АРЫСТА «ІЗГІЛІК» ПӘН БІРЛЕСТІГІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

АРЫСТА «ІЗГІЛІК» ПӘН БІРЛЕСТІГІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Жақында Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндерінің бірлескен «Ізгілік» пән бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Аталған іс-шара барысында директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Гауһар Баймаханова, бірлестік жетекшісі Ақнұр Ұлықбек онкүндіктің жоспарымен таныстырды.
Жоспарға сәйкес, онкүндіктің алғашқы күнін ұлттық киімді насихаттау мақсатында «Қазақы болмыс – ұлттық киімдер» тақырыбымен ұлттық киім кию күні деп белгіленген болатын. Ою-өрнекпен көмкерілген әсем камзол, үкілі тақия киіп, шолпы таққан қыздар мен ұлттық нақышта тігілген бешпент, тақия киген ұлдар мектеп ішін ғажайып әсерге бөледі. Мұғалімдер де әсем ұлттық киімдерімен мектеп ішін одан сайын ажарландыра түсті.
Сондай-ақ, таңертең келген ұстаздар мен оқушыларға үш тілге байланысты қызықты ойындар ұйымдастырылып, сұрақтарға дұрыс жауап берген жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірілді.
Айта кетейік, Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі Ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының санағы қорытындысы бойынша елімізде мемлекеттік тілді меңгерген 5 жастан асқан 13,7 млн адам бар, яғни ол жалпы халық санының 81 пайызына тең. Олардың 8,5 млн-ы қазақ тілін күнделікті өмірде еркін қолданады. Ал 1 млн адам мемлекеттік тілді үйреніп жүрсе, тағы 1 млн-ы үйренуді жоспарлап жүр.
1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланғаннан кейін, елімізде «Қазақ тілі» қоғамы құрылды. Оның бөлімшелері Республика бойынша барлық мемкемелерде болды. «Қазақ тілі» қоғамында жұмыс істейтіндер көп іс тындыра бастады.
Өткен айда президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханды қабылдады. Рауан Кенжехан әлеуметтік желідегі парақшасына президентпен қандай мәселелерді талқылағанын жазды. Олар латын әліпбиіне көшу, қазақ тіліндегі анимация және кино қорын жасау, кітап шығару, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі және құралдарын жетілдіру мен заманауи IT технологиялардың қазақ тіліндегі қызметін жетілдіру сияқты бірқатар мәселелерді талқылағандарын айтты.
1989 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден қаражат алып жұмыс істейді. Қоғам биыл үш облыстан 64 300 000 теңге қаражат алған.
«Тіл – тірі организм. Сондықтан ол өзгеріске ұшырап отырады, түрленеді» деп көп айтамыз. Теледидарды қосып қалсаңыз да, ғаламтор бетін ашып қалсаңыз да, оның сөз-сөйлемі осыдан он-жиырма жыл бұрынғымен салыстырғанда басқаша «сарнап» тұрғанын байқамау мүмкін емес.
Яғни бұрын тілді сақтау мәселесі бірінші орынға шықса, қазір оның қаймағын бұзбай, заманға сай реформалау, ғылыми-технологиялық тіл ету түйткілі басты назарда.
Ақпарат­тық технологиялар жоқ кезде, тәуелсіз Қазақстанда қазақ тілінің қолдану, даму үдерісі өте баяу жүрді. Сондықтан мен ақпарат­тық технологиялардың дамуы қазақ тілінің дамуына ықпал етіп жатыр деп есептеймін.
Бұған негізгі себеп – демографиялық фактор. Яғни қазақ тілін негізгі тіл ретінде тұтынатын, отбасында, күнделікті өмірде қазақша сөйлейтін отбасылар көбейіп келе жатыр. Мысалы, жоғарыда өзіңіз де айт­тыңыз, 2021 жылы ұлт­тық санақ болды. Дегенмен соған үңілетін адамдар аз секілді. Өйткені санақ қорытындыларына қарасақ, өте қызық мәлімет­терге тап боламыз. Бірінші мәлімет: Қазақстанның 50 пайыз­ға жуық тұрғыны күнделікті өмірде айналасымен қазақ тілінде ғана байланыс жасайды екен. Екінші ақпарат: Қазақстанның 80 пайызы қазақ тілін біледі және тұтынады деген ақпарат бар. Қалған 30 пайызы қажет­ті жағдайда ғана қазақша сөйлейді.
Бүгінде қазақ тіліне реформа жасап, латын әліпбиіне көшіру процесі жүріп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында: «Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс» деп атап өткен болатын. Тілдер мерекесі Қазақстанда тұратын әрбір этнос өкілдерінің ана тіліне құрмет көрсететін ортақ мейрамы болып саналады.
Тіл мәдениеті мен сөйлеу әдебіне екпін қойған тұлға сөйлеу этикетіне, қазақ тілінің тілдік құрылымына зер салады, мұқият болады. Өз ойында сөйлеудің ізеттілігі мен орнын, өзіндік қырлары мен сырларын аңғарады. Сөз тазалығы – біздің қазіргі қоғамда аса қажетті маңызы бар дүниелердің бірі де бірегейі. Заманнан талабы бойынша қарапайым тұлға сөйлеу барысында, сөз арасында бөгде тілдің элементтерін қолданбағаны дұрыс. Мұндай қағиданың болуы ол шарттылық. Себебі бір тілде таза әрі анық сөйлеу – ұлтқа, халыққа, туған жерге деген үлкен құрметтің белгісі.
Тіл мәселесінде қойылар негізгі талаптардың бірі – сөздік қордың молдығы. Талапқа мойынсынбай сөз байлығына ден қоймағанның тілі жұтаң, сөзі аз болары баршаға мәлім. Сапаның функционалдық стильдердегі бейнесі әрқилы болғанымен, қоғамның барлық мүшелеріне қойылатын талап пен міндеттеме бір. Тілдің байлығы сөздік мәдениеттің құрамдас бөліктерінің бірі. Тілдің бай болуы ол – ұлт байлығы әрі мақтанышы екені анық.
Сөз әдебі – адамдардың арасындағы тілдік қарым-қатынастың, сөйлесудің одар ары тіл қатудың қоғамдық жұртшылық қабылдап саралай білген ұлттық сипаты бар құрылымы, этикеті және ережесі. Сөйлеу әдебін қалыптастыру үшін адамда тілдік қатынастар болуы шарт. Сөйлеу білу- тіл мәдениетіне барар жолдың алғашқы бастауы деуге болады. Сөйлей білудің өзі де – өнер. Бұл сынды пікір халық арасында қалыптасқан.
Мемлекеттік тіл категориясына тоқталмай өтпеу жөн болмас. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасаған үндеулерінің бірінде тілдің ғұмырына қатысты үлкен проблема көтерген. Жолдауда қазақ тілін сақтау мен оны құрметтеу керектігі сөз етіледі.
Тамыры тереңге жайылған тарихтың ең қиын-қыстау кезеңдерін өткергенде ана тілiміз дара туған бабаларымыздың арқасында халқымызға мұра болып сақталған. Сол себепті, мемлекеттік тілді білу –сол елде тұрып жатқан әрбір азаматтың басты міндеті, басты парызы. Қазақ тілі- ұлт мақтанышы әрі сан ғасыр бойы сақталған сарқыт, мұра. Ол уақыт өте келе ескірмейді, керісінше уақыттың озық үлгісі бола біледі. Қазақ тіліндегі сөздердің байлығына қызығып, «тілді үйренемін, дұрыс қолданамын» деудің өзі өте жақсы бастама. «Тілдік мәдениетті, сөйлеу әдебін қолдаймын» деп жанашырлық танытып, ана тілдің дәрежесін қорғауға ниет еткендер болса қазақ тілінің ғұмыры ұзақ болмақ.
Күнделікті қолданатын әрбір сөз бен айтылар ойға мәнге абай, мұқият болуға тиіспіз. Дегенмен халық ішінде адамдардың сөйлеу дағдысында, тіл тазалығына кір келтіретін, сөйлем арасында қызметсіз, орынсыз қыстырма сөздер мен бос сөздер көптеп кездеседі. Қазақтың тілдік мәдениет деңгейі кез келген адамның сөзі мен жазуында едәуір айтылып та, байқалып та келеді. Сөз мәдениетін насихаттау біздің қоғамда әлі де жеткіліксіз екені ащы болса да шындық. Алайда есте сақтау қажет! Қазақ тілі – күрделі болса да, әлемдегі ең көркем әрi ең сұлy тiлдердiң бірi де бірегейi. Ана тіліміз – ұлтымыздың жүрегі және өткендердің аманаты екенін ұмытпайық!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мәскеуде өткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 25-ші Үкіметаралық комиссия отырысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті...

Премьер-министр Олжас Бектенов экспортқа бағытталған бизнес өндірістерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді. Оған жекелеген...