«ONE LANGUAGE, MANY CULTURES» АҒЫЛШЫН ТІЛІ АПТАЛЫҒЫ

«ONE LANGUAGE, MANY CULTURES» АҒЫЛШЫН ТІЛІ АПТАЛЫҒЫ

Бәйдібек ауданы, С.Ерубаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында ағылшын тілі пәні бойынша «One language, many cultures» тақырыбында апталық іс-шара өтті.
Мақсаты: білім алушылардың шет тілдерге қызығушылығын ояту, ағылшын тілінің қолданыс аясын кеңейту, тілдің мәртебесін көтеру.
Апталық барысында АКТ құралдарын толық менгерген шығармашыл ұстаздар жоспарлы түрде ашық сабақтар, сайыс сабақтар, сыныптан іс-шаралар ұйымдастыруда. Іс-шараларға қатысушы педагогтер мен білім алушыларға ағылшын тілінің символдары «Superman аюлары» мерекелік көңіл-күй сыйлауда.
Үздік қабілетімен, ұйымдастырушылық шеберлігімен көзге түскен оқушылар, жеңімпаз сыныптар арнайы Мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталуда.
Айта кететін, 2021 жылы 13 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалардың тізбесін бекіту туралы жарлыққа қол қойды. 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға арналған «Сапалы білім» Білімді Ұлт» жобасы. Ұлттық жобада зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақ тілін дамытуға жағдай жасау және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау сияқты мәселелер қамтылған.
«Сапалы білім» Білімді ұлт» ұлттық жобасы бес міндеттен, 15 көрсеткіштен және 26 шарадан тұрады. Жоба 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында және Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – Қазақстан халқына Жолдауында» белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Атап айтқанда, Ұлттық жобада балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту, оқушылар орнының тапшылығын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру шаралары қарастырылған. Жобаның негізгі мақсаты – білім берудің барлық деңгейіндегі оқушылардың білім сапасын арттыру. Сондай-ақ, жедел шешім қабылдауды талап ететін және халықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталады.
Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық әрі әлеуметтік әлеуетін арттыру және дамыту үшін зор маңызды иеленеді. Оның төңірегінде Білім беру сапасын арттыру, оған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу, біліктілікті жыл сайын арттыру сияқты шаралар жүзеге асырылды. Сонымен қатар оқу бағдарламаларын жаңарту әрі жаңғырту, мектептер мен университеттердің техникалық-материалдық базасын дұрыстау, педагогтердің кәсібилігін еселеу, ең бастысы мүмкіндігі шектеулі немесе ерекше балаларға білім беру кезіндегі қолжетімділік, демографиялық мәселелер қарастырылды. Осы тұста аталған жаңалықтарға және өзгерістерге сүйене отырып, мынадай болжам жасауға болады:
- Білім деңгейінің сапасын арттыру;
- Мемлекеттің орныққан әлеуметтіа және экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін соған қабілетті білім жүйесін қалыпқа келтіру;
- Инноаациялар және ғылыми-зерттеуді дамыту үшін жағдай жасау;
- Әлемдік еңбек нарығында білікті әрі табысты, бәсекеге толықтай қабілетті кадрларды даярлау.
Кәсіби ортада және қоғамда педагог қызметкердің жағымды имиджін қалыптастыру, сөзсіз өте өзекті мәселе, өйткені кәсіби қызмет адамның өмір сүру уақытының жақсы бөлігін алады, оның барысында кәсіби тұлға ретінде оның жеке басының белсенді дамуы жүреді. Инновациялық жағдайда жұмыс істеу қазіргі мұғалімнен құзыреттілікті дамытуды, максималды жұмыс қабілеттілігін және пайда болған өзгерістерге тез бейімделуді талап етеді.
Кәсіби қызметте мұғалімдердің алдында көбінесе төмен жалақы, бос жұмыс кестесі, авторитарлық көшбасшылық стилі, әріптестердің немқұрайлылығы, басшылардың көмегі мен қолдауының болмауы, кәсіби мәселелерді өз бетінше шешуге құзыреттіліктің қалыптаспауы және соның салдарынан кәсіптен көңілі қалуы, кәсіби өсу қажеттілігін түсінудегі нәрестелік сияқты проблемалар туындайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру...