БӘЙДІБЕКТІК ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

БӘЙДІБЕКТІК ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Шымкент қаласы "Jana dauir" мектеп-интернат базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Аудан мектептерінен 11 жұмыс облыстық кезеңге қорғауға жолдама алып қатысты. Нәтижесінде, Бәйдібек ауданынан екі оқушы жүлделі орынға ие болып, республикаға жолдама алды.
М.Әуезов атындағы ІТ-мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Досалы Дінмұхамед информатика секциясы бойынша І орын (жетекшісі Молдашова Майра), 10 сынып оқушысы Жұмағали Шерхан орыс тілі секциясы бойынша ІІ орын (жетекшісі Үсенбаева Гүлмира) иеленіп, аудан мерейін үстем етті.
Айта кететін, Қазақстан жоғары әрі сапалы экономикалық өсу бағытын ұстанады, бірақ оған ғылымсыз қол жеткізу, әрине, мүмкін емес. Алғашқы қадам жастарды ғылым мен білімге баулудан басталды. Үкімет дарындыларды іздеу мен қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламалар мен іс-шараларды жүзеге асырып жатыр. Сондықтан қазіргі уақытта 40%-ға жуық студент, яғни тоғыз мың адам осы саланың биік белестерін бағындырып жүр. Бұл азаматтардың ел дамуына деген қызығушылықтарын тайға таңба басқандай анық көрсетеді.
Бүгінгі таңда қазақстандық ғалымдар шетелдік ғалымдармен қатар медициналық биотехнология, трансплантология, геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өңдеу, агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заманауи әзірлемелерге қатысып жатыр. Пандемия жағдайында ғалымдарымыздың COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны жасаудағы жетістігі ерекше маңызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің жария мәлімдемелеріне сәйкес, 2021 жылдың басында әлемде коронавирусқа қарсы 200-ге жуық вакцина әзірленген, ал 63 дәріге сынақтар жүргізілген. Қазақстан өз вакцинасын жасаған бесінші ел болды, ал оны пайдалану халықты вакцинациялау үшін қолданылатындар тізімінде жетінші орынға жайғасқан. Сондай-ақ, біздің ғалымдар адам ағзасында коронавирустың бар-жоғын анықтауға арналған экспресс-тесттерді алғашқылардың бірі болып ойлап тапқан еді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап еліміздің жаңғыру кезеңдеріне сәйкес ғылымды жүйелі дамытудың құқықтық базасы қалыптасты. «Қазақстан Республикасының ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаты туралы» бірінші Заң 1992 жылы қаңтарда қабылданып, елімізде ғылымның қызмет етуінің негіздерін бекітуге, ғалымдар мен ұйымдардың мәртебесі мен құқықтарын қорғауға толықтай мүмкіндік берді. Бұл Заң ғылымды өндіріспен біріктіру, оны коммерцияландыру, зияткерлік меншікті қорғау және халықаралық ынтымақтастық қағидаттарын белгіледі.
Қазіргі заманғы әлемдік экономикада материалдық құндылықтардан гөрі зияткерлік әлеуетке көбірек назар аударылады. Ұлттың қазіргі заманғы және тиімді білім беру жүйесін қолдау, оқыту арқылы жұмыс күшінің зияткерлік әлеуетін арттыру бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды факторға айналуда.
Қазақстан қазіргі кезде экономиканы дамытудың индустриялық–инновациялық сатысына аяқ басты. Бұл кезең нарықтық шарттар талаптарына ғылым жүйесін қазіргі заманғы экономикалық талаптарға қайта бағдарлануымен сипатталады, сөйтіп, тиісті нормативтік құқықтық базамен реттелетін ғылымды дамытуды құрылымдық, ұйымдастырушылық, кадрлық, инфрақұрылымдық және қаржылық қамтамасыз етуде түбегейлі өзгерістерге алып келуге тиіс.
Ғылыми–техникалық әлеуетті дамыту экономиканың дәстүрлі секторларына тән болып табылмайтын ілеспелі фактор ретінде қарастырылмауға тиіс. Ғылым саласы – бұл да басқа секторлар үшін ортақ барлық ерекшеліктерге, ережелер мен реттеу тетіктеріне ие экономиканың бір секторы.
Президент Қ.Тоқаев: «Өркендеген ел болу үшін бұл жағдайды түзету керек» деп есептейді. Бұл бағытта қазірдің өзінде бірқатар шаралар қолға алынған. Жеке ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды, Ұлттық ғылым академиясына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік мәртебе берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңес құрылып, оған ғылымды дамытудың негізгі бағыттары мен басымдықтарын анықтау тапсырылды.
Президент өз сөзінде «тым орталықтандырылған жоспарлау мен басқару, мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділік, бизнес тарапынан ғылыми-зерттеу жұмыстарына сұраныстың төмендігі, кадрлардың, әсіресе, жастардың жетіспеушілігі» сияқты орын алып отырған проблемаларға тоқталды. Маңызды мәселе – ғылымды қаржыландыру, соңғы 5 жылда ғылымға жұмсалған қаражат Қ.Тоқаев атап өткендей, 60%-ға өскенімен, жалпы ішкі өнім құрылымындағы ғылымның үлесі төмен – 0,13%-ды құрап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Қ.Тоқаев: «Өркендеген ел болу үшін бұл жағдайды түзету керек» деп есептейді. Бұл бағытта қазірдің өзінде бірқатар шаралар қолға алынған. Жеке ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды, Ұлттық ғылым академиясына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік мәртебе берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңес құрылып, оған ғылымды дамытудың негізгі бағыттары мен басымдықтарын анықтау тапсырылды. Ал маңызды мәселе – ғылымды қаржыландыру, соңғы 5 жылда ғылымға жұмсалған қаражат Қ.Тоқаев атап өткендей, 60%-ға өскенімен, жалпы ішкі өнім құрылымындағы ғылымның үлесі төмен – 0,13%-ды құрап отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Алматы қаласы «NARXOZ» университетінің алаңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім: Қазақстандағы халықаралық тәжірибе...