Алматыда түркітілдес журналистердің III медиафорумы өтті

Алматыда түркітілдес журналистердің III медиафорумы өтті

Түркі ұйымына мүше елдердің ынтымақтастық негіздері аясында ортақ жобалар санын арттыру керек. Мұндай ұсыныс Алматыда өткізілген түркітілдес журналистердің үшінші медиафорумында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv арнасы.

Сондай-ақ Орталық Азия мен Түркиядағы медианың ақпараттық интеграциясы мәселелері талқыланды. БАҚ-тың  бірлігін күшейтуді мақсат еткен форумда журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға баса назар аударылды. Үш күнге созылған іс-шараға қатысушылар Қазақстанның әр аймағынан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Бельгия, Нидерланды және тағы да басқа елдерден келген.

– Соңғы кездері жалған ақпарат әлемдік медиада қаптап кетті. Бұл – әлемдік журналистиканың проблемасы. Сондықтан медиафорумда кәсіби этика, жалған ақпаратпен күрес, верификация, фактчекинг мәселелері талқыланды, – деді Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямерген.

 

– Қазір журналистерге артылатын жауапкершілік жүгі ауыр. Сондықтан мұндай форумдардың маңызы зор. Әр елден келген жас, білікті мамандар тәжірибе алмасып, болашақта қандай ортақ жобалар атқаруға болатынын кеңесеміз, – деді Юсуф Чинал Қатысушы (Бельгия).

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен кездесу өткізді,...

Астанада осы күндері ТМД елдері мен жақын шет мемлекеттерден жетекші медициналық сарапшылар, танымал клиницистер, зерттеушілер мен профессорлар...