КЕЛЕС АУДАНЫНДА ХАЛЫҚ ҚАЖЕТТІЛІГІН ӨТЕЙТІН НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРУДЕ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ХАЛЫҚ ҚАЖЕТТІЛІГІН ӨТЕЙТІН НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРУДЕ

Түркістан облысының Келес ауданында бүгінгі таңда 10 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы Ұлттық пилоттық жобасы аясында 3 мектептің құрылысы биыл басталып, құрылыс жұмыстары қарқынды іске асырылуда. Осы орайда Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан аумағында құрылысы жүріп жатқан нысандарда болып, құрылыс барысы мен сапасын бақылады.
Алдымен Абай ауылында салынып жатқан білім нысанына қадам тіреген аудан басшысы құрылыс барысын көзден кешірді. Мердігермен тілдесіп, ұсыныстарын тыңдады. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының іргетасы құйылуда. Онда 50 құрылысшы еңбек етуде. Құрылысшылардың дені жергілікті мамандарды құрайды. Нысан келер жылдың тамыз айында аяқталуы жоспарланған.
Аудан басшысы аталған білім нысаны жанынан құрылысы жүріп жатқан спорт комплексінің құрылысы мен де танысты. Онда қазір ғимараттың бетон қабырғалары тұрғызылып, қажетті коммуникация жүйелері тартылуда. Сонымен қатар, аудан әкімі Абай ауылындағы Асан қайғы көшесінің солтүстік беткейін арбатқа айналдыру үшін қажетті шараларды атқаруға жауапты мамандарға тапсырма жүктеді. Бұл аумақтан ел игілігі үшін музей, жас буынды дамыту орталығы сынды нысандардың құрылысы жүргізілмек. Қазіргі таңда 300-ге тарта ағаш көшеттері отырғызылып, күтіп баптау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, Келес ауданында «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Ошақты елді мекеніндегі Абай атындағы жалпы орта мектебі мен Бесқұбыр елді мекеніндегі С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептеріне қосымша 300 орындық оқу корпусы, асхана, спрот зал құрылысы биыл аяқталып, пайдалануға беріледі. Сонымен бірге Жиделі ауылында 300 орындық мектеп пен мәдениет үйінің құрылысы басталса, Ақтөбе ауылдық округіндегі Көгерту ауылынан 300 орындық білім нысанының құрылысы жүргізіледі. Ал Абай ауылы мен Алпамыс батыр ауылдық округінің орталығынан әкімшілік ғимаратының құрылысы биыл аяқталуы жоспарлануда.
Айта кететін маңызды жайт, бүгін де біздің ел ЭЫДҰ, ЮНЕСКО сияқты халықаралық ұйымдармен етене жақын қарым-қатынаста. Сонымен қатар біздің Үкімет экономикамыз бен қоғамдағы басқа да түрлі салалар үшін кәсіби әрі жоғары мамандарды дайындауда біздегі ЖОО-лардың сапасын, бюджетін, жағдайын жақсартуға күш жұмсап жатыр. Әсіресе, университеттердің инфрақұрылымын жетілдіріп, оларды заманауи құралдармен жабдықтауда айтарлықтай инвестициялар салып жатыр. Зерттеу және технологиялық орталықтарды мейлінше дамытуға жұмыстар жүргізуде.
Негізі адами ресурстарды даярлау және олардың сапасын жақсарту, мемлекет пен қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін Тәуелсіздік жылдары білім берудің жаңа модельдері қалыптасты.
Еліміздегі білім беру саласының сапалы бола бастаған тұсы - 1991 жылдан кейін ғана қарқын алды. Осы аралықта жас өскелең ұрпақты әлемнің қазіргі сын-тегеуріндеріне дайындау үшін шексіз-шетсіз жұмыстар атқарылғанын жоққа шығара алмаймыз.
Ең алғашқы әрі елеулі жетістіктердің бірегейі - 12 жылдан тұратын мектептің бағдарламасы. Бұл, әрине, бастауыш және орта білім алушыларға тікелей байланысты. Сарапшы мамандардың пікіріне құлақ асатын болсақ, өзгеріс болашақ студенттерді мансапқа жету жолында қажетті білім мен дағдыларды толықтай меңгеруге үлкен мүмкіндік береді.
Келесі қадам шетелдік тәжірибелерді санаға сіңдіріп, ел келешегі үшін жұмсауға бағытталған "Болашақ" атауымен белгілі бағдарлама. Ол іске қосылған бойы Қазақстаннан 10 мыңға жуық стипендиат әлемнің атағы жер жарған оқу орындарына білім алуға аттанды. Әбден білім жинақтап, кемеліне келген тұста туған еліне қайта оралды.
Ең үлкен дәлелі ретінде "Білімді ұлт”сапалы білім беру" ұлттық жобасын келтіруге әбден болады. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық әрі әлеуметтік әлеуетін арттыру және дамыту үшін зор маңызды иеленеді. Оның төңірегінде Білім беру сапасын арттыру, оған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу, біліктілікті жыл сайын арттыру сияқты шаралар жүзеге асырылды. Сонымен қатар оқу бағдарламаларын жаңарту әрі жаңғырту, мектептер мен университеттердің техникалық-материалдық базасын дұрыстау, педагогтердің кәсібилігін еселеу, ең бастысы мүмкіндігі шектеулі немесе ерекше балаларға білім беру кезіндегі қолжетімділік, демографиялық мәселелер қарастырылды. Осы тұста аталған жаңалықтарға және өзгерістерге сүйене отырып, мынадай болжам жасауға болады:
- Білім деңгейінің сапасын арттыру;
- Мемлекеттің орныққан әлеуметтіа және экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін соған қабілетті білім жүйесін қалыпқа келтіру;
- Инновациялар және ғылыми-зерттеуді дамыту үшін жағдай жасау;
- Әлемдік еңбек нарығында білікті әрі табысты, бәсекеге толықтай қабілетті кадрларды даярлау.
Осы еңбектердің нәтижесінде ғылымға деген жас ғалымдардың құлшынысы көбейіп келеді. Жасы 35-ке дейінгі ғалымдар саны 2011 жылы 6,4 мың адамнан асты, ал 2020 жылы олардың саны 8,1 мың адамға дейін өскені соған дәлел.
Халықаралық рейтингтік басылымдарда жас ғалымдардың жарияланымдық белсенділігінің айтарлықтай артқаны ерекше байқалады. Мәселен, бүгін қазақстандық ғалымдардың Scopus дерекқорындағы жарияланымдар саны 2011 жылмен салыстырғанда 34 есеге (577-ден 19 879-ға дейін), Web of Science дерекқорында 59 есеге (425-тен 25 088-ге дейін) өскен. Соңғы бес жыл ішінде қазақстандық ғалымдардың әрбір бесінші мақаласы әлемнің ғылыми журналдарының ең атақтылар мен үздігіне басылып шықты.
Аталған әрі айтылған жаңалықтардың барлығына еліміздің білім жүйесіндегі жаңару мен жаңғыртуларға қаншалықты күш салып жатқанының белгісі ретінде қарауға болады. Бастысы - ниет әрі дұрыс бағдар керек. Жоспар бар жерде нәтиже бар.
2021 жылғы 13 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалардың тізбесін бекіту туралы жарлыққа қол қойды. 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға арналған «Сапалы білім» Білімді Ұлт» жобасы. Ұлттық жобада зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақ тілін дамытуға жағдай жасау және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау сияқты мәселелер қамтылған.
Кәсіби ортада және қоғамда педагог қызметкердің жағымды имиджін қалыптастыру, сөзсіз өте өзекті мәселе, өйткені кәсіби қызмет адамның өмір сүру уақытының жақсы бөлігін алады, оның барысында кәсіби тұлға ретінде оның жеке басының белсенді дамуы жүреді. Инновациялық жағдайда жұмыс істеу қазіргі мұғалімнен құзыреттілікті дамытуды, максималды жұмыс қабілеттілігін және пайда болған өзгерістерге тез бейімделуді талап етеді.
Кәсіби қызметте мұғалімдердің алдында көбінесе төмен жалақы, бос жұмыс кестесі, авторитарлық көшбасшылық стилі, әріптестердің немқұрайлылығы, басшылардың көмегі мен қолдауының болмауы, кәсіби мәселелерді өз бетінше шешуге құзыреттіліктің қалыптаспауы және соның салдарынан кәсіптен көңілі қалуы, кәсіби өсу қажеттілігін түсінудегі нәрестелік сияқты проблемалар туындайды.
«Сапалы білім – Білімді ұлт» жобасының кейбір тармақтарына уақыт өте келе түзетулер енгізілуі мүмкін, бірақ тұтастай алғанда, берілген вектор біздің біліміміз үшін лайықты және бақытты өмір сүру үшін қажетті білімі мен дағдылары бар табысты тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігін құруы керек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...