АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі бүгін Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты"Жанкент" жалпы білім беретін мектептің базасында салтанатты түрде ашылды.
Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
Олимпиадаға республикамыздың ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын 9-11(12) сынып оқушылары қатысуда.
«Ауыл мектептеріне арналған олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балаларды анықтауға және дамытуға бағытталған. Өткізу қағидаларына сәйкес олимпиада 13 пән бойынша (жаратылыстану–математикалық бағыттағы 6 пән, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән) өткізіледі және 3 кезеңнен тұрады.
Бастапқы кезеңге қатысу үшін аuyl.daryn.kz сайтында Түлкібас ауданынан 1500 оқушы тіркелді. Олимпиада «бір компьютер – бір оқушы – бір камера» қағидаты бойынша өткізіледі. Кезең қорытындысы орталықтың сайтында жарияланатын болады» - деді «Дарын» РҒПО директорының орынбасары Айгүл Каркулова.
Тапсырмалар дәстүрлі олимпиадалық тапсырмалар түрінде онлайн-платформада беріледі.
Олимпиаданың III кезеңіне ІІ кезеңнің жеңімпаздары (нәтижелерге сәйкес, әр пән мен сынып бойынша екіден артық емес) қатысады: жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша 9-11(12) сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша 10-11(12) сынып оқушылары. III кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай мектепке қабылданады. Олимпиаданың қорытынды бойынша қатысушылардың жалпы санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталады. I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады.
Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 20 қараша күні ауданымыздың барлық ауыл мектептерінде бір мезгілде өткізілді.
Бүгін 20 қараша күні 9-11 сынып оқушылары ағылшын тілі пәнінен онлайн- форматта олимпиада тапсыруда. Дарынды оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
Айта кететін, ғылымды дамыту – мемлекет дамуын анықтайтын басты көрсеткіш. Сондықтан кез келген ел үшін білім мен ғылым саласы басты назарда тұратыны сөзсіз. Біздің еліміз үшін де солай. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында осы салалардағы мәселелерді шешу бойынша нақты шараларды қамтыған.
Дамыған елдер бәсекеге қабілетті қоғамды қалыптастырудың іргелі құрылыс материалы ретінде ғылымның маңыздылығын халықаралық деңгейде мойындауда. Бұл қалыпты құбылыс. Солай болуы керек те. Бүгінгі таңда ғылымның эволюциясы әлемдік білім беру кеңістігінде, әсіресе цифрлық қоғам дәуірінде жаңа сипаттамаларға ие. Бұл тұрғыда ғылымға қарқынды инвестиция салатын елдер тиімді ғылыми жаңалықтарды құрып қана қоймай, сонымен қатар өз ұстанымдарын нығайту және күштерін арттыру арқылы осы процестен пайда көруде. Біз де қалыс қалмауымыз қажет. Ол үшін идея мен инновацияның арасын жалғаушы ғылыми зерттеулерге үлкен акцент қоюымыз қажет. Осы тұрғыда Қазақстандағы университеттер, зерттеу институттары мен инновациялық орталықтар әртүрлі салалар бойынша зерттеулермен белсенді айналысуда. Бұл зерттеулердің нәтижелері болашақ инновациялық жобаларға негіз болары сөзсіз.
Жалпы, стратегияның маңызды аспектісі ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру болып табылады. Президент бұл қадам қосылған құнның өсуіне ықпал етіп қана қоймай, бизнестің және бүкіл елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтатынын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Елдегі ғылымды қаржыландыру 0,13%-ды құрайды, бұл көрсеткіш 2,5%-ға жеткен дамыған елдерге қарағанда айтарлықтай аз. Біздің ғылымға жұмсаған шығындарымыз өте жеткіліксіз және бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігі көп нәрсені қалайды» деген болатын. Сарапшылар ғылымды қаржыландыру кезінде ЖІӨ-нің 1,5%-дан азы толық қайтарымды күтуге болмайтынын айтты. Президент бұл мәселеге Үкіметтің назарын аударғанын атап өтіп ғылымның дамуына келтіретін кедергілерді жою үшін бірлесіп жұмыс істеуге әрі дамыған елдердің әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, жеке секторды ғылыми зерттеулерге тартудың түрлі тетіктерін әзірлеуге шақырды. Бұл мәселелер биліктегілер мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының назарында. Келесі қадам «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңын ілгерілетудің маңыздылығын түсініп, берілген тапсырмаларды орындау. Осы тарапта Мемлекет басшысы «Академия ғылыми ой-тұжырым орталығына айналуға тиіс. Сондай-ақ, сараптама жасайтын беделді мекеме болуы керек. Қара шаңырақтың рөлін арттыру аса маңызды. Сондықтан оған мемлекеттік мәртебе береміз…», – деп Ұлттық Ғылым академиясына мол сенім артуда. Өз кезегінде Ұлттық Ғылым академиясы Президенттің тапсырмасын орындау барысында, отандық ғылымдағы түйткілді мәселелерді шешу жолында ғылымның басым бағыттары бойынша механизімді іске қосты. Бүгінде осы бағыттар бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Пре­зи­дент жа­нындағы Ғылым және тех­но­логиялар жө­ніндегі Ұлттық кеңес­тің алғашқы оты­рысында: "Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Әсіресе, қа­зіргі озық техноло­гия дәуірінде ғы­лым­сыз алға басу мүмкін емес. Сондықтан мен ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отырмын. Осы өзекті мәселе бойын­ша сайлау алдындағы бағдар­ла­мада арнайы өз пікірімді айттым. Себебі ғы­л­ымды дамыту – мемлекет саясатын­да­ғы ең маңызды бағыттың бірі. Өкініш­ке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған бас­а назар аударылған жоқ. Соған бай­ла­нысты шешімін таппай жатқан мә­се­лелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деу­ге болады. Біз өркениетті ел боламыз де­сек, осы олқылықтың орнын толты­руы­мыз керек" деген болатын.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамытудың жаңа үлгісіне сәйкес, Ұлттық ғылым академиясының рөлі ерек­ше болатынын айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...