ТҮЛКІБАС: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ТҮЛКІБАС: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

2023 жылдың 15 қараша күні Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Н.Тұрсынбеков атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебінде аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған "Қазақ тілі мен әдебиеті сабағын мақсатқа жету жолындағы тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқыту" тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өткізілді.
Мақсаты: Білім алушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру, сыни , шығармашылық, логикалық ойлау, зияткерлік дағдыларын дамыту.
Семинарға барлық білім беру ұйымдарынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинарды мектеп директоры Дүйсенбаев Ғ. ашып беріп, мектептің тарихымен таныстырып, педагогтері туралы тоқталып өтті. Пән әдіскері Г. Оразбаева семинардың маңыздылығы мен семинар тақырыбының ашылуына аса мән беру керектігі туралы айтты және семинар бағдарламасымен таныстырды.
Семинарда Турсынқұлова А. 9-сынып "М.Өтемісұлының өлеңдерінің табиғаты", Жолдасбекова А. 7-сынып "Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік", Сарсенбаева Д. 6-сынып "Астана-әсем қала" және десанттық сабақты Жамбыл атындағы ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шаметова Р. 8-сынып "М.Мөңкеұлы "Үш қиян" толғауындағы заман келбеті", А. Оразбаева атындағы ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байғонова Б. 5-сынып " Адам және жыртқыш аң" тақырыптарында ашық сабақтарын өтті.
Семинар барысында басты мақсат - тақырыптың ашылуы, мақсатқа жету жолындағы әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, тақтамен жұмыс жасау аясында тиімді кері байланыстар берілді және пән мұғалімдеріне өз ұсыныстарын да жеткізе білді.
Осындай қазіргі таңда берері мол, әсіресе жас мамандарға әдістемелік сүйемелдеу мақсатында өткізілген іс-шаралар өз кезеңімен жалғасын таба бермек.
Айта кететін, елімізде 2029 жылға қарай қазақ тілін меңгерген азаматтардың саны 84 пайызға дейін артуы тиіс. Қазақстан Үкіметі өз қаулысымен Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті.
Тұжырымдама бойынша келесі межелерге қол жеткізу көзделген.
- Тұжырымдамада 2029 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесін 84 пайызға жеткізу қажет.
- Мемлекеттік телеарналардағы қазақ тіліндегі телебағдарламалардың үлесі 2029 жылға қарай 84 пайызға жетуі тиіс.
- Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардағы құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесі 94 пайызды құрауы тиіс.
- Қазтест жүйесі бойынша В2 деңгейінде қазақ тілін меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2029 жылы 50 пайыз болады.
Осы мақсаттарға қол жеткізу тұжырымдамасында басқалармен қатар, халыққа қазақ тілін үйрету курстарын ашу, бейнесабақтар өткізу, жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бағдарламаларын жаңарту ұсынылады.
Сонымен қатар, құжатта жаңа сөздіктер мен анықтамалықтар әзірлеп, басып шығару, түрлі курстар мен семинарлар ұйымдастыру ұсынылады.
Ұлттың ұлт болып іргесін бекітуі үшін ең алдымен тіл дамуға тиіс. Әлемде 6500-ден астам тіл болса, соның екі мыңға жуығы «өлі тілдер» санатына кірген. Мамандардың зерттеуінше, әр екі апта сайын дүние жүзінде бір тіл өледі.
Егемен ел атанған алғашқы уақытпен салыстыр­а қарар болсақ, титулды ұлт ретінде қазір қазақ халқының үлес салмағы жыл санап көбейе түсуде. Бұл - тілдік ортадағы қазақ тілі үстемдігінің нығайып келе жатқандығының бір айғағы. 2021 жылғы Ұлттық халық санағының нәтижесі бойынша қазақ ұлтының үлесі 70,4 пайыздан асып жығылды. Бұл моноұлтты мемлекеттің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Ресми мәліметтерге сүйенер болсақ түркітілдес халықтардың ішінде өзбектердің 72 пайызы, ұйғырлардың 71,7 пайызы, қырғыздардың 58,5 пайызы қазақ тілін сөйлеу тілі деңгейінде, ал 12 пайызы қазақша оқып, жаза алатын жоғары деңгейде меңгергені мәлім болды. Славян диас­порасы ішінде орыстардың 25,1 пайызы, украиндардың 23,7 пайызы, белорустардың 22,8 пайызы, поляктардың 22,1пайызы, сондай-ақ неміс диаспорасының 25,2 ­пайызы ауызекі қазақ тілін түсінеді. Аталған диас­поралар ішінде қазақша оқып, жаза білетіндердің үлесі – 2,9 пайызды құрайды. Яғни, бұдан шығатын тұжырым, мемлекеттік тіл қолданысының сапасын әлі де болса арттыру керек.
Тіл Тұжырымдамасы 2023 жылдың 11 сәуірінде ашық нормативтік құқықтық актілер порталында (Ашық НҚА порталы) жарияланды. Қоғам тарапынан 11-24 сәуір аралығында ашық порталда Тұжырымдама жобасына 4103 қаралым жасалынып, 126 пікір түсті. Барлығына жауап берілді. Ешқандай қарсы пікір жазылмаған. 11 дизлайкты айтпасақ 4103 қаралымның барлығы дерлік қолдау тапқан. ҚР Үкіметінің қаулысы жобасында: «Тілдік, этнодемографиялық және саяси жағдайларды ескере келе, қазақстандық қоғамның бірегейлігін нығайту факторы «Мемлекеттік тіл туралы» арнайы Заң әзірлеу маңызды мәселе.Мұндай Заң мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің мәртебесін нақты белгілеуге, оны пайдалану саласын айқындауға, қолданыс мәдениетін арттыруға өте үлкен мүмкіндік береді. Аталған Заңды қабылдаудың алғышарттарын қалыптастыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту –  іргелі іс. Өйткені қазақ тілі әдеби тіл болуы үшін оның 5 функционалдық стилі қамтылуы керек. Қазіргі таңда әлемде 200-ге ғана жуық әдеби тіл бар. Соның бірі – қазақ тілі.
«Қазақ тілі – азаматтық интеграцияның тиімді құралы, мәдени-рухани тұтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ қазақ тілі ғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуы керек. Бұл – тек салалық министрліктердің ғана емес, бүкіл қоғам болып шешетін тарихи міндет», деген еді Президент.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...