БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН АРТТЫРУДАҒЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН АРТТЫРУДАҒЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

"Арыс қаласының білім бөліміне" қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып мұғалімі Акимова Гүльмира Шамшатдинқызы 2023 жылдың 28 қараша күні "Білім алушылардың оқу сауаттылық дағдыларын арттырудағы әдіс-тәсілдер" тақырыбында мұғалімдермен коучинг өткізді.
Мақсаты: Мұғалімдердің құзыреттілігін жетілдіру, кәсіби пікір, іс-тәжірибе алмасу.
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін арттырудағы кездесетін қиындықтардың шешу жолдарын қарастыруКоучинг барысында мұғалім:
Оқу сауаттылығы бойынша мәтін сұрақтарын талдау жолдарын түсіндірді;
Мұғалімдерге мәтін беріліп,тест жұмыстары жүргізілді;
ББЖМ тапсырмалары бойынша алдымен білім алушылар мән мәтінді мұқият, зер салып және жылдам оқу керектігі айтып түсіндірді;
Коучингте 'Антиципация", 'Суретті мәтін", 'Оңнан солға оқы", ' Шкала" әдістерін қолданды;
Коучинг соңында оқу сауаттылық бағыты бойынша кері байланыс алып, алдағы уақытта оқушыларды ББЖМ- ға дайындықты күшейту керектігі айтылды.
Айта кететін, "Білімді ұлт”сапалы білім беру" ұлттық жобасы ең алдымен мемлекеттің экономикалық әрі әлеуметтік әлеуетін арттыру және дамыту үшін зор маңызды иеленеді. Оның төңірегінде Білім беру сапасын арттыру, оған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу, біліктілікті жыл сайын арттыру сияқты шаралар жүзеге асырылды. Сонымен қатар оқу бағдарламаларын жаңарту әрі жаңғырту, мектептер мен университеттердің техникалық-материалдық базасын дұрыстау, педагогтердің кәсібилігін еселеу, ең бастысы мүмкіндігі шектеулі немесе ерекше балаларға білім беру кезіндегі қолжетімділік, демографиялық мәселелер қарастырылды. Осы тұста аталған жаңалықтарға және өзгерістерге сүйене отырып, мынадай болжам жасауға болады:
- Білім деңгейінің сапасын арттыру;
- Мемлекеттің орныққан әлеуметтіа және экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін соған қабілетті білім жүйесін қалыпқа келтіру;
- Инноаациялар және ғылыми-зерттеуді дамыту үшін жағдай жасау;
- Әлемдік еңбек нарығында білікті әрі табысты, бәсекеге толықтай қабілетті кадрларды даярлау.
2022 жылғы қыркүйектегі ел Президегті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформалар жөніндегі кеңесте және «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз» деген сөзін күллі ұстаздар қауымы мен ата-аналар үлкен қуанышпен қарсы алдық.
Ендігі жерде мемлекеттік бағдарламадан «Сапалы білім. Білімді ұлт» ұлттық жоба бағытымен оқуға көшіп, біртіндеп бір ауысымды мектепте оқуға қол жеткіземіз. Шетелдердердің заманауи мектептерінде білім алып жүрген оқушыларды теледидардан көріп, көзімен көріп келгендерден есітіп, таңдана да, қызғана да қарайтынбыз. Алдағы уақытта біз де, қазақстандық ұстаздар, шәкірттерімізге жан-жақты тәрбие, уақыт талабына сай сапалы білім беруге толық жағдай жасалатын «Жайлы мектепте» мұғалім болу мәртебесін иеленеміз.
Ел келешегінің тұтқасы – ұрпақтарымыздың болашағының қамын ойлап, әлеуеті зор игі шара – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына бағыт берген ел Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлына, ұлттық жобаны жедел жүзеге асыруға кірісіп кеткен Үкімет басшыларына алғысымызды айта отырып, осы жоба елдің барлық аймағына тез арада қолжетімді болса игі деген тілек қосамыз.
Заманауи үлгідегі «Жайлы мектеп», яғни, іші-сырты әдемі мектеп салу мәселенің бірінші жағы болса, табысқа жетудің екінші, негізгі жағы, сол мектепте сабақ беретін ұстаздардың сапалық құрамы болмақ керек. Бұл мектептерде өз мамандығын жетік меңгерген, өз кәсібін өмірімнің мәні деп түсінетін, балаларды жанындай жақсы көретін, уақыт талабына сай интеллектуалдық тұрғыда жан-жақты дамыған, білім беру саласындағы жаңалықтарға жедел ілесіп отыра алатын ұстаздар сабақ беру керек. Сондай-ақ, бұл мектептегі тәрбие және білім беру үдерісін ұйымдастырушылар – басшы кадрлар дұрыс таңдалған болуы шарт. Сонда ғана, «Жайлы мектеп» арқылы орта білім беру сапасын арттырып, жастарымызға ұлтық құндылықтарымыз бағытында тиянақты тәрбие беріп, қала мен ауыл оқушылары арасындағы білім алшақтығын болдырмауға қол жеткіземіз. Сонда ғана, ел Президентінен бастап, Үкіметіміз жедел қолға алып, бүкіл қазақ елі үміт күтіп отырған «Жайлы мектептен» жаңғырған да Әділетті Қазақстанның болашағы – еңбекқор, терең білімді, өнегелі жастар тәрбеленіп шығуларына қол жеткіземіз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...