ШЫМКЕНТТЕГІ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?

ШЫМКЕНТТЕГІ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?

Шымкент қаласында 2024 жылдың 1 сәуірдегі жағдайы бойынша 129,7 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді (заңды тұлғалар – 21,1 мың бірлік, жеке тұлғалар – 101,8 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 6,8 мың бірлік), өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 7%-ға өсім көрсетті.
2023 жылы шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 233,4 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,5%-ға өскен.
Өндірілген өнім көлемі бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша 2,67 трлн. теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 36,1%-ға артқан. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 49,2%-ға жетті.

Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2024 жылға 21,05 млрд. тг. қаржы бөлінген. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 18,65 млрд. тг., жергілікті бюджеттен – 2,4 млрд. теңге.
«Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес, кәсіпкерлікті қолдауға 2024 жылы 20,85 млрд. тг. (республикалық бюджеттен – 18,65 млрд. тг., жергілікті бюджеттен – 2,2 млрд. теңге) бөлінген.
2024 жылдың 1 сәуіріне 6,5 млрд. теңгеге 2 256 жобаға (оның ішінде 150 жаңа жоба) қолдау көрсетілді. Оның ішінде:
- банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 6,4 млрд. теңгеге 2234 жобаға; (128 жаңа жоба)
- банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіру бойынша 136,7 млн. теңгеге 22 жобаға.
2022-2024 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 2024 жылға міндеттемелерді өтеуге бюджеттен 174,3 млн. теңге бөлінген.
2024 жылғдың 1 сәуіріне 183 жобаға 17,9 млн. тг. субсидия,
19 жобаға 24,6 млн. тг. өндірістік алаңдарының жалдау ақысы өтелді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...