САЙРАМ: «АТАДАН ӨСИЕТ, АНАДАН ҚАСИЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

САЙРАМ: «АТАДАН ӨСИЕТ, АНАДАН ҚАСИЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Сол құндылықтардың арқасында біз өзіміздің халықтық қалпымызды сақтап, әлемге танылып отырмыз. Ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан, ошақ қасынан басталады.
Отбасы – тәрбиенің тамаша мектебі. Үлкенді сыйлауға, ана тілін ардақтауға, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелесек, ұшқанда да соны іліп, жүрген жерімізде сол құндылықтарды дәріптейміз.
Осы ретте Сайрам ауданы білім бөлімінің Оқу-өндірістік комбинатында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығы аясында алдыңғы ұрпақтан жастарға білім, құндылықтар, көзқарастар мен дәстүрлерді насихаттау және ұлттық салт-дәстүрді жалғастырып, құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында аудандық «Атадан өсиет, анадан қасиет» тақырыбындағы іс-шара өтті.
Ұлттың ұлт болып қалыптасуы ең алдымен ұлттық құндылықтарды дәріптеуден бастау алады. Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Сол ұлттық құндылықтарымыздың арқасында біз өзіміздің ұлттық қалпымызды сақтап, әлемге танылып отырмыз.
Айта кететін, елімізде 2029 жылға қарай қазақ тілін меңгерген азаматтардың саны 84 пайызға дейін артуы тиіс. Қазақстан Үкіметі өз қаулысымен Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті.
Тұжырымдама бойынша келесі межелерге қол жеткізу көзделген.
- Тұжырымдамада 2029 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесін 84 пайызға жеткізу қажет.
- Мемлекеттік телеарналардағы қазақ тіліндегі телебағдарламалардың үлесі 2029 жылға қарай 84 пайызға жетуі тиіс.
- Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардағы құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесі 94 пайызды құрауы тиіс.
- Қазтест жүйесі бойынша В2 деңгейінде қазақ тілін меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2029 жылы 50 пайыз болады.
Осы мақсаттарға қол жеткізу тұжырымдамасында басқалармен қатар, халыққа қазақ тілін үйрету курстарын ашу, бейнесабақтар өткізу, жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бағдарламаларын жаңарту ұсынылады.
Сонымен қатар, құжатта жаңа сөздіктер мен анықтамалықтар әзірлеп, басып шығару, түрлі курстар мен семинарлар ұйымдастыру ұсынылады.
Қазіргі қазақ тілі туралы сөз қозғағанда оның бойынан екі нәрсе көрінеді: біріншіден, жалпы ұлттың тілі арқылы жеткен рухани кеңістік және ердің құнын екі ауыз сөзге сыйдырған шешендік пен көсемдік, яғни сөзге тоқтаған ұлттық тектілік. Екіншіден, унитарлық мемлекетке тән мемлекеттік тіл қызметі. Қоғамдық құрылыстың өзгеруіне байланысты қазіргі таңда бұлардың алғашқысы өз қызметінің елеулі бөлігін кейінгісіне берген, алайда ресми түре солай болғанмен, ел бірлігі мен біртұтастығының кепілі ретінде тілдің байырғы ерекшелігі өзінің әуелгі миссиясын орындап келеді. Тұрмыстық қатынастар, ағайынгершілік, азаматтардың бір-біріне құрметі секілді игі дәстүрлерді жүзеге асыру қабілеті – тіл бойындағы байырғы қасиет. Қасиет дейтініміз тілдің халықты ұйыстырушылық мүмкіндігі осы ерекшелігінде сақталады.
Тіл саясаты дегеніміз – елдегі, қоғамдағы аталмыш салалар бойынша тілдердің дәрежесі мен ара салмағына орай заңға негізделген, мейлінше қолданылу, пайдаланылуды әділ үйлестіру, қайшылықтарды жойып, дамытуды қолға алумен анықталады. Тіл саясатын қазіргі заманда жүзеге асыруға қажет басты сайман – социолингвистика! Бұл – тілдік ортаның ғылыми атауы әрі зерттеу мен зерделеу пәні. Ол болмаса, бұл үдеріске қатыспаса, онда тіл саясаты соқыр деген сөз, бұл ғылым аталмыш сала бойынша барлық мәселені орнына қойып, шешімдердің жобасын әзірлеуге бірден бір керек ғылыми тетік болып табылады. Бұл ғылым тілдік ортаның әрбір жігі мен тобындағы жағдайды барынша объектив түрде көрсетіп, соған сәйкес қандай шара мен жобаны атқаруды ұсынар еді.
Әрбір тілдің өзге тілдермен араласар көпірі болады, ол – аударма саласы. Аударма техникалық сипаты жағынан жазбаша және ауызша болып екіге бөлінеді. Ауызша аударманы «ілеспе аударма» деп те, қазақы мағынасында «тілмаш аударма» деп те атауға болады. Сондай-ақ, аударма саласы мазмұнына қарай ғылыми, әдеби, ресми және тұрмыстық деп те жіктеледі.Алайда, қазақ тілінің бүгінгі көпіріне қарап, бұлардың ара-жігін ажырату мүмкін емес.
Тілдің аударма саласының ахуалын қарастырғанда, оның қазақ тілін өзге тілдермен қатынастыру қабылеті қандай деген мәселеге амалсыз тірелеміз. Жалпы, аударма саласының дамуы тілдің өзге тілдермен сандық және сапалық жағынан қарым-қатынастық сипатын білдіретін көрсеткі (индикатор) болып табылады. Осы тұрғыдан қарағанда, қазақ тілі әлемдегі қауқарлы ондаған тілдермен тікелей қатынас жасап отырғандығына күмәніміз бар. Себебі, Қазақстанның мемлекеттік тілінің өзге тілдермен аудармасы өзінен тікелей емес, орыс тілін делдал етіп, соны бетке ұстап қана күн кешіп отырған жайы барын жасыруға болмайды. Тіпті, оның өзі де анда-санда болатын аса сирек құбылысқа айналған.
Қазақстанда қазақ тілінің мәртебесін, оның құзыретін іс жүзінде нығайту мәселесі, өкінішке орай, әлі күнге өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бұл шындығында бәрімізге артылған жауапкершілік жүгі, барша қазақстандықтардың ортақ ісі. Отбасындағы тәрбиеден бастап, ел басындағы азаматтарға дейін өз ісінде осыны естен шығармауы тиіс.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау...

Ресей, Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының...