Түркістан қаласындағы №9 Некрасов мектеп-гимназиясының мұғалімі Гавхар Байметова - полиглот ұстаз. Бес тілді еркін меңгерген білікті мұғалім аталған білім ордасында 14 жылдан бері үздіксіз еңек етіп келеді. Бүгінде Гавхар қазақ, өзбек, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде мүдірмей сөйлейді.
Қазақстанда қазір тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асып жатыр.
Тіл туралы бағдарлама 2010 жылға дейін бір қабылданды, 2020 жылға дейін тағы бір қабылданды. Енді 2025-ке дейінгі бағдарлама бар. Үш бағдарлама қабылданды, бірақ нәтиже айтарлықтай ойдағыдай болмады.
Бұл мемлекеттік тілді, қазақ тілін дамыту емес, Қазақстандағы тілдерді дамыту бағдарламасы деп аталады. Осының өзінен-ақ қазақ тіліне қатысты шаралардың бәсең екені көрінеді. Барлық бағдарламаның мақсаты - қазақ тілінің қолданыс өрісін кеңейту. Еліміз өзінің аумағында мемлекеттік шекараны, мемлекеттік қауіпсіздікті барлық пәрменін салып қорғайды. Ал мемлекеттік тілді қорғай алмай отар. Қазақстан аумағында мемлекеттік тіл бұзылса оны қорғайтын құқықтық негіз жоқ болып тұр.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың әр кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырыла бастады. Алайда әлі де қазақ тілінің әлеуетін көтеру бағытында қыруар жұмыстар бар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегіне сүйенсек Қазақстанда жалпы орта білім беру мекемелерінде оқитындар саны – 3 337 783. Оның ішінде қазақ тілінде білім алушылар саны – 1 468 433. Ал орыс тілінде білім алушылар саны – 403 927. Өзбек тілінде оқитындар – 8 333, ұйғыр тілінде білім алушылар – 6 223, өзге тілдерді білім алатындар саны – 1 526.
Сондай-ақ, аралас мектептерде оқитын балалар арасында қазақ тілінде білім алушылар – 724 735, орыс тілінде оқитындар – 644 106, өзбек тілінде оқитындар саны – 76 166, ұйғыр тілінде білім алушылар саны – 9 740, тәжік тілінде білім алушылар – 3 731, ағылшын тілінде білім алушылар – 853, француз тілінде білім алушылар саны – 10. Статистика деректерінен көргеніміздей Қазақстанда қазақ тілінде білім алушы балалар жалпы оқушылардың 72 пайызынан асады.
Сондай-ақ, өткен оқу жылындағы деректерге сүйенсек еліміздегі жоғары оқу орындарында оқитын студенттерінің 65,2 пайызы қазақ тілінде, 30 пайызы орыс тілінде, 4,6 пайызы ағылшын тілінде білім алады.
Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы. Тіл ұлтпен - ұлтты татуластыратын алтын көпір. Тәжірибелі ұстаз Гавхар Байметованың айтуынша, оқушылардың жан-жақты дамуы, заманауи және сапалы білім алуы үшін ағылшын тілін үйренуі маңызды. Оқу бағдарламасына жыл сайын өзгерістер енгізіліп жатқанын әрдайым назарында ұстайтын ұстаз дәрісті жаңаша үйрету дағдысында озық үлгімен оқытып келеді.
- Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тіліңді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз. Тәуелсіз Қазақстанды дамыған өркениетті елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз - бүгінгі білім қуған жастар деп білемін. Өзінің тілін, тарихын жетік білген жастар қайда жүрсе де абырой биігінен көрінері сөзсіз.
Қанша тіл білсек, сонша білімді игереміз.
Сондықтан көп тіл білу де заман талабы, - дейді түркістандық ұстаз.
«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген халқымыз. Ұстазсыз адам болмайды. Бәріміз де кезінде мұғалім тәлімін алып, білімін үйрендік. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалім еңбегін лайықты бағалау өте маңызды міндет», – деген еді Президент.
Білім беру саласында соңғы он жылда біраз нәрсе өзгерді. Оның жақсы жағы да, келеңсіз жағы да бар. Мысалы, тіл мен әдебиетті қосып жіберді. Сауаттылық деген – ең керек дүние. Қазақ тілі мен әдебиетін қайта бөлеміз деген әңгіме айтылып та жатыр. Бірақ әлі іске аса қойған жоқ. Бұдан басқа толып жатқан мәселе бар.
Қазір педагогтердің негізі қызметі оқушылармен тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізу. Оның ішінде 45 минуттық сабақты оқушылармен бірге оқып, талдап қорытынды ойды қалыптастыру маңызды. Себебі әрбір мектеп партасында отырған оқушы болашақ қоғам мүшесі. Азаматтық қоғамды қалыптастыруда олардың өз ойын ашық жеткізіп, пікіріне дәлел келтіре алатын тұлға болып қалыптасуы ұстаздардың міндеті. Өткен оқу жылдарында оқушылар кітаптағы мәліметтерді жатқа айтуымен шектелсе, қазір ол жеткіліксіз. Алған білімін оқушы күнделікті өмірде қалай қолданады, қабылданған шешімге пікірі мен көзқарасы маңызды. Осы тұрғыдан алғанда оқушылардың білімі біршама жоғарлағанын байқауға болады. Ұстаздарға берілетін қосымша көмек жайлы педагог мәртебесі туралы заңда көрсетілген. Олардың қатарында тұрғын жайға, оның ішінде қызметтік тұрғын жай беру мәселесі мен жеке үй салу үшін жер учаскісін беру, жыл сайын еңбек демалысында бір лауазымдық айлық ақы мөлшеріндегі сауықтыруға арналған жәрдемақылар сияқты басқа да көптеген қосымша жәрдемақылар қарастырылған.
Қазіргі қоғам өте тез өзгеруде. Бұрын «50 жылда ел жаңа» деп айтушы еді. Қазір 10-20 жылда ел жаңа деп айтуға келеді. Бұрын әр мұғалім 5 жыл сайын өз біліктілігін арттырудан өтіп келсе, бүгінде 3 жыл сайын мұғалімдер біліктілігін арттыру курстарына барады. Біліктілікті арттыру курсы мемлекет тарапынан тегін ұйымдастырылады. Қазір педагогикалық шеберлік орталығы және өрлеу бұл салада көшбасшылық танытып тұр.