«KITAPХАН@» КІТАП ОҚУ ЖОБА САЙЫСЫ ӨТТІ

«KITAPХАН@» КІТАП ОҚУ ЖОБА САЙЫСЫ ӨТТІ

«KitapХАН@» кітап оқу жобасының педагогтер арасындағы ІІІ айналымының 10 апталық шығарылымы өтті. Бүгінгі апталық шығарылымда Қазығұрт, Жетісай, Ордабасы, Мақтаарал, Келес аудандарының білім беру ұйымдарының педагогтері қатысып, оқыған көркем әдебиеттерін оқырман қауымға дәріптеді.
Нәтижесінде Жетісай ауданы, М.Маметова ат. 33 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсебаева Жанара Т.Әсемқұловтың “Бектұрсынның қазынасы” атты кітабын дәріптеп, 49 пайызбен апталық жеңімпазы атанып, айлық сайысқа жолдама алды.
Кітап оқу — өнер деп айтып жатамыз. Шындығына келгенде, кітаптың нақ өзі үлкен өнер туындысы деуге толық негіз бар. Өйткені, кітаптың көз тартар мұқабасынан бастап, оның ішіндегі безендірілуі, дизайндық ерекшеліктері өзінше бір бөлек өнер дейтін болсақ, ал ондағы жазылған мәтіннің мән-мағынасы, кітап ішіндегі оқиғаның оқырманды елітіп әкетуінде де үлкен өнер әрі еңбек жатыр. Кітапты басып шығаруда көптеген қызметкерлер еңбектенеді. Және өз оқырманының жүрегіне жол табатын дүниені табады. Жасыратыны жоқ, ең әуелі кез келген оқырман кітаптың мұқабасына зер салады. Ал мұқабадағы суреттің кітап ішінде маржандай тізілген мәтіннің мағынасын ашуы да көп ізденісті, өнерге деген ықыласты қажет ететіні сөзсіз. Баспа кітаптарының сапалы әрі көп данамен басылуының өзі бұл өнер туындысына деген сұраныстың жоғары екендігін айқындайды.
Шындығына келсек, сәнді мұқабалары мен жарқын иллюстрациялары бірден көзге түседі. Тіпті, кейбір ақпараттарға сүйенсек, сөрелер мен кітапханаларды безендіру үшін көптеген баспа басылымдарын қолданатынымыз да ақиқат. Айта кететін жайт, әдемі мұқабалар мен әсем безендірілген кітаптарды көрген сәттен бастап, олар оқырман арасында сүйіспеншілікке ие болды. Сонымен қоса, осы сәттен кейін біз кітапты жай ғана суреттері бар мәтін ретінде емес, біртұтас полиграфиялық өнер туындысы ретінде қарастыруды үйрендік. Мұнда кітаптың макеті де маңызды әрі үлкен рөл атқарады.
Кітап өнері кітап мәдениетімен тығыз байланысты. Жоғарыда атап өткен әсем безендірулер, жарқын иллюстрациялар, сәнді мұқабалар кітап мәдениетінде де айрықша рөл атқарады. Кітаптағы мәтін арқылы адамда мәдениет қалыптасады. Басылымның тутул бетіндегі мәліметтердің дұрыс әрі стандартқа сай болуы да, кітаптың мәдениетін арттырмаса төмендетпейді. Осы орайда біз кітап, оқу мәдениетінің тұлғаның рухани және әлеуметтік дамуының құралы ретінде қарастырамыз. Өйткені, кітап білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбиелік құрал. Ұлттық мәдени кодымыздың өзі кітап арқылы қалыптасады. Жалпы кітапты мәдениеттен, өнерден алшақ қарастыру мүмкін емес. Өйткені, түрлі өнердің бәрі адамзатқа кітап арқылы насихатталып, тарлан тарихымыздың өзі осы өнер туындысы арқылы бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
Бірақ, қазіргі таңда біз «Мықты дизайнерлер жоқ!» немесе «Мұқабаға ғаламтордан алынған суреттер саламыз», «Кітаптан ақша үнемдейміз» деген желеулер арқылы еліміздегі кітап дүкендері сөрелеріндегі отандық баспа кітаптарының ұзақ өтпей тұратынын ақтайтындай боламыз. Бірақ, бұл дұрыс емес. Ең бірінші, кітапқа салатын қаражатымыз қомақты болса, ол өнер туындысының өз оқырманын табуына жол ашады. Мұқабаға мән бермесек, кітаптың өтуіне кепілдік қалай береміз?!
Кітап оқу мәде­ние­тін ­насихаттау жөнінде жүйелі іс-шаралар жүргізумен қоса кітапханашылар, жас буынның әдеби, тарихи, көркем ойлау жүйесін ұлттық мүддеге сай қалыптастыру мәселесін де қаперге ұстап келеді.
«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік»,-деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу – әр адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтыны шындық.
Сонымен қатар, бүгін “KitapХАН@» кітап оқу жобасының педагогтер арасындағы ІІІ айналымының 2 айлық шығарылымы өтті. Бүгінгі айлық шығарылымда Төлеби, Ордабасы, Шардара, Сауран аудандарынан жалпы педагогтер қатысып, оқыған керемет көркем әдебиеттерін оқырман қауымға жеткізді.
Нәтижесінде Шардара ауданынан Мажитова Салтанат жүлделі ІІІ орын, Сауран ауданынан Садыбекова Ұлжан, жүлделі ІІ орын, Ордабасы ауданынан Алимкулов Нұртас жүлделі І орынды иеленіп, айлық жеңімпазы атанып, жылдық сайысқа жолдаманы қанжығасына байлады.
Жеңіс құтты болсын!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...