"БОЗАРЫҚ" ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫНДА 27,1 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 8 ЖОБА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

"БОЗАРЫҚ" ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫНДА 27,1 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 8 ЖОБА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласында орналасқан әлеуеті зор индустриялық аймақтардың бірі - "Бозарық" Индустриялы аймағы.
«БОЗАРЫҚ» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағының жалпы аумағы 132 га құрайды. Аймақта жалпы құны 27,1 млрд теңгені құрайтын 8 жоба орналастырылды.
Бүгінде аталған аймақтың инженерлік-инфрақұрылым желілерінің құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталды. Инженерлік-инфрақұрылым желілерінің жалпы құны – 12,6 млрд теңге. Іске асыру мерзімі – 2024 жылдың IV тоқсаны. Тапсырыс беруші – Шымкент қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы.
Индустриялық аймақты сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жүргізуге бюджеттен 4,7 млрд теңге қаражат бөлінді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары (мердігер мекеме «Агидель-АС» ЖШС) 85%-ға орындалды. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың мамыр айында аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар, электр және газ жүйелерінің құрылысын жүргізуге бюджеттен 5,2 млрд теңге қаражат бөлініп (мердігер мекеме «Электромонтаж» ЖШС), құрылыс жұмыстары аяқталды.
Одан бөлек, құны 2,2 млрд теңгені құрайтын автомобиль жолдарының құрылысы (мердігер мекеме «Отау Строй» ЖШС) жүруде. Бюджеттен бөлінген қаржы 500 млн теңге. Құрылыс жұмыстары 75%-ға орындалды. Аяқтау мерзімі 2024 жылдың маусым айына жоспарланған.
Қазіргі уақытта «Бозарық» индустриялық аймағында арка мен қоршауларға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобаның сараптамалық қорытындысы 2024 жылдың мамыр айында алынғаннан кейін, құрылыс жұмыстары басталатын болады.
Сондай-ақ, жер қатынастары басқармасы тарапынан аталған аймақтың 21 га жер учаскесін мемлекет мұқтажына қайтару қажет.

Сондай-ақ, «БОЗАРЫҚ» индустриялық аймағының маңында 215,9 га құрайтын жылыжай жобаларын іске асыру мақсатында индустриялық аймақты кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Әкімдік тарапынан тұжырымдама жобасы әзірленіп, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жолданды. Қазіргі таңда министрлік тарапынан индустриялық аймақты кеңейту жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келісу жұмыстары жүргізілуде.

Жоба келісілгеннен кейін әкімдік қаулысы қабылданып, жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары жүргізіледі. Әрі қарай, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан инфрақұрылым жүйелерінің жобасын әзірлеу қажет.

Аталған аймақта жалпы құны 300 млрд теңгені құрайтын түркиялық «ALARKO HOLDING» компаниясының заманауи жылыжай құрылысы әлеуетті жобасы іске асырылатын болады. Қазіргі таңда жобаның қаржылық моделі, бизнес-жоспар, жұмыс жобасы әзірленуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ