Алматыда «Ерте араласу орталығын» құру жоспарлануда

Алматыда «Ерте араласу орталығын» құру жоспарлануда

Алматы қаласында Алматыда «Ерте араласу орталығын» құру жоспарлануда. Бұл туралы Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлімдеді.

"Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды іске асыруға сәйкес, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен ағымдағы жылы «Ерте араласу орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – орталық) құру жоспарлануда, оның қызметінің нысанасы даму кемістігі бар балалар үшін ерте араласу саласында қызметтер көрсетуді белгілеу жоспарлануда, оның ішінде диагностика, түзету және оңалту бар. Сондай-ақ, орталық қызметінің мақсаты даму ерекшеліктері бар балаларға ерте араласу саласында сапалы және кешенді қызметтер көрсету және оңтайлы физикалық, психологиялық және әлеуметтік дамуды қамтамасыз ету мақсатында оларды қалыптастырудың аса маңызды кезі кезеңінде балаларды белсенді қолдауға қатысу болып табылады.

Жыл сайын қалада мүгедектігі бар адамдардың саны орта есеппен 3% - ға артады және бүгінгі күні 58 мыңнан астам мүгедек адамды құрайды, ал балалар арасында бұл көрсеткіш 6,8% - ға өсуде және бүгінгі таңда дамуында ауытқулары бар 8,8 мың баланы құрайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған әлемдік статистикаға сәйкес, дамуында әр түрлі бұзылулары бар 1000 балаға 100 немесе әлемдегі әрбір 10 бала кездеседі. Алматы қаласы бойынша 2023 жылы жаңа туған нәрестелер саны 45 000-нан астам баланы құрады, олардың  4 460-ы тәуекел тобында.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, сондай-ақ балалар арасында мүгедектікті азайту мақсатында аталған орталықты құру жоспарлануда.

Орталыққа және оның қызметіне ұсыныстар мен толықтырулар болған жағдайда оларды Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық мекенжайға жіберуді немесе +77273383004 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз" деп жазылған басқарманың хабарламасында.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...