БІЗДІҢ ПЕДАГОГ - ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

БІЗДІҢ ПЕДАГОГ - ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушылары арасындағы өткен облыстық "Әскери патриоттық жетекші - 2023" түркістандық педагог, Р.Исетов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Аятулла Халтаев үшін сәтті болды! Байқау барысында өзінің нағыз кәсіби маман екендігін дәлелдеген әріптесіміз үздік атанып, байқаудың І орынын жеңіп алды!
Осылайша Республикалық кезеңге жолдама алған Аятулла әріптесімізге сәттілік тілей отырып, өңірдің намысын абыроймен қорғауына тілектеспіз.
Айта кететін, педагогикалық жетістіктер мен инновациялар мемлекет пен қоғам тарапынан қолдау мен мойындалады. Қазақстанда байқаулар мен марапаттаулар өткізіледі, онда өз жұмысында жоғары нәтижелер мен жетістіктер көрсеткен мұғалімдер марапатталып, мадақталады. Бұл мұғалімнің мәртебесін көтеруге көмектеседі және оларды одан әрі кәсіби шыңдауға ынталандырады.
Білім беру саясатын әзірлеуге қатысуда педагогтардың да пікірінің салмағы өсті. Педагогтар білім беру саясатын әзірлеу және білім беруге байланысты шешімдер қабылдау процесіне қатысады. Білім беру бағдарламаларын, әдістері мен стандарттарын әзірлеу және енгізу кезінде олардың пікірлері мен тәжірибесі ескеріледі. Бұл ұстаздарға өздерінің маңыздылығын және елдегі білімнің дамуына ықпалын сезінуге мүмкіндік береді.
Беделді және қоғамдық мойындауды арттыру бойынша да көптеген шаралар қабылданды. Үкімет пен қоғам жалпы білім беру қызметкерлерінің беделін арттыруға және олардың қоғамдағы еңбегін мойындауға ұмтылады. Олар білімнің маңыздылығын және болашақ ұрпақты қалыптастырудағы мұғалімдердің рөлін белсенді түрде насихаттайды. Мұғалімдер өз ойларын ортаға салып, білім саласын дамытуға үлес қоса алатын диалогтар мен қоғамдық талқылаулар ашық.
Мұғалім мәртебесін көтеру – Қазақстандағы білім беруді дамытудың маңызды аспектісі. Мемлекет пен қоғам педагогтардың қоғамның болашағын қалыптастырудағы басты рөлін мойындап, олардың әл-ауқатын, кәсіби дамуын және еңбегін мойындауын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда.
Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, тарихтың да, ұлттың да, мәдениеттің де, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Үнемі бала көзінде болу әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Оған нақты, дәлелді, сенімді, көркем, жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арт­тыру саясатын тікелей жүзеге асыру­шы. Ол – мемлекетімізді құрмет­теу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі. Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, жүріс-тұрыс мәдениетімен де, мектепте және мектептен тыс қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесі болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ерлік - мәңгі ұмытылмайды» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық экономикалық...