ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУ

ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУ

Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Шолтаева Назира Мендебайқызының жылдық жоспарына сәйкес, А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында ағылшын тілі пәні педагогтерімен "Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдерді ағылшын тілі сабақтарында пайдалану" тақырыбында оқыту семинары болып өтті.
Семинар мақсаты - оқу үдерісінде мұғалімдерге әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетуде тәлімгерлік жұмысты жетілдіріп, оқыту мен оқу сапасын жақсартуға ықпал ету.
"Ұстаз үздіксіз ізденгенде шәкірт жанына нұр құя алады",- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай тәжірибе алмасу шеңберінде сабақ өткен педагогтер практикалық жұмыстарды жұптық жұмыс түрінде, диалогтық оқу үдерісінде, жаңа формация педагогінің кәсіби түсінігін, тәжірибелік дағдыларын, оқытудың сапалы және табысты әдістерін қолдануда шеберліктерімен бөлісті.
Айта кететін, қазіргі қазақ қоғамындағы кейбіреулердің тілді білмеуі, мәңгүрттіктің басы да өз ана тілін ұмытудан әрі oны өзге тілге айырбастаудан туғандай-ақ. Тілі мен мәдениетінен айырылған мұндай адам рухани кедейленуімен қатар өз болмысын түсінбейтіні тағы бар.
Мемлекетінің ертеңін ойлаған, болашақтың жарқын болуын қалаған адам әр патриот алдымен қоғамда өзін жөндеуі тиіс деп есептейміз. Дәл қазіргі сөйлеу және жазу әдебіміз бен тіліміздегі көптеген амал-тәсілдердің қолданылуы мен сөздердің айтылуына назар аудару қажет. Айтар сөздің орынсыздығы байқалса, оның айтылуы қазақ тілінің тілдік нормаларына сәйкес еместігі белгілі. Осы жайында көңілге күдік ұялатар сұрланған сауалдар мен күдіктер саны арта беретіндігін де айта өткеніміз жөн. Сөз қолданысының дұрыстығы не бұрыстығын бағалау,оған нақты баға беру арқылы пікір білдіру оңай емес. Бұл тұста қоғамда тартысты пікірталастар мен талқылаулар толассыз жүруде. Өзекті мәселенің біріне айналған тілдік мәдениет –ұлттық құндылықты сақтауға бағытталған деуге болады.
Қазір концерттерде, конференцияларда не болмаса шерулер барысында, қоғамдық жерлерде спикердің көпшілік алдында сөйлеген сөзі жұртшылықты ұйытып қана қоймайды әрі тыңдаушыға өзіндік әсер сыйлауы қажет. Ой мен санаға қатар әсер етіп, жаңа леп сыйлайтын сөзді тыңдаудан ешкім де жалыққан емес. Сондықтан адамдар арасындағы қарым-қатынас таза сөйлеу арқылы жүзеге асып отыратынын ескерген жөн.
Тіл мәдениеті мен сөйлеу әдебіне екпін қойған тұлға сөйлеу этикетіне, қазақ тілінің тілдік құрылымына зер салады, мұқият болады. Өз ойында сөйлеудің ізеттілігі мен орнын, өзіндік қырлары мен сырларын аңғарады. Сөз тазалығы – біздің қазіргі қоғамда аса қажетті маңызы бар дүниелердің бірі де бірегейі. Заманнан талабы бойынша қарапайым тұлға сөйлеу барысында, сөз арасында бөгде тілдің элементтерін қолданбағаны дұрыс. Мұндай қағиданың болуы ол шарттылық. Себебі бір тілде таза әрі анық сөйлеу – ұлтқа, халыққа, туған жерге деген үлкен құрметтің белгісі.
Тіл мәселесінде қойылар негізгі талаптардың бірі – сөздік қордың молдығы. Талапқа мойынсынбай сөз байлығына ден қоймағанның тілі жұтаң, сөзі аз болары баршаға мәлім. Сапаның функционалдық стильдердегі бейнесі әрқилы болғанымен, қоғамның барлық мүшелеріне қойылатын талап пен міндеттеме бір. Тілдің байлығы сөздік мәдениеттің құрамдас бөліктерінің бірі. Тілдің бай болуы ол – ұлт байлығы әрі мақтанышы екені анық.
Мемлекеттік тіл категориясына тоқталмай өтпеу жөн болмас. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасаған үндеулерінің бірінде тілдің ғұмырына қатысты үлкен проблема көтерген. Жолдауда қазақ тілін сақтау мен оны құрметтеу керектігі сөз етіледі.
Тамыры тереңге жайылған тарихтың ең қиын-қыстау кезеңдерін өткергенде ана тілiміз дара туған бабаларымыздың арқасында халқымызға мұра болып сақталған. Сол себепті, мемлекеттік тілді білу –сол елде тұрып жатқан әрбір азаматтың басты міндеті, басты парызы. Қазақ тілі- ұлт мақтанышы әрі сан ғасыр бойы сақталған сарқыт, мұра. Ол уақыт өте келе ескірмейді, керісінше уақыттың озық үлгісі бола біледі. Қазақ тіліндегі сөздердің байлығына қызығып, «тілді үйренемін, дұрыс қолданамын» деудің өзі өте жақсы бастама. «Тілдік мәдениетті, сөйлеу әдебін қолдаймын» деп жанашырлық танытып, ана тілдің дәрежесін қорғауға ниет еткендер болса қазақ тілінің ғұмыры ұзақ болмақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ