«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN - 2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНА ҚЫЗУ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN - 2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНА ҚЫЗУ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебі ғимаратында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN - 2023» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына шығарып салу іс-шарасы өтті.
WorldSkills – әлемнің 82 мемлекетіне таралған халықаралық қозғалыс. Оның негізгі мақсаты жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу. Кәсіптік білім берудегі техникалық, қызмет көрсету және құрылыс салалары бойынша қатысушылардың тәжірибелік дайындығы, кәсіптік біліктілігі, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениеті, заманауи, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іс жүзінде қолдана алу және біліктілігін сынау.
Осы ретте ағымдағы жылдың 19-27 қараша күндері Астана қаласында «Worldskills kazakhstan - 2023» республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді.
Чемпионатқа Түркістан облыснан 30 студент қатысып, 29 құзыреттілік бойынша бақ сынауда.
Чемпионатты өткізу арқылы жұмысшы мамандығының беделін арттыру және кәсіптік білімді дамыту, кәсіптік білім алушыларды халықаралық WorldSkills чемпионатына қатысу арқылы әлемнің үздік тәжірибесін үйрену мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, өткен жылы «Worldskills kazakhstan - 2023» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына Түркістан облысынан 14 колледжден, 29 кұзыреттілік бойынша 30 қатысушы, 29 эксперт қатысып бақ сынаған болатын. Есесіне, студенттеріміз ІІ орын - 5, ІІІ орын - 3, 5 медальон жеңіп алды.
Өңіріміз аталған Чемпионатқа 2015 жылдан бастап қатысып келеді.
Сонымен қатар, тұлғалық-бағдарлық білім беруді нығайту білім беру процесіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілдікке жол бермей, ынтымақтастығына ықпал ететін оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады. Сондықтан да қазіргі қоғам мен мектеп жаңартылған білім беру жағдайында оқытудың жаңа міндеттерін сапалы шешуге, шығармашылыққа қабілетті педагог қызметкерлеріне мұқтаж.
Білім беру мазмұнының жаңару курсының нәтижелілігі тікелей мұғалімдердің кәсібилігіне байланысты. Сонымен қатар, педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылатын оқыту үрдісі, өзін өзі өзектендіруі, өзекті білімді меңгеруі, біліктілігі мен дағдысы жетілуінде біліктілікті арттыру курсы маңызды рөл атқарады.
Педагогтарды оқытуда аталған курс тәжірибеге бағытталған белсенді оқу тәсілдерін қолданумен ерекшеленеді. Біліктілікті арттыру курсы аясында оқыту қызметі андрагогика ұстанымына негізделеді. Олар:
- білім алушылар оқу үрдісінде жетекші роль атқарады;
- білім алушылар, қалыптасқан тұлға ретінде алдарына нақты мақсат қоюға, өз бетімен, өзін өзі басқаруға, өзін өзі жүзеге асыруға ұмтылады.
- ересек адамдар меңгерген білім, білік, дағдыларын, өмірлік және кәсіби тәжірибелерін оқыту үрдісінде тиімді қолданады;
- оқу процесінде білім алушылар мен тренердің іс-әрекетінің барлық кезеңдерінде бірлесе ұйымдастыру.
Теориялық деңгейден қолданбалы білімге ойдағыдай өтуде стреотиптерді жоюға, белсенді ойлауға және өз бетімен ізденуге қызықтыруға, сендіруге үйретеді. Дәрістің артықшылығы ұсынылған материалдың өзара байланысы мен логикалық қабылдаудың тұтастығында.
Оқыту курстарындағы дәріс сағаттарының қысқартылуы шектеулі уақытта теориялық материалдарды нәтижелі меңгеруге, дәрісті өткізуде инновациялық тәсілдерді қолдануға мүмкіндіктер тудырады. Осындай жетістікке жетуге мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі- белсенді оқу дәрістері. Белсенді оқу білім алушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді.
Кейс амал-тәсілінде басты назар білім алушылардың ұсынылған нақты немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т.б. білім алушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады. Кейс әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік беретін білім алушылардың материалды оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әртүрлі жағдайларды саралауға мүмкіндігі мол білім беруі тәсілдерінің заманауи түрі.
Кейс әдісін тиімді қолдану арқылы білім алушылар бойында келесі дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға болады:
- Аналитикалық дағдылар. Оларға келесілерді жатқызуға болады: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды.
- Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді.
- Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз CASE-пен мәселе шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды.
- Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану – топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау.
- Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында CASE-те нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін - өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама -қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін өзі ұстау және т.б.
- Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай байланысуы мүмкін. Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты жүйелі саралауды талап ететін кешенді құрылымдық жүйе екендігі белгілі. Әдістің категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бүгінгі жаһандану заманында ғылым мен технологияның қарыштап дамып, алтын басты азаматтарына әр ел инвестиция құйып жатқанда біздің мемлекетіміз де қалыс қалып, көш соңында қалмауы тиіс екені бесенеден белгілі. Осы ретте президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басындағыларға аса маңызды тапсырма беріп, сол тапсырмаға сәйкес елімізде 2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасы әзірленген болатын. Қазіргі уақытта жоба сәтті іске асып жатыр.
Жоба аясында 2025 жылға қарай Білім беру саласы бойынша негізгі капиталға инвестиция 174,8 пайызға өсіп, білім беру саласында 5 млн теңгеге жуық қаражат ЖҚҚ-ға жұмсалып, 104 мыңға жуық білім беру саласында жаңа жұмыс орындары ашылмақ екен. Жалпы «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасының іске асуына 2 млрд теңге бөлініп отыр екен. Қазіргі ғылым мен технологияның заманында білім беру саласына қанша қаражат құйсаң да артық етпесі анық.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...