"ЗЕЙІНДІ БАЛА" ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНА 110 ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

"ЗЕЙІНДІ БАЛА" ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНА 110 ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

Түлкібас ауданы, Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылындағы мектеп директорының бастамасымен өткізілген «Талапты ұстаз, талантты шәкірт» жобасының жалғасы ретінде «Зейінді бала» зияткерлік сайысы өткізілді.
Сайыс мақсаты - оқушыларды сыныптан тыс уақытын тиімді пайдалануға үйрету, жан-жақты мәліметтерге қызықтыра отырып, көпшілік ортада өз ойын еркін әрі нақты жеткізуге дағдыландыру, сонымен қатар ойы жүйрік, ұшқыр, шапшаң, табанды оқушыларды анықтау.
4-кезеңнен тұратын «Зейінді бала» зияткерлік сайысы 5-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, 110 оқушыны қамтыды.
Сонымен қатар, бұл жобаның өзіне тән ережелері мен кезеңдері сайыс барысында таныстырылып, қатысушы оқушылар арасынан өзінің шапшандығымен, ерекше білімімен белсенділік танытқан 20 оқушы мектеп директорының арнайы марапатына ие болды.
Алдағы уақытта «Зейінді бала» зияткерлік сайысы осы мектептің 6-9 сынып оқушылары арасында және аудан мектептері арасында ұйымдастырылып өткізілу жоспарлануда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында ғылым елдің бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретін жаңа өндіріс технологияларына бағытталатынын айтты. Осы тұрғыда ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың маңыздылығын атап өткен жөн. Сәтті коммерцияландыру қосылған құнды арттыруға, бизнестің және тұтастай алғанда елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Айта кететін, қазіргі заманғы әлемдік экономикада материалдық құндылықтардан гөрі зияткерлік әлеуетке көбірек назар аударылады. Ұлттың қазіргі заманғы және тиімді білім беру жүйесін қолдау, оқыту арқылы жұмыс күшінің зияткерлік әлеуетін арттыру бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды факторға айналуда.
Қазақстан қазіргі кезде экономиканы дамытудың индустриялық–инновациялық сатысына аяқ басты. Бұл кезең нарықтық шарттар талаптарына ғылым жүйесін қазіргі заманғы экономикалық талаптарға қайта бағдарлануымен сипатталады, сөйтіп, тиісті нормативтік құқықтық базамен реттелетін ғылымды дамытуды құрылымдық, ұйымдастырушылық, кадрлық, инфрақұрылымдық және қаржылық қамтамасыз етуде түбегейлі өзгерістерге алып келуге тиіс.
Ғылыми–техникалық әлеуетті дамыту экономиканың дәстүрлі секторларына тән болып табылмайтын ілеспелі фактор ретінде қарастырылмауға тиіс. Ғылым саласы – бұл да басқа секторлар үшін ортақ барлық ерекшеліктерге, ережелер мен реттеу тетіктеріне ие экономиканың бір секторы.
Әлемнің ең дамыған он елі мен артта қалған жүз елді салыстыратын болсақ, ең бірінші айырмашылық сол елдердегі ғылымның даму деңгейі болып табылады. Егер де бірінші аталған мемлекеттерде ғылымнан, инновациядан түсетін табыс ЖІӨ-нің негізгі бөлігін құраса, дамуы жағынан артта қалған елдерде, ғылым тұрмақ, халықты сауаттандыру мәселесі де дұрыс жолға қойылмаған. Қуанышқа орай, Қазақстандағы халықтың сауаттылғы 100 пайыз деп мақтанышпен айта аламыз. Бұл жақсы нәтиже Қазақстанның КСРО-дан мұра қылған өте керемет дәстүрі. Керек болса, Қазақстандағы білім сапасы АҚШ-тан да, Жапониядан да кем емес деп айтуға болады. Себебі, біздің елдегі оқушы, географияны да, физиканы, математиканы да, химия мен биологияны да жақсы біледі. Алайда, осыған қарамастан жоғарыда аталған елдерде ғылымның даму деңгейі бізге қарағанда жоғары. Міне сол себепті Қазақстандағы ғылымды дамыту саясаты, оны тиімді жүзеге асыру мәселесі өте өзекті болып табылады.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Жолдауда ғылыми қамтымды салалар – электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық жабдықтар жасау, геологиялық барлау саласы бойынша әлемдік нарыққа шығу, автомобиль және авиақұрастыру, тепловоз, жолаушылар және жүк вагондары өндірісі, мобильді, мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, робот техникасы, гендік инженерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеу мен ашу, агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру, «Жасыл» экономикаға көшу, аграрлық-инновациялық кластерлер құру т.б. деп нақты анықталған.
Соңғы жылдары еліміздің білім және ғылым саласында орын алып жатқан жағымды жаңалықтар ұстаздар мен ғалымдардың еңсесін серпілтіп, талайдан бері шешімін таппай жүрген ақтаңдақтардың орнын толтырғандай болды. Мемлекет басшысының пәрменімен ең әуелі педагог мәртебсін көтеру қолға алынды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...