ШЫМКЕНТТЕ 2,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ТЕМІР ЖОЛ ТҰЙЫҒЫНЫҢ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ 2,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ТЕМІР ЖОЛ ТҰЙЫҒЫНЫҢ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

Бүгінде Шымкент қаласында орналасқан сауда-логистикалық орталығын 136 га кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін жүргізу бойынша техникалық экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жалпы инженерлік инфрақұрылым құны 8,9 млрд теңгені құрайды. Бүгінде электр, су, кәріз жүйелері бойынша мердігер мекеме анықталды. Жалпы құны  4,1 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, газбен жабдықтау (0,8 млрд теңге) және темір жол тұйығының (2,2 млрд теңге) жобасы әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың қарауына ағымдағы жылдың наурыз айында жолданатын болады. Автомобиль жолдарының жобасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны 1,8 млрд теңге. Инфрақұрылым құрылысына республикалық бюджеттен қаражат сұрау мақсатында бюджеттік өтінім ұсынылуда. Ағымдағы жылдың 21 ақпанында сауда-логистикалық орталығын республикалық маңызы бар мәртебесін беру мақсатында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан сараптама кеңесі өткізілді. Мүдделі мемлекеттік органдармен келісу жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ