Бүгін Сауран ауданы білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында аудандық мәдениет үйінде «Ата-баба дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты - ата-баба дәстүрін жастардың санасына сіңіре білумен қатар, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналды. Ұлттық құндылықтарды насихаттауда байқаудың маңызы жоғары. Байқауға зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының өкілдері қазылық етті.
Сонымен қатар аталған байқауға білім беру ұйымдарынан 4 команда қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Ұлттық дәстүрімізді дәріптей білген байқау нәтижесінде, өзгелерден оқ бойы озық шыққан М.Балақаев мектебінің командасы I орынды иеленді.
Ал, жүлделі II орынды Сауран мектебінің командасы, III орын 2 командаға бұйырды, олар М.Әуезов пен Бабайқорған командалары еншіледі.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Сауран ауданы әкімінің арнайы алғыс хаттарымен және сый-сияпаттары табысталды. Байқау жеңімпазы атанған М.Балақаев мектебінің командасы облыстық сайысқа жолдама алды.
Айта кететін, кітап оқуға деген сүйіспеншілік адамдарды жақындастырады. Ғасырлар бойы кітап қоғамда өзінің белгілі бір функциясын ұстап тұрды. Ал оқу мәдениеті — адамның білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, шығарманың өн бойына еніп, түсіну, қабылдау қабілеттерін өздігінен игеруіне мүмкіндік туғызды.
Кітап оқу — өнер деп айтып жатамыз. Шындығына келгенде, кітаптың нақ өзі үлкен өнер туындысы деуге толық негіз бар. Өйткені, кітаптың көз тартар мұқабасынан бастап, оның ішіндегі безендірілуі, дизайндық ерекшеліктері өзінше бір бөлек өнер дейтін болсақ, ал ондағы жазылған мәтіннің мән-мағынасы, кітап ішіндегі оқиғаның оқырманды елітіп әкетуінде де үлкен өнер әрі еңбек жатыр. Кітапты басып шығаруда көптеген қызметкерлер еңбектенеді. Және өз оқырманының жүрегіне жол табатын дүниені табады. Жасыратыны жоқ, ең әуелі кез келген оқырман кітаптың мұқабасына зер салады. Ал мұқабадағы суреттің кітап ішінде маржандай тізілген мәтіннің мағынасын ашуы да көп ізденісті, өнерге деген ықыласты қажет ететіні сөзсіз. Баспа кітаптарының сапалы әрі көп данамен басылуының өзі бұл өнер туындысына деген сұраныстың жоғары екендігін айқындайды.
Кітап өнері кітап мәдениетімен тығыз байланысты. Жоғарыда атап өткен әсем безендірулер, жарқын иллюстрациялар, сәнді мұқабалар кітап мәдениетінде де айрықша рөл атқарады. Кітаптағы мәтін арқылы адамда мәдениет қалыптасады. Басылымның тутул бетіндегі мәліметтердің дұрыс әрі стандартқа сай болуы да, кітаптың мәдениетін арттырмаса төмендетпейді. Осы орайда біз кітап, оқу мәдениетінің тұлғаның рухани және әлеуметтік дамуының құралы ретінде қарастырамыз. Өйткені, кітап білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбиелік құрал. Ұлттық мәдени кодымыздың өзі кітап арқылы қалыптасады. Жалпы кітапты мәдениеттен, өнерден алшақ қарастыру мүмкін емес. Өйткені, түрлі өнердің бәрі адамзатқа кітап арқылы насихатталып, тарлан тарихымыздың өзі осы өнер туындысы арқылы бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
Бізде ауыз әдебиеті өте жақсы дамыған: жырлар, дастандар, жаңылтпаш, қисса, аңыз, хикаят, ана әлдиінің өзі. Халқымыз ауыз әдебиетіне қанығып өскен. Қазіргі таңда сол қисса, әңгімелерді кітаптан оқып беруге болады. Сондықтан перзентханадан шыққан күннен бастап, баланың құлағына ақырын-ақырын құя беру керек. Кейін бала белгілі бір жасқа жеткен кезде кітапты қолына алып оқи бастайды. Жалпы кішкентай күнінен дағдыландырған дұрыс. Шекспирдің бір сөзі бар ғой «мен бос уақытымда кітап оқымаймын, мен кітап оқуға арнайы уақыт бөлемін» дейді. Бізде «жапондар былай жасайды екен», «испандар олай жасайды екен» деп өзгенің салтына, өзге елдің дүниесіне көзіміз ашық, құлағымыз түрік болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын.
Биыл Түркістанда өткен Құрылтайда мемлекет басшысы «Елімізді алға жетелейтін білімді ұрпақ тәрбиелеу» туралы арманын ортаға сала келе, «Идеология жұмысындағы басты бағыттың бірі – кітап басып шығару ісі», – деген болатын.
Кітап – рухани азық. Рухы мықты адам, руханият көкжиегі кең ұлт қана ұлы мақсаттар жолында ешкімге есесін жібермейді. Біз осы тұрғыда кітап шығару ісін, оны тарату жолдарын, халық арасында кітап оқу мәдениетін арттыру үшін тынбай жұмыс істеуіміз қажет. Бұл бір жекелеген адамның, белгілі компаниялардың мүддесі ғана емес, мемлекеттің тұтас бір жұмысына айналу керек. Себебі, кітапты қалқан, қару еткендер ғана рухани азат бола алады. Халқымызда «білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген тәмсіл бар.
Міне, енді барлық облыс пен қалаларда, тіпті үлкен аудан орталықтарында да осы жылдың соңына дейін жергілікті «Аманат» партиясының кеңселік ғимараттары жанынан қол жетімді бағада түрлі бағыттағы кітаптар сату ісін жолға қою ниетінде «Кітап – Аманат» дүкендері ашылуда. Бұл тұрғыда Қазақстанның Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы да үлкен қолдау білдіруде.
Қазіргі таңда еліміздің аудан орталықтарының бірде-бірінде кітап дүкендері жоқ деген сорақы мәлімет, тәуелсіздік алған соңғы 30 жыл ішінде әбден күйреуге түскен кітап оқу мен кітап тарату ісінің деңгейінің нақты көрсеткіші болса керек.
Әрі қарай тұрғындар жеке мәселелері бойынша қабылдауға қатысып, көкейдегі мәселелерді шешудің жолдарын бірлесе талқылады.