Алматыда «Мүмкіндіктер уақыты» атты екінші әлеуметтік Форум өтті.

Алматыда «Мүмкіндіктер уақыты» атты екінші әлеуметтік Форум өтті.

Алматыда Халықаралық мүгедектер күніне орайластырылған «Мүмкіндіктер уақыты» атты екінші әлеуметтік Форум өтті.

Форумның негізгі мақсаты – инклюзивті қоғам құрудың өзекті мәселелерін кешенді талқылау және шешу жолдары үшін мүгедектігі бар адамдардың барлық дерлік санаттарын жинау.

Форум жаңа форматта, TED конференциясы, Town Hall форматында және Нетворкинг форматында өтті. Форум жұмысына 300-ден астам адам қатысты.

Іс-шараға тең мүмкіндіктер қоғамын құру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік, республикалық және халықаралық ұйымдардың спикерлері мен сарапшылары шақырылды.

Форум барысында әлеуметтік бағдарламалардың даму үрдістері мен перспективалары, мүмкіндігі шектеулі жандар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына қатысты еңбек заңнамасының негіздері, қоғамдық ұйымдардың іске асырылған әлеуметтік жобалары мысалында қоғамның, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы талқыланды.

Сондай-ақ, халықтың мобильділігі төмен топтарының өмір сүру сапасын жақсартуға зор үлес қосқан тұлғаларды марапаттау рәсімі өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...