КЕЛЕСТЕ АПТАНЫҢ БІР КҮНІН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРҒА АРНАҒАН БАЛАБАҚША ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

КЕЛЕСТЕ АПТАНЫҢ БІР КҮНІН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРҒА АРНАҒАН БАЛАБАҚША ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Келес ауданында орналасқан «Балдырған» балабақшасында аптаның әр сәрсенбісі «Ұлттық күн» деп дәріптеліп, сол күні қызметкерлер ұлттық үлгіде киініп, барлық топтар бойынша ұлттық құндылықтар насихатталады. "Балдырған" бөбекжай-балабақшасында мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ұлттық ойындармен таныстыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында аптаның бір күнін қазақ халқының ұлттық ойындарына арнаған дейді білім бөлімінің әдіскері Ақмарал Апетова:
- Балабақшада баланың білім мен тәрбие алуына қажетті көрнекіліктер қоры мол, әсіресе ұлттық ойын түрлеріне арналған көрнекіліктерді шебер тәрбиешілер өз қолдарымен жасаған. Мектепалды дайындық тобы тәрбиеленушілері ел ішінде ұмыт бола бастаған «Бестемше» ойынын жақсы меңгерген және қызыға ойнайды. Сондай-ақ «Ханталапай», «Бес тас», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», т. б ойын түрлері күн тәртібінен түспейді,-дейді бөлім әдіскері.
Қазіргі таңда балалардың ұсақ моторикасы мен ойлау қабілеттерін дамытып жылдамдық пен епшілдікке баулитын қазақтың ұлттық ойындарын бала тәрбиесінде қолданудың маңызы өте зор және ол әрекет өз нәтижесін беріп келеді.
Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.
Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек ешқашан қате­леспейміз. Барлық білім­нің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі ме­ке­­ме­лер­де тәрбие мен білім са­­ласында заманауи­ педа­го­гикалық технология­лар қан­шалықты маңызды болса, мек­теп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техноло­гиялар ұғымы кеңінен қол­данылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының бас­ты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдіс­терін енгізу. Әрине бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да бай­ланыс­ты.
Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мем­лекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұр­пақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің ен­шісінде. Заман өзгерген сайын­ әдіс-тәсілдер көбейіп, жа­ңа­­­рып, толығып жатыр. Бала­лар­дың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технология­ны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады.
Жаңа заман баласы –­ ер­­теңгі еліміздің бола­ша­ғы. Жаңа заман баласын қалып­тастырып, дамы­ту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анық­­тап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағ­дай жасау қажет. Біздің ба­ла­бақ­шамызда балаларға үз­діксіз білім беруде барлық жағ­дай қарастырылған. Бала­бақшада балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педа­гогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Осы уақытқа дейін тәр­биеші ретінде балаларға үздік­сіз тәрбие мен білім беруде жаңартылған педа­гогикалық технологияларды­ кеңінен қолдануға тырысамын. Себебі қазіргі заман бала­ларының берілген ақ­парат­ты тез қабылдауынан, есте сақтау қабілеттері жоғары дамығандығын байқауға болады.
Мектепке дейінгі меке­ме балаларына үздіксіз тәр­бие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері. Осыған орай мектепке­ де­йін­­гі мекемелердің тә­жі­ри­бесіне оқыту мен тәр­бие­леудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Мә­селен, ынтымақтастық пе­да­­гогикасы, білім беруді ізгі­­лендіру, ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқы­ту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлау­ды дамыту, оқытудың ком­пьютерлік технологиясы, психологиялық, педа­го­ги­ка­лық әдістемелік білімді, педагогикалық ше­бер­лікті, балалардың жан-дү­ниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Еске салар болсақ, 2022 жылды Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев “Балалар жылы”деп биылғы жылды балаларға арнады.Ал бұл дегенім балалардың жан жақты дамып,білім алуына,ойнап өсуіне тәрбиешілердің тікелей ықпалы тиіп,көп қажырлы еңбек атқаратынын айқындап тұрғандай.
Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары деп білемін. Салыстырмалы түрде сөйлейтін болсақ, кімнің пікірімен бөліссек те балабақшаға барған баламен, бақшаға бармаған баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Қай жағынан болмасын –адамдармен қарым-қатынас жасағанда да, сөйлеу мәнерлерінде де, өз ойларын жеткізе білуде де тағысын сол сияқты көптеген құбылыстарда да айырмашылықты байқап жатамыз. Ата-ана балаларын балабақшаға берместен бұрын «ол жерде балам не үйреніп шығады, тәрбиеші қандай болады екен?»- деген сұрақтар мазалайтыны түсінікті. Балабақшадағы оқу қызметтері 5 сала бойынша жүргізіледі, ең бастысы ойын ойнай отырып біліммен,тәрбиемен сусындаймыз.Әр саланың балаға берер өз үлестері бар,мысалы таным саласы ойлауы мен танымдық қабілеттерін арттырады,қатынас саласы тілі мен сөйлеуін,шығармашылық саласы өнерге баулыса,денсаулық саласы салауатты өмір салтын ұстану керектігін үйретеді және әлеумет саласы айналадағы қоршаған ортамен тығыз байланыс жасауды үйренеді.Осы 5 саланы кіріктіріп,бір-бірімен байланыстыру арқылы балаларға түрлі ойын сабақтар ұйымдастырады.
Сонымен қатар, тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады дегенмен мұнан кейін балабақшаның да ролі зор. Ұлттық тәрбиеден салт –дәстүр ауыз әдебиетінен нәр алып өскен ұрпақ қай кезде де аталар аманатына адал боларына кәміл сенеміз. Ұлттық салт-дәстүрді мәдениетпен өнерді насихаттау – тәрбиенің төресі.
Бала көкпар, бәйге, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ т.б ойындарымыз арқылы қазақи қайнардан тәлім алса ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өседі. Балабақшадағы сәбилерге жоғары деңгейдегі ұлттық сана сезімді, рухани мұраларға және ұлттық мәдениетке деген құндылықтарды, отансүйгіштік, ұлттық намыс сезімдерін қалыптастырады. Балабақшадағы ұлттық тәрбие берудің мақсаты: Ұлтжандыққа отансүйгіштікке, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін терең меңгеруге, ана тілін қадірлеуге үйрету. Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің міндеті ата бабамыз қолданған үрдіс пен бүгінгі жаймен саралап, халықтық педагогиканың асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруді қилыстыру.
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет: – белсенді қарым-қатынас: баламен тәрбиешінің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы; – индивидтік: тәрбиешінің әр жеке баланың ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы; – өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту; – шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.
Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы іспеттес. Мұн­­­дағы тәрбие мен білім ба­ла­­лар­дың табиғи мінезін, қа­бі­летін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қам­ту өзімнің басты мақсат­тарым­ның бірі екенін қуана айта аламын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...