САЙРАМДА “БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

САЙРАМДА “БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбие шеберлігін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Балаларымен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының жоғарылауына ықпал ету болып табылады.
Осы орайда, Сайрам ауданында №93 Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында ауданымыздың білім беру мекемелерінің барлық директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар төрағалары, мектеп оқушыларының ата-аналарымен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараға аудан прокуратурасының қызметкерлері, полиция басқармасының инспекторлары, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы қатысты. «Ата-аналардың міндеті және жауапкершілігі» атты тақырыбында білім бөлімінің басшысы Тынымбаева Гульнара Тунгышбековна мазмұнды баяндама оқыды. Сонымен қатар Ата-аналар комитетінің төрағасы Төремұратов Нұрғиса Тұрдымұратұлы «Ұлт тәрбиесіндегі жаңа бетбұрыс» тақырыбында ой қозғап, ата-аналарға қатысты кеңесер берді. «Мектептегі оқушыларды жапондық тәсілмен еңбекке баулу» тақырыбында №67 Көмешбұлақ атындағы жалпы орта білім беретін мектеп директоры Д.Залиева көрсетіліммен баяндама оқып, басқарып отырған мектебіндегі іс тәжірбиемен бөлісті. Қауалов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп директоры Н.Каратаев ұлттық тәрбие құныдылығы, отбасы тәрбиесі, әкелер рөлі мен ер азаматтардың қоғамдағы рөлі туралы ой қозғап, баланың басты ұстазы ол ата-ана екендігін айтып өтті. Бөлімнің бас маманы Ф.Оспанова «Оқушыларды ыстық тамақпен қамту» мәселесі аясында баяндама оқыса, әдіскер К.Мусаева «Ата-аналарға кеңес» және «Мектептегі оқушы формасы, 14.01.2016 жылғы №26 бұйрық аясындағы» бұйрықпен таныстырды.
Әдіскер Г.Алтеева «Ата-аналармен психолгиялық жұмыс және кеңес» тақырыбында баяндама оқыды. Мектептегі демеушілік жұмыстар туралы З.Карабекова таныстырып өтті.
Айта кететін, 2021 жылғы 13 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалардың тізбесін бекіту туралы жарлыққа қол қойды. 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға арналған «Сапалы білім» Білімді Ұлт» жобасы. Ұлттық жобада зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақ тілін дамытуға жағдай жасау және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау сияқты мәселелер қамтылған.
«Сапалы білім» Білімді ұлт» ұлттық жобасы бес міндеттен, 15 көрсеткіштен және 26 шарадан тұрады. Жоба 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында және Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – Қазақстан халқына Жолдауында» белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Атап айтқанда, Ұлттық жобада балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту, оқушылар орнының тапшылығын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру шаралары қарастырылған. Жобаның негізгі мақсаты – білім берудің барлық деңгейіндегі оқушылардың білім сапасын арттыру. Сондай-ақ, жедел шешім қабылдауды талап ететін және халықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталады.
Дөңгелек үстел соңында ата-аналармен төмендегідей қаулылар қабылданды.
1. Сабақтан тыс мезгілде бала ата-ана жауапкершілігінде;
2. Мектеп қабырғасында мектеп формасын сақтау;
3. Ата-ана тарапынан түнгі мезгілде баланың тойханаларда жұмыс жасауына, беймезгіл уақытта интернет клубтарында,саябақтарда жүруіне тосқауыл қою;
4. Жасы кәмелетке толмаған балаға басқаруға заңсыз автокөлікті беру;
5. Мектептерде жапондық тәсілмен еңбекке баулуға шақыру;
біртұтастәрбие.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...