АРЫС: АҚЫН ПЕРНЕБЕК ҮСЕНБАЙ АТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ «ҮЛГІЛІ ҰСТАЗ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

АРЫС: АҚЫН ПЕРНЕБЕК ҮСЕНБАЙ АТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ «ҮЛГІЛІ ҰСТАЗ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Арыс қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Арыс қаласының «Құрметті азаматы», ұлағатты ұстаз, ақын Пернебек Үсенбай атындағы «Үлгілі ұстаз-2023» қалалық байқауы өтті.
Байқауға Арыс қалалық білім бөліміне қарасты мектеп ұстаздары қатысты. Сынға түскен 12 мұғалім «Мамандығым - мақтанышым» өзін – өзі таныстыру, «Жыр жазамын жүрегімнен» П.Үсенбайдың шығармаларын орындау,«Білгенге маржан» сұрақ - жауап кезеңдері бойынша бақтарын сынады.
Білікті сарапшылардан құрылған қазылар алқасы әр қатысушының сахна мәдениетіне, тіл тазалығына, орындау шеберлігіне баса назар аударды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлде – Е.Молдабаев мектебінің мұғалімі Айсұлу Аширбековаға бұйырды. Ал, І орынды Ә.Жангелдин мектебінің математика пәні мұғалімі Рысайым Төлтаева қанжығасына байласа, ІІ орын – С.Қожанов мектебінің ұстазы Ақнұр Оңғарбек пен Жиделі мектебінің мұғалімі Нұрбану Әнуарбекқызына бұйырды. Жүлделі ІІІ орынды Нұрхан Сания (С.Қожанов о.м), Арынбаева Айгүл (4 бастауыш мектебі), Мәуленова Ақнұр (М.Шаханов о.м) ұстаздары місе тұтты.
Шара барысында байқаудың демеушісі Г.Үсенбаева тарапынан барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Айта кететін, педагогтердің абыройын арттыра түсу және оларды қолдау, дамыту мақсатында бүгінге дейін жаңа бағдарламалар мен бастамалар қолға алынуда. Оның айқын дәлелі - жыл сайын Оқу-ағарту министрліктері өткізетін шаралар: үздік мектеп пен педагогтерге арналған конкурстар, мұғалімдердің кәсіби өсуіне септігін тигізетін түрлі гранттар мен біліктілікті арттыру стипендиялары. Бүгін де қашықтықтан оқу жүйесін дамыту және оқыту үдерісіне заманауи технологияларды енгізу арқылы, педагогтердің жан-жақты жұмыс істеуіне мүмкіндік берілуде.
Қазақстанда педагог мамандығының мәртебесі мен беделін арттыру курсы бірнеше жыл бұрын, мұғалімнің асыл еңбегін қолдау, сондай-ақ оның қызметінің барынша тиімділігін қамтамасыз ету үшін "педагог мәртебесі туралы"ҚР Заңы қабылданған кезде қолға алынған еді.
Үкіметтің 2021 жылғы 15 шілдедегі кеңейтілген отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді артық жүктемеден босатуды, сондай-ақ мұғалімдерге төлемді екі есеге арттыруды тапсырды. Сонымен қатар әртүрлі өңірлердегі педагог құқықтарының тапталуына және бұзылуына жол бермеу мақсатында КОКСОН білім беру саласындағы сапаларды қамтамасыз ететін департаменттердің базасында педагог этикасы және олардың құқықтарын қорғау мәселелері төңірегінде кеңестер құрылды. Заңға сәйкес жүктемелер қысқартылып, педагог қызметіне қатысы жоқ мәселелерді шешуге толықтай тыйым салынып, 16 сағаттық жүктемеге көшу жүзеге асырылды.
Сондай-ақ педагог мамандығына дарынды түлектерді тарту және білім сапасын қамтамасыз ету үшін 2020 жылдан бастап жас мамандарға біліктілік санатын берудің ерекше, жаңа тәртібі көзделді. Мәсәлен, Болашақ бағдарламасы түлектеріне "педагог-зерттеуші" мамандығы беріледі және лауазымдық жалақысының 40 пайызы мөлшерінде қосымша ақы алады.
Педагогтың кәсіби өсуінің жаңа жүйесін енгізудің арқасында білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы лауазымдық жалақысына байланысты 30-дан 50%-ға дейін өсті. Соның негізінде бүгінгі таңда "педагог мәртебесі туралы" Заңға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудың тиісті білім беру бағдарламалары әзірленуде. Сарапшылар атап өткендей, бұл шара жалпы республика бойынша педагогтерге қажеттілік мәселесін шешуге бағытталған.
Орыс жазушы "Ұстаз өз ісін сүюі, ойлай білуі, барлық істі шын ынтасымен атқара білуі маңызды" деген екен. Ал К.Д.Ушинский "Оқытушы өз білімін үнемі жетілдіріп отырғанда ғана оқытушы бола алады. Ал осы ізденісті тоқтатқанда, оның да мұғалімдігі жойылады" дейді. Сондықтан әр педагогтың үнемі өзін дамытып отыруы маңызды.
Қазақстанда педагогтердің беделімен қатар, кәсібилігін арттыру жұмыстары да қолға алынған. Олардың қатарына төменде көрсетілген шараларды жатқызуға болады:
- Біліктілікті арттыру жәнекәсіптік қайта даярлау: курстарды,семинарлар, тренингтер және мастер-класстар ұйымдастыру арқылы мұғалімдерге көмектесетін өз саласындағы білім мен дағдыларды қалыптастыру шаралары;
- Кәсіби қауымдастықтарды дамытужәне педагогтер бірлестіктерін құру,форумдар, клубтар, қауымдастықтарда тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ қолдау көрсету;
- Педагогтерге өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау:ғылымиконференцияларға қатысу үшін мүмкіндік беру, халықаралық семинарлар, конкурстарға қатысу, беделді басылымдарға мақалалар жариялау;
Инновацияларды қолдау жәнеэксперименттік жұмыс: педагогтерге қолайлы жағдайлар жасау үшін оқытудың жаңаәдістері мен технологияларын енгізу, сондай-ақ педагогтерге шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік беру;
- Білім берудегі сапаны арттыру үшін бағалау жүйесін дамыту: бұл жүйені енгізу арқылы педагогтердің кәсіби деңгейі мен олардың жұмыс тиімділігін арттыру;
- Мектеп және отбасы арасындағы байланысты нығайту: ата-аналарменжиналыс ұйымдастыру, бірлескенбағытталған іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыру;
- Кәсіби жүйені құру және мансаптық өсу: педагогикалықкадрлардыңбіліктіліктілігін арттыру, тағылымдама, жобалар мен бағдарламаларға қатысу, жас педагогтарды қолдау.
Мектептердің инфрақұрылымын дамыту:мектептерді қазіргі заманауи жабдықтармен, оқу материалдарымен,мұғалімдерге тиімді әрі қызықты сабақ өткізуге мүмкіндік беретін технологиялармен қамтамасыз ету;
Педагогтердің жұмысының тиімділігіне мониторинг және талдау жүргізу: мониторинг нәтижесінде алынған деректерпедагогтар жұмысының тиімділігін бағалау менпроблемалық аймақтарды анықтауға, оларды жоюға мүмкіндік береді.
Ұстазы бар елдің ұстамы мықты. Педагог мектептің ғана емес, мемлекеттің жүрегі. Білім мен тәрбиенің негізгі көзіне айналған осы бір мамандық иелерінің беделі мен кәсібилігін күн сайын арттырып, маңызын ұғындыру - алға қойған ең үлкен мақсаттардың бірі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Алматы қаласы «NARXOZ» университетінің алаңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім: Қазақстандағы халықаралық тәжірибе...