Ел президенті Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі маңызды проблемалардың бірі су тапшылығы мәселесі екенін мәлімдеген болатын.
Бұл орайда, су ресурстарын жүйелі дамыту мақсатында Түркістан қаласы әкімдігінің “Құрылыс” бөлімінде игі істер атқарылуда.
Түркістан қаласының алты секторы бойынша 38220 абонент болса, 37655 абоненті сапалы ауыз сумен қамтылған. Қазіргі таңда Түркістан қаласы жүз пайыз сапалы сумен қамтылып отыр деуге болады. Қаламыздың тұрғындарына түгелдей ауыз су жеткізіліп отыр. Қазір Түркістан қаласына таза ауыз су Кентауға қарасты Шобанақ елді мекені қасындағы қоймаға су жиналып, сегіз жүз миллиметрлік екі құбырмен қалаға жеткізіледі. Мұнда 32 мың текше метрлік су жиналып, су сорғылары арқылы қала тұрғындарына тәулік бойы тоқтаусыз беріліп жатыр.
Жалпы қала ішіндегі су құбырлары бір мың жеті жүз сегіз мың метрді құрайды. Оның ішінде 142 шақырымының жүз пайыз тозығы жетіп, қазіргі таңда қалалық бюджет есебінен ескі құбырларының барлығы жаңа ауа райына бейім, коррозияға ұшырамайтын төзімді заманауи материалдармен алмастырылуда. Бұл жұмыстардың барлығы да биылғы жылы жалғасады. 2023 жылдың аяғына дейін құрылыс жұмыстарын толық аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Қазіргі кезде қала көлемінде он мың тоғыз жүз алпыстан астам кәріз жүйесінің құдықшалары бар. Оның ішінде 9360-ы таза қалаішілік құдықшалары сапалы ауыз су жүйесіне тиесілі. 1330 кәріз жүйелеріне тиесілі.
Бүгінде Түркістан өңіріндегі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында аудан, қалалардың елдімекендеріндегі инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән берілуде. Түркістан қаласының 98,9% сапалы ауыз сумен қамтылған. Яғни, барлығы 41 100 абонент. Шаһарға ауыз су Кентау қаласындағы Біресек (1590 м3/сағ) су кен орнынан басталып, Мырғалымсай ( 3200 м3) су кен орнынан тартылуда. Сағатына 5 000 м3 қуатпен Шобанақ елді мекеніндегі 40 000 м3-лі су резервуарына және әкімшілік – іскерлік орталығындағы 16 000 м3 қуатты су резервуарына жиналып, халыққа жеткізілуде.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Жолдауда баса назар аударылған мәселелердің бірі Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылуы. Мемлекет басшысы су дегеніміз – үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс екендігіне айрықша назар аудартты. Ол өз сөзінде су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет екендігін және оған тиімді тәсілдер ұсыну қажет деді. Сонымен қатар, ескірген инфрақұрылымдардың орнына жаңа инфрақұрылым салу – өте маңызды міндет, қазіргі нарықтың талабы екендігін айтты.
Түркістан қаласы облыс орталығы болғанға дейін, яғни, 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес, шаһардағы су құбырларының жалпы ұзындығы 1738,5 шақырымды құраған болатын. Ал соңғы бес жылдың ішінде, қалада көптеген құрылыстағы өзгерістер мен қаланың ұлғаюына байланысты тағы 339,3 шақырым су құбыры төселді. Қазіргі таңда шаһардағы су құбырларының жалпы ұзындығы 2078 шақырымды құрайды. Мұнан бөлек, ауыз суға арналған, сыйымдылығы 46,0 мың текше метр болатын алты резервуардың құрылыс жұмыстары аяқталды. Бұған дейін Түркістанда сыйымдылығы 26 мың текше метрді алатын бес сұйық су қоймасы болса, қазіргі су сыйымдылығы 72 мың текше метрге жетті. Ондағы таза ауыз судың көлемі шаһар тұтынушыларының қажеттілігін толықтай қанағаттандыруға қауқарлы. Мақаламыздың басында облыс орталығындағы ауыз сумен қамтамасыз ету 100 пайыз шешімін табатынын айтқан болатынбыз. Осы мақсатта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков сәуір айында өткізген брифингінде 2023 жылы 4 нысанның құрылысын аяқтау көзделіп отырғанын жеткізген еді. Жоба құны 5160,8 млн. теңгені құрайтынын да жасырмаған болатын қала әкімі.
Түрленген Түркістанды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланатын су алу көздері Біресек және Мырғалымсай су жинау резервуарлары. Қала тіршілігі үшін аталған аса маңызды нысандарда 72000 шаршы метр су жиналып, халыққа беріліп келеді. Резервуарлардағы таза суды елге жеткізу күн тәртібіндегі елеулі мәселелер тізбегінен түспек емес. Атқарылған жұмыстардың көптігімен қоса, облыс орталығына қоныс аударып, ай санап артып келе жатқан халық саны да естен шықпауы керек. Демек, жасалынар жұмыстардың да бір сәтке тоқтамасы сөзсіз.
Тұрғындардан сапалы ауыз су мен кәріз жүйесіне қатысты келіп түскен тапсырыстар мен арыз-шағымдарын диспетчерлік бөлім тәулік бойы демалыссыз жұмыс істеп, қадағалап отырады. Солар тұрғындардың өтінімдерін қабылдап, кезекшіліктегі бригадаларға хабарлап, жұмысшылар мен мамандар арқылы тұрғындардың тапсырыстары жедел орындалуда. Құдықшалардың ұрланбауы үшін тәжірибе ретінде жүз құдықшаға арнайы датчик орнатылған. Одан түскен дабыл біздің диспетчерлік орталық пен полиция бөліміне де бір мезгілде беріледі. Сол бойынша жедел топ, шұғыл іске кіріседі. Қазіргі таңда кәріз жүйесінде төрт мердігерлік мекеме жұмыс жасауда. Оны халықтың, алты сектор басшыларының, билерінің қадағалауы жүргізіліп отыр. Мердігерлер жұмыстарын биылғы жылы да жалғастырып жатыр.
Cонымен қатар, тариф саясатын түбегейлі қайта қарау, тариф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу және инвесторлардың қызығушылығын арттыру қажет. Табиғи монополия субъектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізген жөн. Яғни, баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға мүмкіндік туады, — деген болатын. Қазақстандағы электр қуатымен қамтамасыз ететін желілердің үштен екісі, ал жылу коммуникациясы мен су құбыры желісі жартылай тозғаны туралы деректер алдағы уақытта апатты жағдайлардың ықтималдығын аңғартатыны анық. Осыған байланысты монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» атты жаңа тариф саясатына көшу керектігі жөнінде бастама көтерілген болатын. Монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» атты жаңа тариф саясатына көшуде бірнеше тиімді тұстар айтылып келеді. Мысалы, желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайту — алдағы негізгі мақсатқа айналды. Осыған орай, Түркістан облысында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру жайы да қолға алынуда.
Түркістан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу саласында көрсетілетін қызметтердің анықтамаларының нәтижесінде іс-шаралар өңірдің барлық факторлары мен ерекшеліктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен іске асырылатын болады. Желілердің ескіруі – жыл өткен сайын өзектілігі өршіп тұрған мәселе болғандықтан, оны шешу мен апаттардың алдын алу да тез арада аяқталмайтыны анық. Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының аумағында 3 негізгі субъект бар.
Айта кетейік, халыққа сапалы әрі қолайлы жағдай жасау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды бекітпес бұрын олардың жобасы тұтынушылар алдында қорғалады. Тұтынушыларды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін кәсіпорындарда су жеткізетін желілері мен түрлі жабдықтарда ақау болмағаны жөн. Ал қазіргі жағдайға қарай өңірдегі желілер мен жабдықтар тозған. Осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жүзеге асатын «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының маңызы мен мақсатына баса мән беру керек. Мемлекет басшысы тапсырмасымен жаңа тарифтік саясатқа көшу жөнінде шаралар бойынша жаңа инвестиялар тарту арқылы коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуды көзделуде. Бұл ретте Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы бар 3 субъекті бойынша бағаны мемлекеттік реттеуді және баға белгілеу тәртібінің сақталуын жүзеге асырады.
Құдықшалардың қақпақшаларының ұрлануы жасыратыны жоқ барлық қалада жиі кездеседі. Біз қазір өзіміздің қаражатымыз есебінен цементтен жасалған қақпақшалар құйдырдық. Ол қақпақшаларды машина жүрмейтін шеттегі ашық тұстарға қойып жатырмыз. Үш жүздей ұрланған қақпақшалар бойынша полицияға шағымдандық. Суреттерін көрсетіп, мекенжайларын анықтап, ұрланған қақпақшаларының бағасын да шығарып, полицияға тапсырдық. Мөлтек аудандардағы құдықшалардың қақпағы жоқ екендігі туралы ақпарат алдымен №109 орталығына түседі. Осыған байланысты біздің кезекшіліктегі бригадалар осыны жөндеу жұмыстарына күн демей, түн демей қатысуда. Оның сыртында балалардың аузы ашық құдықшаларға түсіп кетпеуін қадағалауда. Облыстық бюджет есебінен қойылған жаңа құдықшаларға бақылау нүктесі арқылы мониторинг жүргізіп отыру көзделуде. Бұл әзірге толық өндіріске енгізіле қойған жоқ. Ол толық өндіріске енгізілген кезде қақпақша көтерілген кезде біздің диспетчерлік орталыққа және полиция бөліміне дабыл қағылады. Біз кейде ол құдықша қақпағының ашылғанын анықтап, ұрыны ұстай алмасақ та, онда балалардың түсіп кетуінің алдын ала аламыз. Сонымен қатар тезірек қақпағын жабудың қамын жасаймыз. Қаланың ішінде он бір жерге бақылау нүктелерін орнаттық. Бақылау нүктелерінің бәрі диспетчерлік орталықтан көрініп тұрады.
Биылғы жылдық жоспарда бөлім тарапынан 11 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізу қаралған.
Сонымен қатар, бүгінде жоспар аясында бөлім 3 әлеуметтік нысан, 4 абаттандыру құрылысында, 4 нысанда инфрақұрылым жұмыстарын жүзеге асыруда.
Өткен жылы алғашқы кірпіші қаланған қалалық Мәдениет үйінің құрылысы бүгінде қарқынды жүруде.
500 орындықты көрермен залы бар нысанның 9 287 шаршы метр жеріне көгал егіліп, автотұрақ аумағымен де қамтылуда.
Одан бөлек, бөлім М.Тұрсынов көшесіндегі стадионды реконструкциялаумен айналысуда. Нәтижесінде стадионда 2050 орындық көрермен залы, автотұрақ аймағы орналасады.
Сонымен қатар, шаһардағы 32 гектар жерге инженерлік-инфрақұрылым жүйесі (кәріз, электр, ауыз су) тартылуда. Атап айтқанда, 4132 метрге су құбыры, 3490 метр жерге кәріз құбыры, 8225 метрге созылған электр желісі тартылуда.
“Арман” тұрғын үй кешенінде 5 қабатты 44 тұрғын үй мен Яссы көшесінде (2,98 гектар) абаттандыру жұмыстары атқарылды.
Қазіргі таңда, бөлім тарапынан 10 нысанға жобалау- сметалық құжаттама әзірленуде. Нәтижесінде орталықтағы 5 мектеп күрделі жөндеуден өткізу көзделуде.