ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Отырар аудандық білім бөлімінің жоспарына сай шағын жинақты мектептерде бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңартылған бағдарламамен оқыту үдерісіне көшу, оқытудың ақпараттық -коммуникативті әдістерін, жаңаша білім беруде оқыту технологияларын тиімді пайдалану, пәндердің берілу сапасын арттыру мақсатында "Шәуілдір" бастауыш КММ мектебінде ұйымдастырылған «Бастауыш сынып оқушылардың фунционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың жолдарын анықтау. Міндеттері: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін анықтау, ғылыми әдістемелік, психологиялық және педагогикалық негізін талдау.
Бастауыш пәні мұғалімдері өткізілген ашық сабақтарда болып, іс-тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Мектеп ұжымы семинарды өз дәрежесінде өтіп, өздерінің ұйымшылдықтарын көрсете алды. Сонымен қатар, заманауи іс-тәжірибелерімен бөлісіп, сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.
Семинардың соңында қатысушы ұстаздар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, өз әсерлерімен бөлісті. Қатысушылар «біркүндік семинарға қатысып, бір жылдық азық алып бара жатырмыз», - деп тарқасты
2021 жылғы 13 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалардың тізбесін бекіту туралы жарлыққа қол қойды. 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға арналған «Сапалы білім» Білімді Ұлт» жобасы. Ұлттық жобада зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақ тілін дамытуға жағдай жасау және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау сияқты мәселелер қамтылған.
«Сапалы білім» Білімді ұлт» ұлттық жобасы бес міндеттен, 15 көрсеткіштен және 26 шарадан тұрады. Жоба 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында және Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – Қазақстан халқына Жолдауында» белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Атап айтқанда, Ұлттық жобада балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту, оқушылар орнының тапшылығын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру шаралары қарастырылған. Жобаның негізгі мақсаты – білім берудің барлық деңгейіндегі оқушылардың білім сапасын арттыру. Сондай-ақ, жедел шешім қабылдауды талап ететін және халықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталады.
Негізі адами ресурстарды даярлау және олардың сапасын жақсарту, мемлекет пен қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін Тәуелсіздік жылдары білім берудің жаңа модельдері қалыптасты.
Оның ең үлкен дәлелі ретінде "Білімді ұлт”сапалы білім беру" ұлттық жобасын келтіруге әбден болады. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық әрі әлеуметтік әлеуетін арттыру және дамыту үшін зор маңызды иеленеді. Оның төңірегінде Білім беру сапасын арттыру, оған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу, біліктілікті жыл сайын арттыру сияқты шаралар жүзеге асырылды. Сонымен қатар оқу бағдарламаларын жаңарту әрі жаңғырту, мектептер мен университеттердің техникалық-материалдық базасын дұрыстау, педагогтердің кәсібилігін еселеу, ең бастысы мүмкіндігі шектеулі немесе ерекше балаларға білім беру кезіндегі қолжетімділік, демографиялық мәселелер қарастырылды. Осы тұста аталған жаңалықтарға және өзгерістерге сүйене отырып, мынадай болжам жасауға болады:
- Білім деңгейінің сапасын арттыру;
- Мемлекеттің орныққан әлеуметтіа және экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін соған қабілетті білім жүйесін қалыпқа келтіру;
- Инноаациялар және ғылыми-зерттеуді дамыту үшін жағдай жасау;
- Әлемдік еңбек нарығында білікті әрі табысты, бәсекеге толықтай қабілетті кадрларды даярлау.
Осы еңбектердің нәтижесінде ғылымға деген жас ғалымдардың құлшынысы көбейіп келеді. Жасы 35-ке дейінгі ғалымдар саны 2011 жылы 6,4 мың адамнан асты, ал 2020 жылы олардың саны 8,1 мың адамға дейін өскені соған дәлел.
Халықаралық рейтингтік басылымдарда жас ғалымдардың жарияланымдық белсенділігінің айтарлықтай артқаны ерекше байқалады. Мәселен, бүгін қазақстандық ғалымдардың Scopus дерекқорындағы жарияланымдар саны 2011 жылмен салыстырғанда 34 есеге (577-ден 19 879-ға дейін), Web of Science дерекқорында 59 есеге (425-тен 25 088-ге дейін) өскен. Соңғы бес жыл ішінде қазақстандық ғалымдардың әрбір бесінші мақаласы әлемнің ғылыми журналдарының ең атақтылар мен үздігіне басылып шықты.
Аталған әрі айтылған жаңалықтардың барлығына еліміздің білім жүйесіндегі жаңару мен жаңғыртуларға қаншалықты күш салып жатқанының белгісі ретінде қарауға болады. Бастысы - ниет әрі дұрыс бағдар керек. Жоспар бар жерде нәтиже бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...