ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Жетісу облысының білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы Жетісу облысы білім басқармасы мен «Жас ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып өскелең ұрпақтың Қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік, республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау мақсатында жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларының арасында жуырда Талдықорған қаласында «Жаңа Қазақстанның болашағы - Зерделі ұрпақ» атты Республикалық пікірсайыс турнирі болып өтті.
Турнирге Түркістан облысы атынан «Саналы ұрпақ» командасы, Кентау қаласы, М.Қашғари атындағы мектеп-лицей оқушылары ағылшын және орыс лигаларына қатысты.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті тұлға дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы заманауи мұғалім – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Олай болса бүгінгі күнгі әрбір педагог оқыту мен тәрбиелеудегі педагогикалық менеджментті игеруі керек.
Педагогикалық менеджмент – бұл қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару.
Басқару - өте ежелгі тәжірибе болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болады. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның барлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асрылып кедеді. Дегенмен, басқару - қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым және зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа болып табылады. Өйткені көп басқару қызметі орындайтын орта буын басшыларының болмауы, басқару қызметтерінің нақты және деректі түрде бөлінбеуі, басшылықтың мұрагерлік және тәртіп алу арқылы берілу әдісі осыған түрткі болады.
Менеджмент деген ұғымның бастапқы мағынасы - өз еңбегін, интелектісін және басқа да адамдардың тәртібін пайдаланып жетекшінің қойылған мақсатқа жете білуі. Басқаша айтқанда бұл - ғылым саласында адамдарды және әлеуметтік үдерістерді басқару өнері.
Педагогикалық менеджмент – бұл қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару.
Білім беру үдерісінің астарында оны құраушы үш саты бар:
Оқу-тәрбиелік, оқу-танымдық және өзіндік білім алу әрекеттері.
Педагогикалық менеджмент анықтамасына қарап, кез келген оқытушы оқу-танымдық үдерістің менеджері екенін көреміз (оларды басқару субъектісі ретінде) ал, орта білім беру мекемелерінің жетекшісі - жалпы алғандағы оқу-тәрбиелік үдерісінің менеджері (осы әрекетті басқаратын субъект ретінде).
Педагогикалық менеджменттің (білім беру үдерісін басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіндік ерекшелігі және өзіне ғана тән заңдылықтары бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.
Менеджер еңбегінің құралы - білім беру үдерісіндегі басқарылатын субъектінің қызметі болып табылады. Еңбек қажеттілігі - ақпарат.Еңбек қаруы - сөз, тіл, сөйлеу.
Оқу-танымдық үдерісі менеджерінің еңбегінің нәтижесі оқушылардың білім алу , тәрбиелену және даму дәрежелері болып табылады.
Тәжірибе көрсеткеніндей орта білім беру мекемелерінде білім беруді басқарудың көп жағдайда төмен болу себебі - жүйеге немқұрайлықпен қарау. Ол осы жүйедегі бір-бірімен байланысты субъектілердің арасында қарама-қайшылық туғызады. Соның нәтижесінде субъекті және объекті болып бөлінеді. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан орта білім беру мекемелері жетекшілері мен оқытушыларының қызметі оқу-тәрбие, оқу-танымдық үдерісінің менеджері ретінде осы немқұрайлық пен шығармашылық арасындағы қарама-қайшылықты шешу болып табылады.
Орта білім беру мекемелеріндегі оқушылардың оқу-танымдық процестерін оқытушымен басқару проблемасын жақсартудың бірден-бір шарты олардың жете білушілігі мен оқытушыға лайықты кәсіби шеберліктермен қамтамасыз ету.Менеджмент субъектісі ретінде оқытушының жете білушілігі оның кәсіби функцияларын орындау даярлығымен, әлеуметтік құрылулармен үйлесімді бірлікте болуымен және оның психо-педагогикалық дайындалуымен сипатталады.
Педагогикалық үрдісті басқару – қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады.
Еліміздегі білім беру жүйесінің халықаралық білім кеңістігіне интеграциялану тетіктерінің бірі – оқытудың ақпараттық жүйесі. Бұл жүйенің мәні оқушылардың өз бетімен білім алуына басымдық беріліп, «өмір бойы» оқу дағдысын қалыптастыруда.
Жалпы алғанда, бұл жүйе негізінде білімдік үрдісті ұйымдастыру үздіксіз оқу-ізденіс, үнемі өзін-өзі жетілдіру және зерттеушілік жұмысқа жоғары мотивацияны қамтамасыз ету арқылы білім алушыларда құзіреттіліктерді дамыту міндетіне сәйкес келеді .
Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейіп отыр, тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде.Осындай кезеңде өз өмірін сақтап қалуы үшін әрбір мектеп өз қызметін үздіксіз жақсартуға және қайта құруға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге мәжбүр.
Білім беру қоғамдық іс-әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі дәрежесінің нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады. Сондықтан білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, білім берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек қана салдары болып қоймай, қажетті шарттары да болып табылады.
Мектептегі жаңарту бастамасы педагогикалық ұжымның өз үлесіне тиеді. Әр мектепте оқу-тәрбие үрдісі бойынша мамандар болуы тиіс, олардың негізгі міндеттеріне мұғалімдерге басшылық жасау және педагогикалық жаңалықты бақылап отыру, сонымен қатар барлық оқу пәндері бойынша әдістемелік жүйенің өзіне тән мерзімдік тексерісін өткізу кіреді.
Айта кететін, пікірталасшылар республикалық турнирде тартысты өнер көрсетіп, ағылшын лигасы бойынша Изатуллаева Лайло Икрамжанқызы, Насируллаева Барно Рухиллақызы ІІІ дәрежелі дипломмен, орыс лигасы бойынша Анварова Алтинай Максудқызы «Үздік спикер» номинациясымен марапатталып жеңіске жетті.
Жетекшілері Амин Зумрад Сатыболдыкизы, Мухитдинова Захира Акажановна.
Жеңістеріңіз құтты болсын жеңімпаздар!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...