Шардара ауданына қарасты «Шардара» мектеп-лицей базасында жалпы білім беретін мектептерде «Мектепалды даярлық сыныбында жаңаша оқытудың тәсілдерін тиімді пайдалану» тақырыбында аудандық әдістемелік оқыту семинар өткізілді.
Мақсат - мектепалды даярлықта тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі негізінде бағытын білім беру міндеттері бойынша орындауды қарастыру, тәрбиеленушілердің сапалы мектепке дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Семинар барысында негізі оқыту міндеттерін іске асыру кезінде сапалы білім беру ортасын құру, білім беру қызметін тиімді ұйымдастыру, педагогтің әр баламен жеке қарым-қатынасы, баланың іс-әрекетіне және шынайы қызығушылықпен қарау, тыңдау, балаға жылы қарым-қатынас көрсету туралы талқыланды.
Мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында тәрбиелеу мен білім беру процесінде дамытушы заттық-кеңістікті ортаны ұйымдастыру ұсынылды. Барлық қатысушылар өз ойларын ортаға тастап, тәжірибелерімен бөлісіп, әдістемелік көмек алды. Семинарға мектепалды даярлық педагогтері қатысты.
Айта кететін, педагогтердің абыройын арттыра түсу және оларды қолдау, дамыту мақсатында бүгінге дейін жаңа бағдарламалар мен бастамалар қолға алынуда. Оның айқын дәлелі - жыл сайын Оқу-ағарту министрліктері өткізетін шаралар: үздік мектеп пен педагогтерге арналған конкурстар, мұғалімдердің кәсіби өсуіне септігін тигізетін түрлі гранттар мен біліктілікті арттыру стипендиялары. Бүгін де қашықтықтан оқу жүйесін дамыту және оқыту үдерісіне заманауи технологияларды енгізу арқылы, педагогтердің жан-жақты жұмыс істеуіне мүмкіндік берілуде.
Қазақстанда педагог мамандығының мәртебесі мен беделін арттыру курсы бірнеше жыл бұрын, мұғалімнің асыл еңбегін қолдау, сондай-ақ оның қызметінің барынша тиімділігін қамтамасыз ету үшін "педагог мәртебесі туралы"ҚР Заңы қабылданған кезде қолға алынған еді.
Үкіметтің 2021 жылғы 15 шілдедегі кеңейтілген отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді артық жүктемеден босатуды, сондай-ақ мұғалімдерге төлемді екі есеге арттыруды тапсырды. Сонымен қатар әртүрлі өңірлердегі педагог құқықтарының тапталуына және бұзылуына жол бермеу мақсатында КОКСОН білім беру саласындағы сапаларды қамтамасыз ететін департаменттердің базасында педагог этикасы және олардың құқықтарын қорғау мәселелері төңірегінде кеңестер құрылды. Заңға сәйкес жүктемелер қысқартылып, педагог қызметіне қатысы жоқ мәселелерді шешуге толықтай тыйым салынып, 16 сағаттық жүктемеге көшу жүзеге асырылды.
Сондай-ақ педагог мамандығына дарынды түлектерді тарту және білім сапасын қамтамасыз ету үшін 2020 жылдан бастап жас мамандарға біліктілік санатын берудің ерекше, жаңа тәртібі көзделді. Мәсәлен, Болашақ бағдарламасы түлектеріне "педагог-зерттеуші" мамандығы беріледі және лауазымдық жалақысының 40 пайызы мөлшерінде қосымша ақы алады.
Педагогтың кәсіби өсуінің жаңа жүйесін енгізудің арқасында білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы лауазымдық жалақысына байланысты 30-дан 50%-ға дейін өсті. Соның негізінде бүгінгі таңда "педагог мәртебесі туралы" Заңға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудың тиісті білім беру бағдарламалары әзірленуде. Сарапшылар атап өткендей, бұл шара жалпы республика бойынша педагогтерге қажеттілік мәселесін шешуге бағытталған.
«Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында» алға қойылған міндеттерді шешуде білім беру жүйесіне ерекше рөл беріліп, басты басымдықтардың бірі ретінде атап өтілген. Ал оның негізгі тұлғасы мен «қозғаушы күшіне» қатысты: «Педагог кадрлардың тапшылығынан мұғалім орнына бәсекелестікке дейін» деген ұран алға қойылды. Бұл өз кезегінде мемлекет пен қоғамның осы кәсіптің беделін және оның қазақстандықтар алдындағы тартымдылығын арттыру бойынша одан әрі күш салуын болжайды.
Мұғалімнің миссиясы әрқашан және барлық жерде ерекше маңызды және құрметті деп саналды. Өйткені, кез келген мамандық, мейлі ол ғарыш пен жоғары технологияларға, адамдарды емдеуге, құрылысқа немесе тамақ өндірісін ұйымдастыруға қатысты болсын, мектеп мұғалімдері, содан кейін орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқытушылары бекітетін қажетті білім қорын қажет етеді.
Сонымен қатар, "Педагог мәртебесі туралы" заң ұстаздардың беделін арттырды деп толықтай айта аламын. Аталған заң аясында ұстаздар қауымының, яғни біздің кәсіптік қызметіміз кезіндегі құқықтық нормалар нақтыланды. Лауазымды адамдар және басқа тұлғалардың педагогтердің қызметіне заңсыз араласуына немесе кедергі келтіруіне шектеу қойылды. Екіншіден, ұстаздарды материалдық жағынан қамтамасыз ету бір жүйеге келді. Адал еңбегі мен кәсіптік міндетін үздік орындаған педагогтерге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын беру мәселесі де осы заң бойынша нақтыланды. Елімізде педагогика саласында 25 жыл еңбек өтілі бар жетістікке жеткен ұстаздар қауымы осы марапаттың игілігін алғашқылардың бірі болып көре бастады. Қабылданған заңның арқасында қоғам тарапынан ұстазға деген құрмет, ұстаздық мамандыққа деген сұраныс арта түсті.