ШЫМКЕНТТЕ БӨЛШЕК САУДА КӨЛЕМІ 191,6 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ БӨЛШЕК САУДА КӨЛЕМІ 191,6 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

2024 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша қаланың бөлшек сауда көлемі 191,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,9% құрады.

Аталған көрсеткішке жаңадан ашылатын сауда ойын-сауық орталықтарының құрылысы («Otau Mart», «Shymkent Mall», «Мариям», «Азат», «Мұрат»), жаңа автокөлік салондарының құрылысы («Toyota Center», «Тамерлан Моторс», «Avto logistics Prodist», «Auto logistics Product»), жаңа сауда нүктелері («GraMad» гипермаркеті) және базарларды модернизациялау жүргізу есебінен қол жеткізіледі.
Көтерме сауданың көлемі 2 512,0 млрд теңгені құрады немесе 110,6% құрады.
Жалпы сауда көлемі 4 442,1 млрд теңгені немесе 109,8% пайызды құрады.

Қала аумағында бүгінгі таңда 19 базар жұмыс істейді, оның ішінде әмбебап – 7, мамандандырылған – 12.
ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 10-бабының 2-3-тармағы базарларды құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді және модернизациялауды талап етеді.
Талаптарға сәйкес қала аумағында 19 базар модернизациялауға жатады.
Қала аумағында орналасқан 15 базардың модернизациялау жұмыстары аяқталған.
Бүгінгі таңда, 7 базар бойынша («Авто Нұр», «Қырғы базар», «Алаш», «Самал», «Жаңа шахар» - аяқталу мерзімдері 2024 жылдың 4 тоқсаны, «Жабық базар» – аяқталу мерзімі 2025 қараша айы, «Назым апа» - аяқталу мерзімі 2025 жылғы 4 тоқсан) модернизациялау жұмыстары жүргізілуде.

Шымкентте ретсіз саудамен де қарқынды күресуде. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі) 204-бабына сәйкес, белгіленгеннен тыс орындарда сауда жасау – ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қаладағы ретсіз сауда ошақтарында ретсіз сауданы жою мақсатында қала аумағындағы басты көшелерде белгіленбеген орындарда сауда жасаушы тұлғаларға ретсіз сауда қатарын реттеу бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде.

Жыл басынан қала аумағында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі) 204-бабына сәйкес, 2024 жылдың 3 тоқсанында 1 380 хаттама толтырылды, оның ішінде 1 240 ескерту, 2 503 905 теңге айыппұл, өндірілгені 1 553 215 млн теңге.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ