ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАҒЫ ИГІ ІСТЕР

ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАҒЫ ИГІ ІСТЕР

Шымкенттегі «ОҢТҮСТІК» арнайы экономикалық аймағын 175 га және «ЖҰЛДЫЗ» индустриялық аймағын 155 га кеңейтуге қажетті 330 га жер учаскесін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 288 га жер учаскесі қайтарылып, қалған 42 га бойынша бағалау, сот үрдістері жүруде. Жер учаскелері толығымен қайтарылғаннан кейін қажетті инженерлік инфрақұрылым жобасы әзірленетін болады.
Сонымен қатар, Шымкент қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан қуаттылығы 100 МВт құрайтын «Жұлдыз» қосалқы станциясының жобасы әзірленуде. Шамамен жоба құны 15-18 млрд теңге құрайды. Іске қосу мерзімі 2026-2027 жылдар. Жоба сәтті іске асқан жағдайда сол аумақтағы индустриялық аймақтар толығымен электр қуаттылығымен қамтамасыз етілетін болады.

Cондай-ақ, металлургия саласындағы жобалар іске асырылатын аумағы 1 076 га құрайтын қаланың оңтүстік-батыс бағытында жаңа индустриялық аймағын құру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда индустриялық аймақ тұжырымдамасы әзірленіп, қала әкімдігінің қаулысы қабылданды. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан аталған аумақта жобаларға қажетті инженерлік-инфрақұрылымға қосылу нүктеклерін анықтап, жобалау жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен қатар, жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстарын жүргізу қажет.

Қала аумағындағы құм-тас, шағал тастар, ағаш және темір бұйымдарын сату орындарын қаланың сырт аумақтарына көшіру бойынша «Құрылыс материалдары» индустриялық аймағы құрылды. Жалпы аумағы 173,8 га құрайды. Бүгінде «Бозарық» шағынауданындағы 5,3 га және 2,5 га аумақтарда орындары белгіленіп, ішкі орналасу сызбалары мен кіру/шығу жолдары төселінді. Ағымдағы жылдың 1 наурызында пилоттық режимде іске қосылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ