционалды сауатты тұлға ретінде тәрбиелеуде басымдылық байқалғанын, енді алдағы уақытта Жапон мемлекетінен алмасқан іс-тәжірибемізді өзіміздің білім беру ұйымдарымызда іс жүзінде пайдаланып, білімді , саналы, еліне деген патриоттық сезімі жоғары жеке тұлға қалыптастыруда аянбай күш жұмсап, келешектің болашағы үшін аянбай еңбек етеміз деп Сеніммен айтты және аталған тәжірибені өз білім беру ұйымдарында қолданып көруге ұсыныс білдірді.
Айта кететін, дамыған елдер бәсекеге қабілетті қоғамды қалыптастырудың іргелі құрылыс материалы ретінде ғылымның маңыздылығын халықаралық деңгейде мойындауда. Бұл қалыпты құбылыс. Солай болуы керек те. Бүгінгі таңда ғылымның эволюциясы әлемдік білім беру кеңістігінде, әсіресе цифрлық қоғам дәуірінде жаңа сипаттамаларға ие. Бұл тұрғыда ғылымға қарқынды инвестиция салатын елдер тиімді ғылыми жаңалықтарды құрып қана қоймай, сонымен қатар өз ұстанымдарын нығайту және күштерін арттыру арқылы осы процестен пайда көруде. Біз де қалыс қалмауымыз қажет. Ол үшін идея мен инновацияның арасын жалғаушы ғылыми зерттеулерге үлкен акцент қоюымыз қажет.
Президент бұл қадам қосылған құнның өсуіне ықпал етіп қана қоймай, бизнестің және бүкіл елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтатынын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Елдегі ғылымды қаржыландыру 0,13%-ды құрайды, бұл көрсеткіш 2,5%-ға жеткен дамыған елдерге қарағанда айтарлықтай аз. Біздің ғылымға жұмсаған шығындарымыз өте жеткіліксіз және бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігі көп нәрсені қалайды» деген болатын. Сарапшылар ғылымды қаржыландыру кезінде ЖІӨ-нің 1,5%-дан азы толық қайтарымды күтуге болмайтынын айтты. Президент бұл мәселеге Үкіметтің назарын аударғанын атап өтіп ғылымның дамуына келтіретін кедергілерді жою үшін бірлесіп жұмыс істеуге әрі дамыған елдердің әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, жеке секторды ғылыми зерттеулерге тартудың түрлі тетіктерін әзірлеуге шақырды. Бұл мәселелер биліктегілер мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының назарында. Келесі қадам «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңын ілгерілетудің маңыздылығын түсініп, берілген тапсырмаларды орындау. Осы тарапта Мемлекет басшысы «Академия ғылыми ой-тұжырым орталығына айналуға тиіс. Сондай-ақ, сараптама жасайтын беделді мекеме болуы керек. Қара шаңырақтың рөлін арттыру аса маңызды. Сондықтан оған мемлекеттік мәртебе береміз…», – деп Ұлттық Ғылым академиясына мол сенім артуда. Өз кезегінде Ұлттық Ғылым академиясы Президенттің тапсырмасын орындау барысында, отандық ғылымдағы түйткілді мәселелерді шешу жолында ғылымның басым бағыттары бойынша механизімді іске қосты. Бүгінде осы бағыттар бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Елімізде бірқатар ғылымды зерттеулерге гранттық қаржыландыру көздері қарастырылған бағдарламалар жұмыс жасап тұр. Келесі этап осы дайын әзірлемелерді өндіріске енгізумен жұмыс жасауымыз керек. Осындай дайын ғылыми әзірлемелерді коммерциализацияға айналдыру бойынша «Ғылым қоры» АҚ операторлық ететін гранттық қаржыландыру конкурсы бар. Ғылым қоры 2016, 2017, 2018 және 2022 жылдары төрт байқау өткізген, оған 1422 өтінім түскен. Бірнеше жобалар бойынша өндіріс орындары ашылып, 1600-ден астам жаңа жұмыс құрылған.
Жалпы 2023–2025 жылдарға арналған қаржыландырудың сомасы – 22 750 000 000 теңгені, соның ішінде жылдар бойынша: 2023 жылға – 5 699 604 811,82 теңгені, 2024 жылға – 13 650 000 000,00 теңгені, 2025 жылға – 3 400 395 188,18 теңгені құрайды.
Ғылымға белсенді түрде инвестиция сала отырып, тиімді ғылыми жаңалықтар құрып қана қоймай, ақпаратты тиімді өңдеуге және таратуға қабілетті цифрлық қоғамға ерекше назар аударта аламыз. Сонда ғана экономикалық және технологиялық базасы нығайған нәтижелі жеңіске жеткен, әлемдік аренада бәсекеге қабілетті мемлекет боламыз. Ғылыми зерттеулерге жәрдемдесуде мемлекетке пайда әкелетін экономикалық қызметпен, цифрлық технологиялармен айналысатын белсенді жас ұрпақтың қатысуы шешуші рөл атқарары сөзсіз. Мол сенім бар.