«ӘЛЕМДІ МЕЙІРІМДІЛІК ҚҰТҚАРАДЫ» АТТЫ АПТАЛЫҚ БАСТАУ АЛДЫ

«ӘЛЕМДІ МЕЙІРІМДІЛІК ҚҰТҚАРАДЫ» АТТЫ АПТАЛЫҚ БАСТАУ АЛДЫ

Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 2023 жылдың қараша айының 13-17 күндері аралығында «Әлемді мейірімділік құтқарады» атты психологиялық қызметінің апталығы ұйымдастырылуда.
Мақсат - психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, мектеп ұжымының ауызбіршілігін, ынтымақтастығын қалыптастыру, ұжымда бір-бірін қолдауға, өз ісінің белсенді маманы болуға деген қабілетін арттыру. Оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту, өзара жағымды қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, әлеуметтік ортада өзін еркін ұстауға және өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
Нәтижесінде, жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық пен құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, ерте жүктілік мәселесін болдырмау, алдын алу жолдары ұсынылады, бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлін нығайтып, мектеп пен ата-аналардың тығыз байланысына ықпал етеді, жеке тұлға қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін көрсете отырып, салауатты өмір сүруге қызығушылықтарын оятады, ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырады.
Осыған орай бүгін барлық мектептерде «Бақытты күн» айдарымен психологиялық қызметінің апталығының ашылуы өткізіліп, оқушылардың мектепке қандай көңіл-күймен келгенін бақылап, көңіл-күйін көтеру, көңіл-күйін реттеу мақсатында топтық "Қимылды жаттығу", "Бақыт мен үшін ол..." акциясы ұйымдастырылды.
Айта кететін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» деп атап көрсеткен болатын. Бұл ұлттық жобаның түпкі мақсаты – әрбір баланың сапалы білім алуына қолайлы жағдай тудыру. Бала ештеңеге алаңдамай тек сабағын оқып, білімді де білікті болып шығуы тиіс.
Білім сапасын көтеру – егемен елдің білім саласының, Жаңа Қазақстанның жақсы мұғалімінің ең үлкен мақсаты. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейте түскен абзал. Яғни сапалы білім беру ісі жаңа заманауи технологиялармен, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен толық жарақтандырылып, оқыту мен тәрбиелеудің үрдісі үздіксіз жалғаса берсе, баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіруге саналы ғұмырын сарп ететін мұғалімнің рөлі арта түссе, ұлағатты ұстаздарымыз өз біліктілігін ұдайы арттырып отырса, білімнің сапасын көтеруге болады. Білім сапасының жоғары болуы мен оқушылардың ынта-жігерін арттыруда үйдегі ата-ананың да ықпалы зор. Білім сапасын арттыру үшін басты мақсат – мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру, үздіксіз білім алу арқылы сапалы білім беру көзделеді. Мұғалім кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіріп отыруының арқасында ғана сапалы білім беруге ұмтылады. Өркениет көшінен қалмай, білім беру ісін зор ізденушілікпен жұмыс жасағанда ғана оқушының білім сапасы артады. Жаңартылған білім беру мазмұны мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, алған мәліметтері пайдалы болатындай ойлануына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар оқушылар жаңа идеяларды әртүрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алады. Мұғаліммен бірге ең алдымен оқушы да өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға атсалысуы керек.
Сонымен қатар, «Білімді ұлт. Сапалы білім беру» ұлттық жобасы және ҚР мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген индикаторларға қол жеткізу бағытында жүргізілуде.
Ұстаз – ұлттың бағдаршамы. Ұлы міндетті алтындай арқалаған мұғалімдердің қажырлы еңбегі көпке үлгі. Президент тапсырмасы аясында соңғы 4 жылда мұғалімдердің жалақысы 100 пайызға артты. Бұл ұстаз еңбегінің ескерілгені деп білеміз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...