ТҮЛКІБАС: "ҰРПАҚҚА АМАНАТ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АТА-БАБА ДӘСТҮРІН ДӘРІПТЕУ

ТҮЛКІБАС: "ҰРПАҚҚА АМАНАТ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АТА-БАБА ДӘСТҮРІН ДӘРІПТЕУ

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты И.Рыбалко атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы", "Ұрпаққа аманат" жобалары аясында ата - бабаларымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын жастардың санасына сіңіре отырып, жүректерінің төрінен орын алдыру мақсатында "Ата - баба дәстүрі - тәрбиенің бастауы" тақырыбында байқау өткізілді.
Бірінші кезекте ата – бабамыздың ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын , екінші кезекте шешендік өнерде қазақ халқының би-шешендерінің өсиет сөздерін ,өресі биік қасиеттерін толыққанды көрініс арқылы көрсету.
Іс-шара барысында тәлімдік – тәрбиесі мол құнды дүниелерімізді сахнада көріп , қазақ халқының қаншалықты ұлылығы мен даналығына тағы да тәнті болып , ұлы халықтың ұрпағы екендігімізге көз жеткіздік. Ұлттық киім , сахна мәдениеті , бейне образын ашу , сөз мәнерінің талапқа сай шығуы, расында, ұстаз деген ұлы мамандықтың иесінен табылатыны сөзсіз. Күнделікті шәкірттерімен жұмыс жасап жүрген ұстаздар үшін бұл байқауда өзіндік шеберліктерін танытып, көрермендерін баурап алуы – қалыпты жағдай еді. Өйткені , бұл – ұстаз. Ұстаз қауымы тәрбие беруде мақсатқа жету үшін әнші де , театр актерлері бола алады.Сондықтан болар , бүгінгі байқауда ұстаздар қауымы нағыз сахна саңлақтары болып таныла білді.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі иеленді. І орын – қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі; ІІ орын – ағылшын пән бірлестігі ІІІ орын бастауыш пән бірлестігіне берілді. Өзге пән бірлестіктері Алғыс хатпен марапатталынды. Кәсіподақ ұйымының төрағасы Фазылов Ж. және әлеуметтік- педагог Э.Бүркітбаеваның демеушілігімен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Айта кететін, тіл саласы бойынша соңғы қабылданған мемлекеттік бағдарлама «Қазақстан Респуб­ли­касындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деп аталуы да сондықтан. Бұған дейінгі мемлекеттік бағдарламалардың атауы «тілдерді дамыту мен қолдану» деп келетін. Ал Үкімет бекіткен соңғы мемлекеттік бағдарламаның атына затының сай келуі басқа мәселе. Тіл саясатына нақты реформа жасау – өте ауқымды мәселе. Тіл саясатының сүйе­нетін үш негізі бар: құ­қықтық талаптардың болуы, қоғамға қазақ тілі мемлекеттік тіл дегенді мойындату, насихат; үшінші, мемлекеттік тілге қатысты шараларды қаржылық қолдау. Бізде мұның бәрі бар. Бірақ жеткіліксіз және жүйесіз. Біздің тілге қатысты заңдық талаптарымыз ескірген. Тілге қатысты заңдар демографиялық жағдай басқаша болып тұрғанда, жергілікті ұлттың сандық үлесі аздау кезде, осыдан бірнеше жыл бұрын қабылданған. Қазақ тілі мен орыс тілі тең қолданылады деп келдік. Тілдің қарым-қатынас құралы ретінде қолданылатын орны – қоғамда біреу, яғни, тілдік орта, кеңістік біреу ғана. Алайда, алға жылжуды көріп отырған жоқпыз, орыс тілі қазақ тілінің қанатын жайғызбай, тұсап отырғаны ащы да болса шындық.
Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді заманға сай реформалау керектігі жайлы жиі айтылып жүр.
Реформа – белгілі бір саланың қызмет етуі, жаңа қарқында алға жылжып дамуы үшін арнайы нормалық талаптар қойып, сол арқылы аталған салаға түпкілікті өзгеріс жасау дегенді білдіреді. Қазақ тілінің грамматикасы, фонетикасы, жалпы ғылыми тұрғыда барлық ішкі һәм сыртқы жүйесі әбден жетілген. Ол тіл теориялық және тәжірибелік қолданыста өзіндік сара жолын тапқан. Сонымен қатар, мемлекеттік тіліміздің теориялық тұрғыда өзгертуге келмейтін қатаң һәм бұлжымас заңдары бар. Мұның сыртында тіліміздің орныққан ережелерін де өзгертуге болмайтынын баса айтуға тиіспіз. «Сонда реформа неге жасалу керек?» деген сауал өздігінен туады. Тіл реформасы қазақ тілінің қоғамдағы қызметін арттыру бағытында жасалуы керек. Ол реформа тілді қолдану өрісін кеңейтуге бағытталады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретіндегі өзіне тиесілі мемлекет кеңістігінде кең қолдануы үшін тіл саясатына қатысты түсініктерді қайта саралап, бұл салаға батыл өзгерістер жасаған дұрыс. Бұл қадам мемлекеттік тілдің еркін тыныстатып, тілдің ішіне емес, тілдің сыртқы қоғамдағы қызметін реттеп беруі тиіс. Яғни, реформа тілге емес, тіл саясатына жасалады.
Енді сол тіл саясатына қатысты мәселелерді жіліктеп көрсек. Әңгіменің тізгінін тіл саласы бойынша ең соңғы қабылданған 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға қарай бұрып көрелік. Бағдарлама «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деп аталады.
Тіл – қарым-қатынас құралы. Ол мемлекеттің саясатында да, қоғамда да біреу ғана болуы тиіс. Мемлекет – біреу. Оның тілі де, тілдік ортасы да ортақ болмай, бір идеологияға ұйысу мүмкін емес. Осыны терең түсінер кез жетті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...