Алматыда мектеп көшбасшыларының аудандық слеті өтті

Алматыда мектеп көшбасшыларының аудандық слеті өтті

«Оқушылардың өзін-өзі басқаруы - демократиялық мәдениетті қалыптастыру құралы» атты тақырыппен қаламыздағы Әуезов ауданында мектеп көшбасшыларының аудандық слеті өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv арнасы.

«Алматы дарыны» орталығы мен аудандық білім бөлімі ұйымдастырған жиында мектеп президенті, парламент сынды басқару жүйесінің жұмысы жайлы айтылды. Оқушылардың жетістігі көрсетілді. Белсенді жұмыс істеген көшбасшылар келесі кезеңге жолдама алды.

 

– Жалпы 32 оқушы қатысты. Оның ішінен іріктеліп 10 бала қалалық кезеңге өтеді. Сарапшылар оқушы жұмысын жіті саралайды. Үздіктер ғана келесі кезеңге жолдама алады, - дейді «Алматы дарыны» орталығының әдіскері Алтынай Нұрғайып.

Өзін-өзі басқару ұйымдары арқылы оқушылар мектептің ішкі саясатына, әкімшілік жұмыстарына, оқу және тәрбие үдерістеріне әсер ете отырып шешім қабылдауға ықпал етеді. Сондықтан бүгінгі жиынның мақсаты – мектеп парламенттерін нығайтып, тәжірибе алмасатын алаң құру.

 

– Мектеп президенттерінің таныстығы өзара тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік береді. Мен демократия туралы презентация жасадым. Оқушылардың білім алуы, тәрбиесі жөнінде ойымды айтамын, - дейді семинар қатысушысы Абдулхафиз Алпысбай.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада осы күндері ТМД елдері мен жақын шет мемлекеттерден жетекші медициналық сарапшылар, танымал клиницистер, зерттеушілер мен профессорлар...

Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановты сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп...