ТҮЛКІБАС АУДАНЫ. ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖАРАДЫ!

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ. ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖАРАДЫ!

«Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары республикалық конкурсыныңоблыстық кезеңі 2023 жылдың 30 қараша күні Түркістан қаласы, «Abay school luceum»жекеменшік мектебінің базасында өткізілді. Конкурс - 4 бағыт, 12 секция бойынша ережеге сай өткізілді. Жас зерттеушілердің жыл сайынғы дәстүрлі түрде өткізілетін байқауға 11 оқушы қатысып, ғылым әлемінде ауданымыздың намысын қорғады.
Нәтижесінде:
І орын – Дауан атындағы ЖББМ-нің 3-сынып оқушысы – Жақсылық Кәусар, жетекшісі – Ғаббасова Жанар, секциясы – химия, биология;
І орын – Ломоносов атындағы МГ-ның 3-сынып оқушысы – Мухан Балым, жетекшісі – Атабаева Машхура, с-екциясы – этномәдениеттану;
ІІ орын - «Майлыкент» ЖББМ-нің 7-сынып оқушысы Тургалиқызы Мадина, жетекшісі – Изтилеуова Алия, секциясы – қазақ тілі мен әдебиеті;
ІІ орын –Б. Садықов атындығы ЖББМ-нің 5-сынып оқушысы – Саева Еркеназ, жетекшесі – Абдикеримова Айжан, секциясы – тарих, өлкетану;
ІІ орын – Абай атындағы МЛ-нің 3-сынып оқушысы - Сагимбек Газиз, жетекшісі – Примбетова Гульсара, секциясы – экология;
ІІ орын – Макаренко атындағы ЖББМ-нің 7-сынып оқушысы - Сайлихан Дана, жетекшісі – Бекзатова Гульнара, секциясы – ағылшын тілі;
ІІ орын – П.Шевцов атындағы ЖББМ-нің 5-сынып оушысы - Муратбеуова Томирис, жетекшісі – Ауелбаева Жазира, жетекшісі – орыс тілі мен әдебиеті;
ІІ орын – Т. Рысқұлов атындағы ЖББМ-нің 6-сынып оқушысы – Рустемов Нуржан, жетекшесі – Ибрагимова Алия, секциясы – информатика, робототехника STEM инженерия;
ІІІ орын - Б. Садықов атындағы ЖББМ-нің 4-сынып оқушысы – Нұрберген Рамазан, жетекшісі – Егембердиева Шынар, секциясы – технология және өнер.
Осылайша, ғылым әлемінде бақтарын сынаған 9 жеңімпазымыз жүлделі орын алып, мерейімізді үстем етті. Республика кезеңіне – 2 оқушы жолдама алды. Жеңімпаздар мен жетекшілеріне шығармашылық табыс тілеп, шын жүректен құттықтаймыз! Сонымен бірге, конкурстың республикалық кезеңіне қатысатын жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!
Айта кететін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында:
«Шын мәнінде, бүгінгі басқосудың мән-маңызы зор. Қай заманды алып қарасақ та, дамудың басты кілті бұл – ғылым.
Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Әсіресе қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін емес. Сондықтан мен ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отырмын.
Осы өзекті мәселе бойынша сайлау алдындағы бағдарламада арнайы өз пікірімді айттым. Себебі ғылымды дамыту – мемлекет саясатындағы ең маңызды бағыттың бірі», - деді Президент.
«Өкінішке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған баса назар аударылған жоқ. Соған байланысты шешімін таппай жатқан мәселелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деуге болады. Біз өркениетті ел боламыз десек, осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек. Сол себепті менің Жарлығыммен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды. Оған Президент жанындағы кеңес мәртебесі берілді.
Бұл – мемлекеттің ғылым саласындағы басымдықтарына қатысты ұсыным әзірлейтін негізгі құрылым. Біз кеңесті жасақтаған кезде оның құрамына айрықша мән бердік. Қазақ ғылымына зор еңбек сіңірген аға буын өкілдерін және шетел ғалымдарын шақырдық. Әлемге әйгілі ғылыми орталықтарда жұмыс істеп жүрген жас ғалымдарымыз да кеңестің құрамына қосылды.
Бізге алдыңғы толқынның мол тәжірибесі, кейінгі толқынның озық білімі және тың идеялары аса қажет. Олар өзара үйлесім тауып, еліміздің кәдесіне жарайды деп сенемін», - деді әрі қарай.
Ел Президенті барлық баяндамалары мен мақалаларында, Жолдаулары мен үндеулерінде, сондай-ақ сайлауалды бағдарламасында да ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытуды үнемі назарда ұстап келеді. Ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты және ұлттық ғылыми жүйені басқаруды жетіл­діру мақсатында Қазақстан Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды.
Қазақстандық қоғамда білім мен ғылыми білімнің құндылығы басымдылыққа ие. Деректер бойынша, азаматтардың білім деңгейі өсуде. Осылайша, 2010 жылы Қазақстанда жұмыспен қамтылған халықтың білімі негізінен орта деңгейде (42%) болса, 2021 жылы техникалық және кәсіптік білімі барлар саны – 43%, жоғары білімділер – 40%. Зиялылықтың өсуімен қатар, ғылым саласында тікелей жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны артты. 2000 жылдардың басында ғылым қызметкерлерінің саны 15 мың адамнан аспады, ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 22,5 мыңға дейін өсті. Айта кететін жайт, сандық көрсеткіштер ғана емес, сапалық көрсеткіштер де өсуде. Осылайша, ғылыми қызметкерлердің құрылымында ғылыми дәрежесі барлардың саны артты. Ғылым докторлары – 8%, философия докторлары PhD – 11% және ғылым кандидаттары – 18%.
Бір қызығы, ғылым қызметкерлерінің гендерлік өкілдігі де өзгеруде. Көптеген әйелдер академиялық біліктілікке ие болып, ұзақ уақыт бойы ер адамдардың құзыреті болып келген ғылыми салада жұмыс істейді. ЮНЕСКО мәліметтері бойынша, әйелдер бүкіл әлем бойынша ғылыми қызметкерлердің шамамен 30% құрайды. Әсіресе, әйелдер әлемдік жұмыс күшінің 49% құрайтын Life sciences industry сияқты кейбір кіші секторларда прогресс байқалады. Қазақстанда әйелдер санының артуына қатысты алшақтық соңғы онжылдықта күшейе түсті. Статистикаға сәйкес, 2013 жылы зерттеуші мамандардың саны бойынша әйелдер/ерлер арақатынасы – 51,5% те 48,5% болса, 2021 жылы 54,5% әйел адамдар және 45,5% ер адамдар болды.
Дегенмен, бұл зерттеулер мен әрекеттердің гендерлік бағдары өзгеруі мүмкін екенін көрсетсе де, олардағы әйелдердің позициялары әлі де ерлерге қарағанда төмен. Бұл бағыттағы маңызды қадам Мемлекет басшысының Өкімімен Күнсұлу Закарияны ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының президенті етіп тағайындау болды. Бұл – Ғылым академиясының тарихында әйел адамның осы лауазымға тағайындалуының екінші жағдайы. Қазіргі уақытта ҚР ҰҒА академиктері арасында әйелдердің өкілдігі небәрі 10%, корреспондент-мүшелер арасында сәл артық – 22,4%. Бұл деректер ЮНЕСКО мәліметтері бойынша ұлттық ғылым академиялары мүшелерінің тек 12%-ы әйелдер болып табылатын жалпы әлемдік тенденциямен байланысты. Сонымен қатар, табысы төмен елдерде олардың үлесі одан да аз. Дегенмен, ғылым мен ғылыми білімнің құндылығын түсіне отырып, біз мүмкіндіктердің теңдігіне және азаматтардың әртүрлі санаттарын ғылымға тартуға ұмтылуымыз керек.
Сонымен қатар жақында ел Үкі­меті отандық ғылымның бәсекеге қа­білет­тілігін арттырып, ұлттық деңгей­дегі өзекті проблемаларын шешу үшін жоғары білімді және ғылымды дамы­тудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Енді жоғары оқу орындары өз қызметінде осындай мақсатты бағдарламалар мен нормативті құжаттарды басшылыққа ала отырып, ізденістерін жалғастырады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жергілікті атқарушы органдарды тарту қажет, олар да ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландырып, жергілікті жерлерде ғылым бірінші кезекте облыс экономикасының назарында тұрған мәселелерді шешуге бағытталуға тиіс», деп көрсеткен болатын. Сондықтан да елімізде болып жатқан реформаларды тиімді жүзеге асыру үшін билік органдарынан бастап, барлық сала өкілдері бірлесе жұмыс атқару керек. Сонда ғана ол реформалар сөз жүзінде қалып кетпей, халық игілігі үшін қызмет ететін нақты іске айналады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...