ШАРДАРАДА БАСТАУЫШ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

ШАРДАРАДА БАСТАУЫШ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Шардара ауданы, білім бөлімінің жоспары негізінде ауданда №2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектеп базасында 2023 жылдың 28 қараша күні "Бастауыш сынып оқушыларына сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру" тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өткізілді.
Мақсаты білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып оқушыларына сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын, шығармашылық іс әрекетке қабілетін арттыру.
Семинар барысында Түркістан облысы Шымкент қаласы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» кәсіби даму институты филиалының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушылары Лаззат Әмзеқызы және Гульзира Бахытбекқызы, аудан білім бөлімінің әдіскері Гульжан Турлыбекқызы және аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында мұғалімдер оқытудағы жаңа əдіс-тəсілдердің тиімділігін сабақ сәтінде көрсете білді, атап айтқанда 1 сыныпта "Ү дыбысы мен әрпі" тақырыбында К.Сабирова, Г.Ахунбекова, 3 сыныпта "Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу» математикадан Ә.Тұңғышбаева, «Үш таңбалы сандарға бөлу алгоритмі» А.Абжаппарова, 2 сыныпта қазақ тілінен "Сұраулы сөйлем" Н.Досалы, жаратылыстанудан "Денсаулықты қалай күту қажет?" Н.Сайман, 3 сыныпта әдебиеттік оқу "Күн тәртібі" Т.Ақбердиева, ағылшын тілінен "FunnyEnglish" топтық сайыс 3 сынып ағылшын тілі пән мұғалімдерді К.Паизова, Д.Сайлауов оқушылармен оқу пәндерін әр күннің бағдарламасына сәйкес оқушыларымен өз жәрежесінде өтті.
Мұғалімдермен "Сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру" тақырыбында коучинг сабақты А.Мамраимова өткізді, "Жан дүниемнің бау-бақшасы" тақырыбында тренингті педагог-психологтар Ж.Мырзалиева, О.Залова өз бетінше жұмыс жасап, жеке, топтық қосымша ресурстармен жұмыс жасап жүргізілді. Семинар соңында сөз алған Лаззат Әмзеқызы мен Гульзира Бахытбекқызы өтілген сабақ барысындағы қолданған әдіс тәсілдерін тиімділігін, сабақ сәтінде білім алушылардың баллдық бағамен бағалауының нәтижесінде өтіліп, соған орай өз ұсыныстарын диалогтік алаң жүргізіп, семинар жоғары дәрежеде өтілгендігін атады.Семинарға қатысушы педагогтер тәжірибе алмаса отырып, кері байланыс берілді.
Педагогтердің абыройын арттыра түсу және оларды қолдау, дамыту мақсатында бүгінге дейін жаңа бағдарламалар мен бастамалар қолға алынуда. Оның айқын дәлелі - жыл сайын Оқу-ағарту министрліктері өткізетін шаралар: үздік мектеп пен педагогтерге арналған конкурстар, мұғалімдердің кәсіби өсуіне септігін тигізетін түрлі гранттар мен біліктілікті арттыру стипендиялары. Бүгін де қашықтықтан оқу жүйесін дамыту және оқыту үдерісіне заманауи технологияларды енгізу арқылы, педагогтердің жан-жақты жұмыс істеуіне мүмкіндік берілуде.
Қазақстанда педагог мамандығының мәртебесі мен беделін арттыру курсы бірнеше жыл бұрын, мұғалімнің асыл еңбегін қолдау, сондай-ақ оның қызметінің барынша тиімділігін қамтамасыз ету үшін "педагог мәртебесі туралы"ҚР Заңы қабылданған кезде қолға алынған еді.
Үкіметтің 2021 жылғы 15 шілдедегі кеңейтілген отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді артық жүктемеден босатуды, сондай-ақ мұғалімдерге төлемді екі есеге арттыруды тапсырды. Сонымен қатар әртүрлі өңірлердегі педагог құқықтарының тапталуына және бұзылуына жол бермеу мақсатында КОКСОН білім беру саласындағы сапаларды қамтамасыз ететін департаменттердің базасында педагог этикасы және олардың құқықтарын қорғау мәселелері төңірегінде кеңестер құрылды. Заңға сәйкес жүктемелер қысқартылып, педагог қызметіне қатысы жоқ мәселелерді шешуге толықтай тыйым салынып, 16 сағаттық жүктемеге көшу жүзеге асырылды.
Сондай-ақ педагог мамандығына дарынды түлектерді тарту және білім сапасын қамтамасыз ету үшін 2020 жылдан бастап жас мамандарға біліктілік санатын берудің ерекше, жаңа тәртібі көзделді. Мәсәлен, Болашақ бағдарламасы түлектеріне "педагог-зерттеуші" мамандығы беріледі және лауазымдық жалақысының 40 пайызы мөлшерінде қосымша ақы алады.
Ұстазы бар елдің ұстамы мықты. Педагог мектептің ғана емес, мемлекеттің жүрегі. Білім мен тәрбиенің негізгі көзіне айналған осы бір мамандық иелерінің беделі мен кәсібилігін күн сайын арттырып, маңызын ұғындыру - алға қойған ең үлкен мақсаттардың бірі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Алматы қаласы «NARXOZ» университетінің алаңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім: Қазақстандағы халықаралық тәжірибе...