«МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ» АТТЫ ПІКІР АЛМАСУ САБАҒЫ ӨТТІ

«МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ» АТТЫ ПІКІР АЛМАСУ САБАҒЫ ӨТТІ

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде аудандық 9-10-11 сынып оқушыларымен «Мен таңдаған мамандық» атты пікір алмасу сабағы өткізілді.
Аталған іс-шараға өз ісінің шебер мамандары және жас мамандар қатысып, өз ойларымен бөлісті. Әр мамандық иесі өз кәсібінің қыр-сыры туралы кеңінен тоқталды.
Мақсат - оқушыларға заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру.
Осындай тәрбиелік мәні зор 9-11 сынып оқушылары үшін мамандық таңдау барысында қолдау көрсету, дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында іс-шаралар барлық білім беру ұйымдарында өз кезеңімен жоспарға сай алдағы уақытта да өткізіле бермек. Кәсіби бағдар беру-бітіруші мектеп оқушылары үшін өте маңызды.
Тарихты таразыласақ, адамзат қоғамының түрлі кезеңдерінде өзінің жасампаздығы мен тынымсыз еңбегінің арқасында мемлекеттерді өз дәуірінің биік сатысына көтерген көшбасшы тұлғалардың ғибратты істеріне куә боламыз.
Ұстаз қолында, адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұр. Жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім мектептің жүрегі деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қазіргі оқу орындары алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екендігі аян. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші,жаттандылықтан аулақ практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер, шығармашыл ұстаз керек. Сабақ – біртұтас жүйе. Әрбір күн өзгеріске толы қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбәр кәсіп иесінің ең қасиетті борышы, абзал парызы. Қазақ санасының шамшырағы Ахмет Байтұрсыновтың «Мектеп жаны мұғалім» деген қанатты сөзінің мағынасы бүгінгі күн талабын күшейтіп отыр.
Оқушыларды Отанды сүюге, адамдыққа, адалдыққа ізгілікке баулу ұрпақ тәрбиешілерінің абыройлы парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білімін беру ісінде рухани, парасатты шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияны меңгерген білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы тиіс.
Сонда мектеп те, мұғалім де бала үшін қызмет етпек.
Қазақстан Республикасы «Білім» туралы Заңының 51 бабының 5- тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін , парасаттылығын , шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті,» - делінген.
Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен, күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.
Қазіргі Қазақстандағы білім жетілдірудің түрі көп. Мектеп мұғалімдері үнемі үздіксіз білім жетілдіруге барлық жағдай жасалған.
Білім беру процесін ақпараттандыру, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдермен қамтамасыз ету ,мұғалімдердің жеке және қауымдастықтар арқылы білім жетілдіруіне бар мүмкіншілік жасалған.
Мұғалімдердің өздерінің теориялық, аналитикалық білімі болмай тұрып,өз бетімен әдеби-танымдық шығармалар оқу, педагогика талаптарын білуге ұмтылмай тұрып,жанашыр,бала жанын түсінетін гуманист мұғалім шығады деу үлкен қателік. Гуманизм –бұл мұғалім үшін міндетті сапа.Өсіп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғары құндылық ретінде қарым-қатынас жасау мұғалімнен педагогика-психологиялық білімді талап етеді.
Бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — білімді, білікті ұстаз. Ол ұстаз әрдайым өз білімін жетілдіріп, кәсіби дамуын қадағалап отырады. Білім беру жүйесіндегі негізгі өзгерістер педагогтің өзі өзгергенде, оның педагогикалық әлеуеті мен шеберлігі өскенде, қазақстандық педагогикалық сана кеңейтілген кезде ғана болатындығын атап өткен жөн.
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу.
Әдістемелік жұмыс – педагог қызметкерлердің ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол – оқу-тәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесіне талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру. Бұл - оқушылардың танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.
Білім сапасын және пәрменділігін арттыру мәселесі оқу үрдісіне оқытудың инновациялық, интербелсенді технологияларын тереңдете ендіру жолымен шешілетіндігі сөзсіз және бұл ретте тұтас алғанда білім берудің сапасы көтеріліп, шығармашыл жеке тұлғаны дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
Болашақ ұрпақтың білім сапасының жоғарылығы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің тиімді ұйымдастырылуына, басқарылуына, жетекшілік етуіне және әрбір педагогтың өз ісіне жауапкершілікпен қарауына тікелей тәуелді. Сондықтан білім мен тәрбие берудің сапасын қамтамасыз ету, оны іске асыру - білім беру ұйымдарының ең басты міндеті болмақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...